Сібірдің солтүстік-батысындағы Новый Уренгой қаласына кіру үшін енді арнайы рұқсат керек. Жергілікті билік мигранттар мен қылмыскерлерге тосқауыл қоямыз дейді. Бұл қадамды сынаушылар да көп.
Новый Уренгойды жабық қалаға айналдырған билік өкілдері көбейіп кеткен мигранттарды азайтып, қылмыстың өсуін тежеуді, есірткіні заңсыз тасымалдау мен "радикалдық мұсылмандарға" тосқауыл қоюды көздегендерін айтады.
Новый Уренгой қаласы әкімінің орынбасары Геннадий Сердюк Азаттық радиосына берген сұхбатында:
- Біз қалаға шақырусыз, рұқсатсыз келетін адамдарға тосқауыл қойғымыз келеді. Бұнда келген азаматтардың іссапарға келгенін немесе жұмыс істеуге рұқсаты бар екенін дәлелдейтін анықтамасы болуға тиіс. Стратегиялық тұрғыдан маңызды аймаққа рұқсатсыз келуге болмайды, - дейді.
Өткен аптада енгізілген жаңа ережеге сәйкес Новый Уренгойға келген әр азамат жергілікті компанияның немесе қалада тұратын отбасы мүшесінің шақырғанын растайтын рұқсат қағаз алуы керек.
Бұл құжат Ресей тұрғындары үшін төрт аптаның ішінде, ал шетелдіктер үшін сегіз аптада дайын болады.
«ӘСІРЕ ДІНШІЛДЕР ҚАЛАНЫ ЖАУЛАП АЛДЫ»
Жақында Новый Уренгой қаласының әкімдігі жариялаған деректер бойынша, 2011 жылы қаладағы қылмыс 64 пайызға артса, жыл басынан бері мигранттардың саны 19 пайызға өскен.
Сердюктің айтуынша, 1970 жылдары салынған Уренгой газ қоры бойынша әлемде екінші орын алады. Мигранттар үшін Мәскеу мен Санкт-Петербургтен кейінгі үшінші орында тұрған тартымды қала.
Ал мигранттар қаланың инфрақұрылымына ауыр салмақ салған. Жергілікті шенеуніктер аймақта "әсіре исламшылдардың саны артып бара жатқанын" айтады. Ішкі істер министрлігінің жергілікті қызметкері қатаң шараның арқасында «Хизб-ут Тахрир» мен «Имарат Кавказ» сияқты Ресейде террористік деп танылған топтардың ықпалына тосқауыл қойылады деп санайды.
Қалада 17 жылдан бері тұрып келе жатқан мүфти Хайдар Хафизовтің айтуынша, «биліктің қаупі бекер емес».
- Барар жері жоқ мигранттардың біразы вокзалдан тікелей мешітке келеді. Үш күн бізді паналайды. Жақынырақ танысамыз, егер радикалдық көзқарасы байқалса, ақылға шақырамыз. Олар осы жаққа келіп әсіре діншілдікке ұрынбайды. Радикалдық бағытты ұстанушылардың көбі - Татарстан, Башқұртстан және Кавказдан келгендер, - дейді ол.
«ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚ МӘРТЕБЕСІ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?»
Ресейде рұқсатсыз кіруге тыйым салынған «жабық» қаланың екі түрі бар: стратегиялық маңызы бар әскери немесе ядролық нысандар орналасқан қала және шекараға жақын тұрған шаһар. Новый Уренгойда әскери, ядролық нысандар жоқ. Бірақ жергілікті шенеуніктер 100 мың тұрғыны бар қаланы «шекаралық аймақ» деп жариялады.
Мұндай шешім көпшілікке оғаш көрінді. Поляр шеңберінде жатқан қала шекарадан мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан. Мәскеудегі тәуелсіз әлеуметтік саясат институтының аймақтық бағдарлама директоры Наталья Зубаревич бұл жайында:
- Олар шекаралық аймақ дегенді алға тартты. Бірақ шекара қызметінің өкілдері бұл жерге келгенде не тындырады? Олар істейтін не жұмыс бар мұнда? - дейді.
Жаңа шектеулер Новый Уренгойдың маңындағы шекара бекеттерінде орындалып жатыр. Рұқсат қағазынсыз жүрген саяхатшылар кері қайтарылады. Ал пойызбен келе жатқандары қалаға 70 шақырым жетпей көліктен түсіріледі.
Ресейдегі кенге бай қалалардың ішінде келушілерге шектеу қойылған солтүстік қала Новый Уренгой ғана емес.
Никель өндіретін қала - Норильск пен оған көршілес орналасқан басқа қалаларға да 2000 жылдары рұқсатпен кіру жүйесі енгізілген. Бірақ ол негізінен шетелдік азаматтарға қатысты болатын.
«МИГРАЦИЯ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІҢ РАДИКАЛДЫҚ ЖОЛЫ»
Новый Уренгойдағы жаңа тәртіпті сынаушылар «бұл - миграция мәселесін шешудің радикалдық жолы» дейді. Шешімді федералдық билік қабылдағанымен, сынаушылар ««жабық қала» мәртебесін беру ұсынысы жергілікті билік тарапынан туындады» деп санайды. Наталья Зубаревич есімді тұрғын:
- Олар Орталық Азиядан келетін мигранттарға тосқауыл қоя алмады. Жергілікті тұрғындар кавказдық мигранттардың саудамен айналысып, жасырын есірткі сататынын айтады. Бұл халықтың үрейінен туған, жергілікті билікке төменнен жеткен ұсыныстың негізінде жасалған шешім, - дейді.
Ал мамандар Новый Уренгойдан шыққан Сергей Собяниннің 2010 жылы Мәскеу мэрі болып сайлануы қаланың арнайы мәртебеге ие болуына ықпал етті деп ойлайды.
Жергілікті тұрғындардың ішінде жаңа тәртіпке наразылары да кездеседі. Олар Рождество мерекесін басқа қаладағы туыстарымен тойлауға кедергі көбейді деген шағымдарын айтты.
Саяси сарапшы Николай Петров «биліктің бұл шешімі дұрыс» деп санайды.
- Қалада зор қаржы айналымы бар. Ол қылмыс пен есірткі саудасының дамуына түрткі болды. Бұндай қалалар сырттан келушілерге шектеу қойғанды жөн көреді. Жергілікті билік пен полиция мұндай ұсынысты қолдай кетуге әзір. Өйткені өз жұмыстары жеңілдейді, - дейді ол.
(Мақаланы ағылшын тілінен аударған - Динара Мәзен).