Accessibility links

"Қырымға оралудың жолын бәрібір табамын"


Ахтем Чийгоздің абақтыдан шыққаннан кейін Киевте түскен суреті. 27 қазан 2017 жыл.
Ахтем Чийгоздің абақтыдан шыққаннан кейін Киевте түскен суреті. 27 қазан 2017 жыл.

Қырым татарлары Межлисі төрағасының орынбасары Ахтем Чийгоз өзінің абақтыда өткізген күндері мен Қырымды Украинаға қайтару жолындағы күресі жайлы әңгімелеп берді.

Қырым татарлары Межлисі төрағасының орынбасары Ахтем Чийгоз үш жылдай Симферопольдегі тергеу абақтысында отырды. 2014 жылы ақпанның 26-сы күні Қырым Жоғарғы радасы (парламенті - ред.) ғимараты алдында өткен Украинаның территориялық тұтастығын қолдау митингісіне қатысқаны үшін Ресей билігі оны сегіз жылға бас еркіндігінен айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім еткен. Ахтем Чийгоз бен әріптесі Ильми Умеров екеуін 2017 жылы қазанның 25-і босатқан (ресми емес дерек бойынша, екеуін Киевке беру туралы Түркия прзиденті Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин келісім жасасқан).

"Крым.Реалии" сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Ахтем Чийгоз өзінің абақтыда өткізген күндері мен Қырымды Украинаға қайтару жолындағы күресі жайлы әңгімелеп берді (видеосұхбат - орыс тілінде):

‒ 2015 жылы қамағанға дейін сізбен келісім жүргізді ме? Олар кімдер еді? Сізге қандай ұсыныстар жасады?

‒ Келіссөздер болды. Ресей президенті әкімшілігінен президенттің бұрынғы өкілі Белавенцев те (Олег Белавенцев. - Азаттық), ФСБ бастығы Палагин де (ФСБ-ның Қырымдағы басқармасы басшысы Виктор Палагин. - Азаттық), Аксенов те (Қырым басшысы Сергей Аксенов. - Азаттық) келген.

‒ Олармен сөйлестіңіз бе?

Ақша, қызмет ұсынды. Баяғы қарабайыр тәсілдері ғой, өйткені ондай ұсыныстарға сатылып кеткен адамдар болған. Бағасына келіссең, кімді болсын сатып алуға болады деген ой.

‒ Әлбетте. Мен біреумен кездесуден қорықпаймын. Ең бастысы - өзіңнің ғана емес, өзің атынан сөйлеген жандардың да позициясын анық көрсету. Мен Қырым татарлары Межлисі төрағасының орынбасарымын. Түрмеде де осы мәртебемен отырдым. Сондықтан мен Чийгоз Ахтем емес, халықтың атынан сөйледім.

‒ Олар нақты қандай ұсыныстар жасады? Ұсыныстарын сізге жасады ма, әлде Межлиске жасады ма?

‒ Ақша, қызмет ұсынды. Баяғы қарабайыр тәсілдері ғой, өйткені ондай ұсыныстарға сатылып кеткен адамдар болған. Бағасына келіссең, кімді болсын сатып алуға болады деген ой. Мен олармен бұл туралы тіпті талқылағаным жоқ.

Ахтем Чийгоз.
Ахтем Чийгоз.

‒ Олар сізді ұстап әкеткенде, "26 ақпан" ісі басталған кезде де сізбен келісуге тырысты ма?

‒ Ұстаған кезде мені ұрлап әкетіп барады деп ойладым. Кафеде кофе ішіп отырғанмын. Айырым белгісі жоқ форма мен бетперде киген бес-алты жігіт баса-көктеп кіріп келді. Мені бірден терезелері қараңғыланған шағын автобусқа апарды. Өзімнің абыржығанымды көрсетпес үшін ішімнен бір дұға оқыдым. 30-40 минуттай жүрді. Басыма қап кигізіп қойғандықтан, әрине, ештеңе көрмедім. Сосын жертөлеге апарды. Бұрынғы Украина қауіпсіздік қызметі ғимаратына әкелгендерін сол кезде түсініп, мұны ойыма түйіп қойдым. Әлгі кафеден ғимаратқа дейін 50 метр жер екенін білемін ғой. Оларға мені өлтірмеңдер, тиіспеңдер деген жарлық берген сияқты.

Маған ақпанның 26-сы күні болған оқиғалар үшін ұсталғанымды айтты... негізі, мен олай болады деп мүлде ойлағаным жоқ. Тіпті тергеушіге "Мұның үстіне тағы не жамайсыңдар" дедім. Алғашқы алты айда мені тергеуге де шақырмай, жайыма қалдырды, өйткені жанталасып тағы қосатын бірдеңе іздеді.

‒ Жақындарыңызбен, анаңызбен кездесіп тұруға рұқсат етті ме?

‒ Әйелімді шамамен төрт айдан кейін көрдім. Ал анам мен әкемді сегіз айдан кейін көрдім, екеуі маған "ойларың түбіңе жетеді" деді. Әкем "Ойларыңды таразыла, бізді ойлама. Біз сенің мұнда не үшін отырғаныңды білеміз, сондықтан бұдан абыроймен өтуге тиіссің" деді. Екеуін содан кейін көргенім жоқ.

Ахтем Чийгоздің анасы Алиә дұға оқып тұр. 12 ақпан 2017 жыл.
Ахтем Чийгоздің анасы Алиә дұға оқып тұр. 12 ақпан 2017 жыл.

Тергеу абақтысында кездесудің өзі азаптаудың бір түрі ғой, бұл әсіресе көптен бері аяқтары ауыратын анама қатты батты. Ол кісінің қатты ауырып жүргенін маған айтпапты. Кейде екеуміз сөйлескенде "аяқтарым ауырады" дейтін де қоятын. Анамды көретін шығармын деп ойлаған едім. Жасы келіп қартайып тұрған кісі емес. Бірақ қайтыс болғанын қарындастарым, әйелім жасыра алмады. Ауырғанына бір жыл болған екен. Бірақ соттан шешемді көруге мүмкіндік беруді ертерек талап ете бастаған едім. Сот үш рет бас тартты, алайда бір күні үзіліс кезінде басыма қап кигізіп, шешеме алып барды. Сөйтіп ол кісіні қайтыс болар алдында көріп, әйтеуір қоштасып қалдым. Бірнеше күннен кейін қайтыс болды.

‒Анаңызды жерлеуге не үшін жібермей қойды деп ойлайсыз?

‒ Бұл - мына биліктің болмысы. Оларға ізгілік, адами құндылықтар деген түсініктер жат нәрсе ғой. Бірақ ең бастысы, менің перзенттік парызымды халқым абыроймен орындады. Қысымға қарамастан шешемді жерлеуге мыңдаған адам жиналды. "Біз өз анамызды жерлеуге келдік" деген адамдар көп болыпты.

ВИДЕО: Ахтем Чийгоздің анасының қазасы (видео - орыс тілінде)

Крым: близкие о смерти матери Ахтема Чийгоза (видео)
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

‒ Сіз түрмеден босап шығуыңызды "арнайы операция" деп атайсыз. Әлдебір жайттардың жай-жапсарын естіген де боларсыз? Мұның сәті қалай түсті?

‒ Әні-міне бәрі шешіледі деп айтып жүрді. Бірақ үнемі әлдебір шарттар қоятын. Мен әлбетте оларына келіспедім. Бұл жолы да дәл сол сияқты шарттармен келді, мен ештеңеге қол қоймаймын дедім. Олар "Сізді босатамыз" деді. Мен "босатыңдар" дедім. Маған Ердоған мен Путиннің арасында әлдебір келіссөз жүрді деп түсіндіруге тырысты. Түсінсеңіз, ол жақта отырғанда мұндай оймен өмір сүріп, есікке телміріп күтуге болмайды – бұлай етсең ақылыңнан адасуға болады. Бұл жерде өз-өзіңмен келісімге келуің керек. Әйелімді де "сегіз жыл өтеді де кетеді, ғұмыр бақи отырмаймын ғой" деп жұбатқанмын.

Яғни сіз мойынсынып, кесетін мерзімді толық өтеуге әзір болдыңыз ба?

‒ Мойынсынғаным жоқ. Ол сыртқа шығарып, мал сияқты жайып келетін әлдебір мақұлыққа айналу деген сөз...

‒ Онда сұрағамды өзгертіп қояйын – сіз бәріне әзір болдыңыз ба?

Осы жолмен жүруге тиіспін деп сабырмен ойладым.

‒ Иә, осы жолмен жүруге тиіспін деп сабырмен ойладым.

2014 жылды еске түсірейікші. Түбекті басып алған алғашқы апталарда Қырым татарлары Межлисі бірнеше адамды Ресейдің Қырымдағы атқарушы билігіне жіберіп, сіз атағандай, оккупанттың билігімен келіссөз жүргізді. Бұл қателік пе еді, әлде осылай істеу қажет болды ма?

ВИДЕО: Ахтем Чийгоздің Межлис туралы сұхбаты (видео - орыс тілінде)

‒ Оккупация жасалды. Киевтегілердің бәрі дағдарып, не істерін білмей қалды, ант берген әскерлер, олардың командирлері, амал нешік, негізгі нысандардан айырылып қалды. Украина территориясына, яғни Қырымға пароммен ғана кіруге болатын. Мыңдаған әскери техника қаптап, ал адалдық сақтауға ант беріп, Украинаның нан-суын ішіп-жегендер сатылып кетті. Сондықтан Киевтен біреу қоңырау соғып, жарлық беруі тиіс еді деген сөздердің бәрі сандырақ. Мұның бәрі өздерінің қорқақтығын ақтау үшін айтылған баланың былдыры сияқты сөздер. Бірінші оқ әуеге, екіншісі ескертуді елемеген адамға атылуы тиіс деп жарғыда айқын жазылған.

Ол кезде біз қайтсек Қырымды Украина құрамында қалдырамыз деп жанталасып, жол іздедік.

Ол кезде біз қайтсек Қырымды Украина құрамында қалдырамыз деп жанталасып, жол іздедік. Құрылтай неге өтті деп ойлайсыз? Өйткені біз жалғыз қалдық. Бізге әлдебір амал іздеу, қарсы тұру керек болды.

‒ Құрылтай Ресейдің Қырымдағы билігіне Межлис өкілдерін (Ленура Ислямова, Заура Смирнова) жіберуі тиіс пе еді? Бұдан өзге амал болмады ма?

‒ Ең бірінші міндет отбасы, бала-шағаны сақтап қалу болды. Әскері, арнайы бөлімшелері сияқты мүмкіндіктері бар мемлекеттің өзі Қырымда мүлде дәрменсіз болып қалды. Бұл белгісіздік жайлаған уақыт болатын. Бірақ Украинаның тұтастығына қатысты "бұл - оккупация" деген принциптерімізден тайған жоқпыз. Бұл мәселелер жағынан шүбәміз болған жоқ.

Бұған қателік деп баға беруге болмайды. Бұған сол кездегі, яғни біз ғана емес, Украина да тығырыққа тірелген жағдайлар тұрғысынан баға беру керек. Егер біз дәйектілікпен қимылдамағанда, қазір Қырым кімге тиесілі деген мәселе мүлде қозғалмас та еді.

‒ Яғни қазір де дәл солай әрекет етер едіңіз?

Біз халықты сақтап қалу үшін, қауіпсіздікті ойлап сол кездегі шамамызға, мүмкіндігімізге қарай тырыстық, бірақ сатқындық та болды.

‒ Егер мен ұялатындай бірдеңе істесем, үш жыл түрмеде отырмас едім, әрі өзімді бұлай ұстамас едім. Біз халықты сақтап қалу үшін, қауіпсіздікті ойлап сол кездегі шамамызға, мүмкіндігімізге қарай тырыстық, бірақ сатқындық та болды. Бәлкім бізді кешіре алмай, әлі күнге дейін қысым көрсетіп жатқаны да сондықтан болар. Өйткені егер біз олардың дегеніне көніп, бейіл танытсақ, қазір халықаралық институттардың күн тәртібінде Қырым мәселесі тұрмас еді деп ойлаймын.

ВИДЕО: Ахтем Чийгоздің Қырымға оралу туралы ойлары (видео - орыс тілінде)

Межлисте сол кезеңде басталуы мүмкін болған жіктелу бар ма?

‒ Межлис жарғысында бәрі анық жазылған ұйым, ол батальон немесе армия штабы, әскерилендірілген топ немесе партия емес. Бұл - сайланбалы орган. Кейде адамдар өзін қандай жағдайда қалай ұстайтынын білмейсің, өйткені кейінгі 25 жылда жағдай қызу әрі қарқынды болғанымен, орнықты өрбіді ғой. Өзім табанды санап жүрген адамдардың кейбірі мына жағдай кезінде жасықтық танытып, мүлде құнын түсіріп алды.

Жұрт алдына шығып "Ресей төлқұжатын алмаймыз" деп жариялай салу оңай. Ал ары қарай не болады?

Мәселе жіктелуде емес, бұл органның жұмысын жалғастыру мүмкіндігін табуда. Бұл әбден таразылап алып шешім қабылдайтын, не болатынын күн ілгері білетін жағдай емес. Жұрт алдына шығып "Ресей төлқұжатын алмаймыз" деп жариялай салу оңай. Ал ары қарай не болады? Бізді бұл мәселенің қатты мазалаған соншалық, нақты шешім қабылдамау керек екенін түсіндік, өйткені пікірлер екіге жарылды.

Мен төлқұжат алғаным жоқ. Жеке адам ретінде бұл әркімнің өз еркіндегі нәрсе. Бірақ халыққа "Төлқұжат алмаңдар" десем, ары қарай не істеуді де айтуым керек.

Ахтем Чийгоз.
Ахтем Чийгоз.

Біздің мақсатымыз Межлисті ұлттық орган ретінде сақтап қалып, негізгі мәселелер бойынша алға жылжу болды. Бұл қолымыздан келді ме? Мұны оккупанттардың әрекетіне қарап бағалап көрелікші. Оларға, мысалы, әлдебір республикалық органдарды өздерінің жағына шығару үшін үгіттеудің керегі болмады. Өйткені үгіттейтін ешкім қалмады. Ал Межлис ше? Бірнеше жексұрын сатқыннан өңгесі сатылған жоқ қой.

‒ Аннексияға дейін сізді "Хизб ут-Тахрир" ислам партиясына қарсы бітіспес күрес жүргізді деп айтатын. "Хизб ут-Тахрир" ұйымы мүшелері деген айыппен Қырым мұсылмандарын жаппай тұтқындағаннан кейін оларға деген көзқарасыңыз өзгерді ме?

‒ "Бітіспес күрескер" деген сөз - Украина қауіпсіздік қызметінің Қырымға қатысты сараптамасында болған тағы бір миф. Мен бұған әрдайым былай қарадым - ұлттық қозғалыс, отан үшін күресу дегеннің не екенін әлі ұқпаған бір топ жігіттер бар. Бір кездері қатал шешімдер қабылдап, аяусыз әрекет еттім. Бірақ бұл ымырасыздық емес, жұмыс бабындағы жайттар. Олардың белсенділігі бізден гөрі басқаша, бірақ олар да отандастарым.

‒ Қазір сіз Киевтесіз, еркіндіктесіз, бірақ сізді Қырымда жақындарыңыз күтіп отыр. Ол жақта жақындарыңыздан кімдер бар, олар сізді тез арада көреміз деп үміттене ме?

‒ Аллаға шүкір, менімен араласудан, немерелерімді ертіп, әйеліммен бірге жоғарғы сот алдына пикетке шығуға қорықпаған балаларды тәрбиелеппін. Менің балаларым - Қырым татарлары. Сондықтан олар қазір сонда тұрып жатыр.

Балаларыңыз не дейді? Қырымға келіңіз дей ме әлде Киевте қалыңыз дей ме?

‒Оралудың мүмкіндігін бәрібір табатынымды олар біледі. Қыздарым үйлі-баранды, жиендерім бар, ал олардың әлдебір қауіптен сескеніп менің артымнан Киевке кетулеріне болмайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Киевте Чийгоз бен Умеровті күтіп алды (фотогалерея - орыс тілінде)

Кейде түсімде үйімді көремін. Әлгі үйді өзім салып, айналасына ағаш еккенмін... Сондықтан үйіме ораламын. Әлгі ағаштарымда өскен шабдалыны да жейтін боламын, ауламда да еркін жүретін боламын, мені ешкім қорқыта алмайды. Тіпті түрмеде отырғанның өзінде "Сендерге менен гөрі қиын ғой. Темір тордың ар жағында отырсам да мына жердің ауасы өзімдікі. Туған жердің ауасы" деп қалжыңдайтынмын. Отаныңнан жырақта жүріп отаныңды қайтару әлдеқайда қиын. Бой тасалағым келмейді, халқымның ол жақтағы бүкіл қиындық, ауыртпалығын бірге көтеруім керек. Мен халқыммен бірге боламын. Өйтпесем бұл өмір емес.

("Крым.Реалии" тілшісі Катерина Коваленко​ әзірлеген мақала орыс тілінен аударылды).

XS
SM
MD
LG