Бұл жолғы «газ кикілжіңі» Украина үкіметі елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қарсы әскери операция жүргізіп жатқан тұсқа дөп келді.
САЯСАТ БАСЫМ
Көпшіліктің болжамына қарағанда, бүлікшілерді Мәскеу қолдап отыр. Ресей мен Украина арасы бұрын-соңды мұнша нашарлап көрмеген еді. Тіпті екі тарап дипломатиялық қатынастарын үзуге шақ тұр.
«Бұл жолы мәселе Украинаның мемлекет болып қалуы, оның тұтастығы туралы болып отыр. Бұрынғы дағдарыстар кезінде ондай шетін мәселелер қозғалмайтын, дау-дамай тек газ төңірегінде ғана өрбитін» дейді Ұлыбританияның Chatham House ғылыми-зерттеу орталығының энергетика жөніндегі сарапшысы Джон Митчелл.
Шынында да бұл жолы энергетика мен саясат мәселелері өзара астасып жатыр. Халық көтерілісінің екпінімен Украинаның ресейшіл президенті Виктор Янукович биліктен кетті. Мұнан соң Ресей газ бағасын 80 пайызға қымбаттатып жіберді. Дау осыдан ушықты.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюктің сөзінше, Ресейдің бұл шешімі - газға қатысты шешім емес, «Украинаны жойып жіберу жоспарының бір бөлігі».
Қырымды қосып алып, Украинаның шығысына интервенция жасағаны үшін Ресейге санкция салып, Киевті жақтаған Еуропа Одағы (ЕО) екі ел арасындағы газға байланысты келіссөздерге араағайын болып отыр.
«ЕО-ның газ мәселесінде Украинаны қаншалық қорғайтыны бұл одақтың бұдан ауқымдырақ мәселелерде Киевті қорғауға қаншалық құлықты екеніне байланысты болмақ» дейді Митчелл.
РЕСЕЙ ТАРТЫНШАҚТАП ОТЫР
Көрші елмен арадағы бұрынғы газ дауларымен салыстырғанда Мәскеу бұл жолы сақ отыр. Газ мәселесінде қатаң бағытынан таймағанымен, бұрынғыдай өрескел мәлімдемелер жасап, шектен шығып жатқан жоқ.
Мәселен, 2006 жылғы газ дағдарысы «Газпромның» беделін біраз төмендеткен. Сол жолы тараптар Ресейді «газ мәселесін саяси қару ретінде пайдаланып отыр» деп айыптаған.
2009 жылы екінші дау басталғанда «Газпром» Батыстан пиар-кеңесші жалдап, имиджін сақтауға тырысып баққан.
Сарапшылардың айтуынша, Ресей еуропалықтардың алдында сенімді әріптес болып көрінгісі келеді, сондықтан газ импорттаушы елмен қарым-қатынасын бұзудан сақтанады.
Митчелдің айтуынша, «Ресей мұны Еуропадағы мәселе емес, Украинадағы мәселе деп қарастыруға тырысып, аса сақтықпен қимылдап отыр». Мәскеу бұл дауды тек қана коммерциялық мәселе етіп көрсеткісі келеді.
Маусымның 16-сы күні «Газпром» басшысы Миллер Украина үкіметінің басшысы Яценюкті «кикілжіңді «газ соғысы» етіп көрсетуге тырысып отыр» деп айыптады.
РЕСЕЙ СТРАТЕГИЯСЫ ЖЕМІСІН БЕРДІ
Газ мәселесі бойынша келіссөздерге елші болған еурокомиссар Гюнтер Эттингер маусымның 16-сы күні «Мәскеу газды саяси қару ретінде ЕО-ға қарсы пайдаланып отырған жоқ» деді.
«Өткен жылдардағы дауларда Ресей де, ЕО да ымыраға зорға келетін. Бұл жолы газдың жеткізілмей қалуы мүмкін екенін түсінгенде ЕО мен «Газпром» арасында байланыс орнатуға көп мүмкіндік жасалды. Коммуникация бұрынғыдан әлдеқайда жақсы» дейді Джордж Митчелл.
Сатып алатын газының 15 пайызы Украина арқылы өтетін ЕО алдыңғы екі тартыс кезінде газдан таршылық көріп, қиналып қалған.
Бұл жолы ЕО ондай төтенше жағдайлардан жақсы сақтанған. ЕО-дағы газ қоймаларының 65 пайызы толып тұр, бұл – бұрын болмаған рекордтық көрсеткіш.
Дау жазда жүріп жатқандықтан, газ жөнелту ісінде кідіріс болған күннің өзінде бұл Еуропаға көп зарарын тигізе қоймайды. Ал 2006 және 2009 жылдардағы дау қыстыгүні болған еді.
Тағы бір үлкен ерекшелік - 2009 жылғы дағдарыстан бері газ жеткізу келісім-шарттарына едәуір өзгерістер енгізілген. Қазір «Газпром» отынды бұрынғыдай Ресей-Украина шекарасына дейін емес, Украина-ЕО шекарасына дейін жеткізуге міндетті.
Осыдан бес жыл бұрынғымен салыстырғанда қазір Украина ЕО-дағы тұтынушыларға жіберілген Ресей газын орта жолдан тоқтатуға құлықты бола қоймайды.
«Еуропаның соңғы айларда Киевке көрсетіп жатқан зор саяси қолдауын ескерсек, Украина ЕО-ға «ағып жатқан» газдың жолын бітей қоймас» дейді Митчелл.
Оның үстіне, инфрақұрылым да кеңейген - Украинаның газ құбырлары бұрынғыға қарағанда бұл жолы азырақ рөл атқарады.
Егер Украина Еуропаға жөнелтілетін газды кідірте бастаса, «Газпром» алдын ала жасалған жоспар бойынша Балтық теңізінің астымен Германияға тартылған «Солтүстік ағыс» құбырымен кететін газды көбейтеді. Ресей «Солтүстік ағыс» құбырын 2011 жылы салып бітірген.
Қара теңіздің табанымен ЕО мүшесі Болгарияға тартылатын, ұзындығы 2 мың 400 шақырым болатын «Оңтүстік ағыс» құбырының құрылысы осы айдың басында тоқтап қалды. Оған себеп – Болгария бұл жобаға қатысуды уақытша доғарып отыр.
УКРАИНАНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ДА ЖАҚСЫ
Украинаның «Нафтогаз» энергетикалық компаниясы «қоймада желтоқсан айына дейін жететін газ бар» деп мәлімдеді.
ЕО-ға жақындай түсуінің арқасында Украина Ресейдің «шүмекті жабуынан» көп қинала қоймайтын жағдайға жетті. Германияның екінші ірі жеткізуші компаниясы - RWE AG сәуір айынан бері Украинаға Польшадан газ жеткізуді жолға қойған. Газды кері айдау әдісімен Словакия мен Венгрия да Украинаның шығысына дейінгі аймаққа газ жеткізе алады.
Маусымның 17-сі күні газ мәселесі бойынша келіссөздерге елші болған еурокомиссар Гюнтер Эттингердің баспасөз хатшысы Сабине Бергер: "Күзден бастап Украина Венгрия мен Польшадан газ сатып алады. Бұған қоса Украинаға Словакия да газ бере алады" деді.
(Азаттық тілшісі Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей).