Accessibility links

Ресейде әділ сайлауға шақырған акциялар өтті


Оппозиция белсенділері әділ сайлау талап еткен ұрандар көтеріп тұр. Владивосток, 4 ақпан 2012 жыл.
Оппозиция белсенділері әділ сайлау талап еткен ұрандар көтеріп тұр. Владивосток, 4 ақпан 2012 жыл.

Бүгін Ресейдің көптеген қалаларында "Әділ сайлау үшін!" деген ортақ ұранмен наразылық акциялары болып өтті. Путинді қолдайтын митингтер де өткізілді. Мәскеудің Болотный алаңындағы митинг нәтижесінде оппозиция қарар қабылдады.

Мәскеудегі «Әділ сайлау үшін!» митингісінің нәтижесінде Ресей билігіне талап қойған қарар қабылданды.

Азаттық радиосы орыс редакциясының тілшісі қарарда парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп тану, «Яблоко» партиясының негізін қалаушы Григорий Явлинскийді президенттік сайлауға кендидат ретінде тіркеу, саяси тұтқындарды босату сияқты талаптар бар деп хабарлады.

Ұйымдастырушылардың деректері бойынша акцияға 120 мыңдай адам қатысқан. Ал ІІМ наразылық акциясына жиналғандар 36 мыңдай болады дейді.


Марш несогласных продвигается к Болотной площади
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:44 0:00
Жүктеп алу

Сахаров даңғылындағы әділ сайлауларға шақырған акцияға 150-дей адам қатысқан.

Таңертеңгісін Мәскеу қаласының полициясы шерушілер саны 14 мыңнан асты деп хабарлаған еді.

Парламент сайлауының қорытындысымен келіспейтіндер жүріп өтетін Үлкен Якиманка көшесінде көліктер қозғалысы тоқтатылған.

Поклонная гора жотасындағы үкіметті қолдайтындардың митингісіне, ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда, 120 мың адам жиналған. Бұдан бұрын бюджеттік мекеме қызметкерлерін митингіге қатысуға мәжбүрлеп жатыр деген ақпараттар түскен болатын.

Пушкин алаңында ЛДПР партиясының мың адам қатысқан акция өтті.


Марш несогласных вышел на Болотную площадь
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:21 0:00
Жүктеп алу


АЙМАҚТАРДАҒЫ АКЦИЯЛАР

Азаттық радиосы орыс редакциясы тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша,
Иркутскіде оппозиция акциясына 300-500-дей адам қатысқан.

Олардың қолдарында «Біз таңдаусыз сайлауға қарсымыз!», «Медведев пен Путин отставкаға кетсін»! деген сияқты ұрандар жазылған плакаттар болған.

Новосибирскідегі наразылық акциясына 2 мыңдай адам жиналса, Владивостокта ұйымдастыраушылардың айтуынша, 250-дей кісі болған.


Марш несогласных на Калужской площади в Москве
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00
Жүктеп алу

Шерушілер «Билік миллиардерлерге емес, миллиондарға берілсін!», «Қайтадан әділ сайлау өткізілсін!» деген ұрандар ұстап шықты.

Осыған ұқсас жүздеген адам қатысқан наразылық акциялары бүгін Ресейдің Барнаул, Абакан қалаларында, Якутск, Оңтүстік Сахалин, Хабаровск аймақтарында өтті.

Ал Благовещенскіде Владимир Путинді қолдап, 4 мыңдай адам шеруге шықса, Челябинскіде - 2 мыңдай адам, Кемеровода 1 мыңдай кісі билікті қолдаған акцияға қатысқан.
Красноярскідегі төрт митингтің біреуін Путинннің қолдаушылары өткізген.


БИЛІКТІҢ МИТИНГІСІНДЕ ДЕ МЫҢДАҒАН АДАМ


Акция в поддержку Путина
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00
Жүктеп алу


Ресей премьер министрі Владимир Путин Поклонный жотасындағы жақтастарының жиынына «әкімшілік ресурстардың» қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармағанымен, көпшіліктің митингке өз еріктерімен келгеніне күмәнданбайтынын айтқан.

ІІМ-ның мәліметтеріне қарағанда, Путинді қолдаушылардың жиынына 134 мыңдай кісі келген, ал Мәскеу мэрі Сергей Собянин митингке жобаланған 15 мыңнынң орнына, 190 мың адам қатысты дейді.

Путин журналистер алдында митингке қатысушылардың мәлімделгеннен бірнеше есе көбейіп кеткені үшін акцияны ұйымдастырушылармен бірге айыппұл төлеуге дайын екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG