Accessibility links

Ресей де журналистерді "жоқтай алады"


Ресей сыртқы істер министрлігі Twitter-індегі сурет.
Ресей сыртқы істер министрлігі Twitter-індегі сурет.

Батыс елдері Мәскеуді «баспасөз еркіндігін шектеді» деп жиі сынап келген еді. Ресей Украинадағы журналистерін "жоқтай қалу" науқаны кезінде Батыстың принциптерін қымсынбай қолданды.

Кремльді жақтайтын LifeNews ақпарат құралында жұмыс істейтін ресейлік екі журналист Олег Сидякин мен Марат Сайченко 18 мамырда Украинада тұтқындалған еді. Содан бері Twitter әлеуметтік желісінде #SaveOurGuys деген жаңа хэш-тег пайда болды.

Бұл тақырып аясында хабарлама жазғандар журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және оларды дереу босатуды талап етіп жатыр.

Осы ілмекпен мыңдаған хабарлама таратылған. Тіпті кейбіреулер Twitter арқылы осы шараға үн қосып, өз үндеулерін бүкіл экранға шығарып қойды.

Бұл онлайн шараны Ресейдің сыртқы істер министрлігі де...

...RT сияқты ақпарат құралдары да қолдап отыр.

Өткен айда ғана әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйгілі тұлғалар, журналистер және қарапайым адамдар ислам экстремистерінің тұтқынына түскен нигериялық оқушы қыздарды босатуды талап етіп, дүниежүзі бойынша үлкен науқан ұйымдастырған еді. Бұл шара #BringBackOurGirls деген ілмек аясында жүргізілген. Науқанға тіпті АҚШ президентінің жұбайы Мишель Обама қатысқан.

Бұдан біраз уақыт бұрын «Әл-Жазира» телеарнасының Египетте ұсталған тілшілерін босату жөнінде де дәл осындай науқан жүрген. #FreeAJStaff деген ілмек қойылған бұл шара Twitter және Facebook әлеуметтік желілерінде қолдауға ие болған.

Ақпарат құралдарына қысым жасағаны үшін көп сыналатын Ресей басшылығы бұл жолы сөз бостандығын қорғайтын тарапқа айналды. Ресейдің биліктегі «Единая Россия» партиясының атынан сайланған депутаттары Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясын «Украинада сөз бостандығын қорғау үшін үн қосуға» шақырды.

«ИТАР-ТАСС» агенттігіне берген сұхбатында ресейлік депутат Алексей Митрофанов «журналистер кез-келген жағдайда жұмыс істей алуы және заңмен қорғалуы керек» деді.

Бұл оқиғаға байланысты Украина дағдырысын бақылап жүргенде осылайша тұтқындалған Батыс журналистері де пікір білдірді.

Украина басшылығының айтуынша, LifeNews тілшілері елдің шығысында тек ақпарат жинаумен айналыспаған, олар портативті зениттік құралдар алып бара жатқан жерінен тұтқындалған.

АҚШ мемлекеттік департаменті «кез-келген жағдайда журналистерді заңсыз тұтқындаудың» дұрыс еместігін айтқанымен, Украина басшылығының уәжіне тоқтала келе, «бұл адамдар шынымен журналист пе деген күмәнді ойлар туғызады» деп мәлімдеді.

Азаттық тілшісі Фарангиз Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.
XS
SM
MD
LG