Олимпиада алауын 2013 жылы қазан айында алғаш рет Кремльден алып шықты. Алып шыққан бетте алау сөніп қалған еді. Оны ұстап шыққан жүзуден әлем чемпионы, ардагер совет спортшысы Шаварш Карапетян сасқалақтап қалса да, тоқтамай жүгіре берді. Мұны байқаған Ресей қауіпсіздік қызметінің өкілі оттығымен алау тұтқасын қайта тұтатып жіберді.
Грек мифологиясындағы Күн құдайы – Зевстен ұрланған от деп саналатын олимпиада алауы Сочиге жеткенше 65 мың шақырым жол жүріп, көптеген салтанатты шараларға түрткі болды. Қайғылы оқиғалар болмай қалған жоқ. Қара теңіз жағасына жеткенше бірнеше мәрте сөніп те қалды. Олимпиада алауы сапарының есте қаларлық оқиғаларын шолып көрсек.
19 қазан – тарихта алғаш рет олимпиада алауы Солтүстік полюске жетті.
7 қараша – Ресейдің «Союз» ғарыш кемесінің бортына салынған алау Халықаралық ғарыш станциясына жеткізілді. Ресейдің екі космонавты ғарыш кеңістігіне алып шыққан алау тұтқасы қауіпсіздік үшін тұтатылмады.
19 қараша – Қиыр Шығыстағы Благовещенск қаласында Ресейдің мұзды суда жүзу командасы олимпиада алауын Амур өзенінен өткізді.
28 қараша – Сібірдегі Абакан қаласында олимпиада алауын алып бара жатқан Ресейдің бобслей командасының мүшесі Петр Макарчукті от шарпыды. Көрермендер тұтанып кеткен олимпиада киіміндегі отты өшірген соң спортшы эстафетаны әрі қарай жалғастырды.
15 желтоқсан – Қорған қаласында 73 жастағы грек-рим күресінің жаттықтырушысы, спорт мектебінің директоры Вадим Горбенко олимпиада алауымен жүгіріп өткен соң көп ұзамай жүрек талмасынан қайтыс болды. Жүгіріп келе сала ол өзін «керемет сезініп тұрғанын» айтып, сұхбат берген.
18 қаңтар – Воронеж қаласында құқық қорғау органдары жыныстық азшылық символы саналатын кемпірқосақ түстес туды көтерген гомосексуал Павел Лебедевті қамауға алды. Associated Press агенттігіне берген сұхбатында ол «Қысқы ойындарды Ресейде өткізу төзімділікті ту ететін олимпиаданың басты қағидаларына қайшы келеді» деген пікір айтты. 2013 жылдың маусым айында Ресейде жыныстық азшылықты «насихаттауға» тыйым салатын заң қабылданған. Лебедевтің осы заң аясында жазаланған-жазаланбағаны белгісіз.
28 қаңтар – Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Грозныйда салтанаты келіскен «алау мерекесін» өткізді. Адам құқықтарын бұзып отыр деп жиі сыналатын Қадыров Instagram әлеуметтік желісі арқылы осы шарадан фото және бейнематериалдарды көп жариялады. Бір бейнеклипте ол «Жасасын Ресей! Жасасын Путин! Жасасын олимпиада!» деп ұрандатып, артынан үш мәрте «Аллаһу акбар!» деп айғайлайды.
5 ақпан – олимпиада алауының Сочидің алдындағы соңғы аялдамасы – Краснодар қаласында әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасында "қаланың барлық гетеросексуалдары бірігіңдер!" деген науқан жүрді. "Біз де ән айтамыз" аталған бұл шара кезінде қала халқы стадионға жиналып, Ресей гимнін шырқады. Бұл науқан Швециядағы гомосексуалдар мен лесбилердің кемпірқосақ түсті жалауды іліп қойып, Ресейдің әнұранын айтқан видеоматериалына наразылық білдіру мақсатында ұйымдастырылды.
(Глен Кейтстің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)