Ресейдің оппозициялық белсендісі Алексей Навальный Сочиде өтетін олимпиада ойындарына қатысты коррупция фактілеріне мониторинг жүргізіп отыратын Sochi.fbk.info деп аталатын сайт ашты.
Жаңа сайтта жарияланған мәліметтерге қарағанда, олимпиадаға арнап салынған кемінде 10 нысанға өз құнынан екі есе көп қаржы жұмсалды деп көрсетілген. Бұған қоса құрылыс жұмыстарын жүргізудегі келісім-шарттарда мүдделер қайшылығы туындап, онда Кремльмен байланысы бар олигархтар мен компаниялар жеңіп отырған.
Таяуда ғана Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі ойындарға дайындық кезінде коррупция болғаны туралы таралған ақпаратты жоққа шығарып, "шығындар құнын артық есептеп жіберген" деп жауапкершілікті инвесторларға артқан еді.
2012 жылы келтірілген аудиторлық есепте олимпиаданың түрлі нысандарын салуда 500 миллион АҚШ долларына тең артық шығын жұмсалғаны айтылады.
Сочи олимпиадасы тарихтағы ең қымбатқа түскен олимпиада болуы мүмкін. Ресей билігінің деректеріне қарағанда, олимпиадаға 51 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсалған.
Олимпиаданың жақсы жақтарымен қоса, жағымсыз тұстары да көп. Халықаралық жарысқа дайындық кейбір Сочи тұрғындарының өмірін астаң-кестең етті. Бірінің үйі құласа, енді бірі қаланы шаң-қоқыс басқанына наразы. "Сочидегі қысқы ойындардың экологиялық зардабын ешқандай ақшамен қалпына келтіру мүмкін емес" дейді белсенділер.
Соңғы жылдары мыңдаған жұмысшы ақша табудан үміттеніп, олимпиадаға қызу дайындық жүріп жатқан Сочиге ағылды. Бірақ бір күндік жалған фирмалар спорттық нысандар құрылысын пайдаланып, жұмысшыларды қанап жатқаны да жиі сөз болады.