Санкт-Петербургте тұратын Саша лесби (гомосексуал әйел – ред.) екенін білген кезде Ресейдегі өмірі қиын болатынын түсінген. Бірақ жас әйел баламнан айырыламын деп ойламаған. Ресейде әзірленіп жатқан жаңа заң жобасы бала тәрбиелеп отырған 2 миллион ресейлік гомосексуалды ата-аналық құқығынан айырмақ.
«БАЛА ПСИХИКАСЫНА АУЫР СОҚҚЫ»
- Мен қорқамын. Отбасымыздың тас-талқаны шыға ма деп қорқамын, - дейді Саша.
«Дәстүрлі емес сексуалдық қатынастарды насихаттауға» тыйым салатын даулы заңнан кейін іле-шала әзірленген жаңа заң жобасы ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер - ред.) өкілдеріне бала өсіруге тыйым салады. Егер ол заң қабылданса, гомосексуализм есірткіге тәуелділік пен балаларға қатыгездік көрсету әрекетімен теңестіріледі.
Заң жобасының авторы, депутат Алексей Журавлевтің ұсыныс хатында «Ата-анасы өз жынысындағы адаммен сексуалдық қатынас жасаса, баланың психикасына орны толмас зақым келеді» дейді.
Заң жобасы мемлекеттік думаға осы айдың басында жіберілді, алдағы апталарда бірінші оқылымнан өтеді. Құқық қорғаушылар «бұл заң адамның негізгі құқығын бұзатынын» ескертті.
Владимир Путин гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойғаннан бері Ресейде жыныстық азшылық өкілдерін ұрып-соғу, зорлау оқиғалары көбейді. Бұл елде ЛГБТ өкілдері қазір үреймен өмір сүреді.
- Бұл заңдар адамдарға қатты әсер етіп, жауластырып жіберді. Адамдар бір-біріне өшігіп алған, - дейді Саша.
Саша аты-жөнін толық атаудан бас тартты. Оның Марина атты жұбы бар. Екеуі «гомосексуализмді насихаттауға тыйым салу» туралы заң Санкт-Петербург қаласында күшіне енгелі сақтанып жүреді. Саша мен Марина бірге тұрады. Екеуі Маринаның 3 жасар ұлын бағып отыр. Көршілері мен әріптестеріне «әпкелі-сіңлілі адамдармыз» дейді.
«ДУМАДАҒЫ ГЕЙ ДЕПУТТАР ТІЗІМІН ЖАСАЙМЫН»
Сашаға жаңа заң ауыр соққы болғалы тұр.
- Ешқашан ешкімге Марина сияқты менің де балам бар екенін айта алмаймын. Мектепте де, дәрігерге барғанда да айтпаймын. Бірақ бұл шындық қой. Бұл елде қанша тұрсақ та ешкімге, тіпті «ұлыма» да кім екенімді айтпаймын. Осы ережені бұзбауға тырысып келемін, - дейді ол.
Совет Одағы құлаған соң Ресейде гомосексуализм қылмыс болып саналмайтын заң қабылданды. Бірақ елде әлі күнге дейін гейлер мен лесбилерге деген өшпенділік жойылмаған.
Толып жатқан бастамалар, соның ішінде, гомосексуалдардың донор болуына тыйым салу «гомосексуализм - қылмыс немесе емдеуді қажет ететін сырқат» деген сенімді күшейтті. Гейлер мен лесбилер «бала туудың азаюы мен ВИЧ/СПИД індетінің көбеюіне бізді бекер айыптайды» дейді.
Гомосексуалдарды ата-аналық құқығынан айыруға қарсы шыққан гейлер құқығын қорғаушы журналист Елена Костюченко «мемлекеттік думадағы жасырын гомосексуалдар тізімін жасаймын» деп мәлімдеді. Ол заң жобасына қарсы дауыс бермеген «гей депутаттардың» аты-жөндерін жарияламақ.
Ол «Біртұтас Ресей» әзірлеген басқа да заң жобалары сияқты бұл құжатты да думаның мақұлдайтынын айтады. Оның айтуынша, «Ресейдегі гомосексуал ата-аналар басқа елдерге кетіп жатыр».
- Заң жобасы туралы ақпарат тараған соң олардың бәрі елден кетіп, шекара аспағандары Ресейдің басқа қалаларына көшіп жатыр. Мен көптеген отбасыларды білемін, әсіресе лесби ата-аналар балаларынан көзі тірісінде айырылмайды. Олар тіпті қару сатып алған. Егер біреу балаларын тартып алуға келсе, қорғануға дайын, - дейді Костюченко.
Саша мен Марина «әзірге Ресейден кетпейміз» дейді. Өзінің пиар-агенттігін ашып жатқан Саша туған елінен, жұмыс орнынан, отбасынан алыстағысы келмейтінін айтты. Бірақ ұлдарына қауіп төнсе, олар да көшуге дайын.
- Егер тереземізге жұмыртқа мен шөлмек лақтырып жатса, онда кетуге тура келеді. Ондай оқиға кез-келген сәтте болуы мүмкін. Шынымды айтсам, үмітім азайып барады. Көңіл-күйім салыңқы боп жүрмін, - дейді ол.
Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.