Америкалық саясаттанушы Ричард Лурье оқырманға Сталин мен Сахаровтың өмірбаяндары туралы кітаптарымен танылған.
Moscow Times-қа ақпанның 11-і күні шыққан оның мақаласы «Американың Мәскеудегі елшілігінің аумағында 1809 жылы АҚШ-тан Ресейге аттанған жас, жігерлі әрі болашақтан үміті мол алғашқы елші Джон Куинси Адамстың ескерткіші тұр» деп басталады.
«АРАНДАТУҒА ЕРМЕУ КЕРЕК»
«Бұл мүсін Америка мен Ресей қарым-қатынастарының екі ғасырдан астам тарихы бар екенін білдіреді. Осы уақыт ішінде екі ел арасында татулық та, түсінбестік те болды. Қазіргідей қарым-қатынастың тұйыққа тірелген сәттерін де еске алып қойған артық емес. АҚШ бірнеше қателік жіберді, ол қателіктер Ресей президенті Владимир Путиннің антиамерикалық қарсы бағдарлама жасауына жол ашты» дейді автор.
Автордың пікірінше, «Американың Ресейге қатысты жаңа үш түйткілді саясатын атап өтуге болады».
«№1 түйткіл – үзіліс жасайтын кез туды. АҚШ моральдық тұрғыда жоғары деңгейге көтеріліп, арандату әрекеттеріне жауап бермеуі тиіс. 2013 жылы қыркүйекте Санкт-Петербургте өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитінде де АҚШ осы қағиданы ұстануы тиіс. Ондай жағдайда Путин мен Обаманың арақатынасы жаңа белеске көтерілуі мүмкін» дейді Лурье.
«ДИКТАТОРЛАРДЫҢ ЕЛЕСІ КРЕМЛЬДІ ТОРУЫЛДАЙДЫ»
«№ 2 түйткіл - көңіл-күйді бұзса да, орта жолда тастап кетуге болмайтын әрекеттерге қатысты, олардың бастысы - Сирия мен Иран» деп жазады автор.
Автордың ойынша, «Ресей Сирияға қатысты ұстанымын әлі де тықпалайтын болады, бірақ оның нәтижелі болуы екіталай. Батыстың күшімен биліктен тайдырылған сербиялық Слободан Милошевичтен бастап, ливиялық Муаммар Каддафиге дейінгі диктаторлардың елесі Кремльді торуылдап жүр. Бұл әсіресе қазір, Путин «АҚШ-тың мемлекеттік құрылымдары, үкіметтік емес ұйымдары мен қолына қару ұстаған тыңшылары Ресейді аңдып, әлсіретуге тырысып отыр» деп шын көңілмен сеніп жүрген кезеңде аса маңызды».
Moscow Times –тың жазуынша, «Ресей Иранға қатты қызықпайды, себебі Батыс жетекшілерінің ешбірі Аятолланы тағынан тайдырайық деп ұран тастаған жоқ. Оның үстіне Мәскеу «С-300» зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін Иранға сатуды тоқтату үшін жеткілікті дәрежеде несие алған жоқ. Ол жүйе Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауды өте қауіпті етері анық, ал ондай шабуыл Израиль үшін тіпті мүмкін емес қадамға айналды. Бірақ, сауданы тоқтатқан соң, Кремль 800 миллион АҚШ доллары көлемінде шығын шекті. Қазір Иран Ресейді Женевадағы Халықаралық аралық сотқа беріп, келісім шартты орындамады деп шағымданып жатыр».
«2014 жылы Ауғанстандағы АҚШ әскерін шығаратын сәт жақындаған сайын НАТО-ның Ресейдегі Ульяновск әуе базасын қолдануы және Ресейдің теміржол желісі мен әуе кеңістігінің маңызы артып келеді» деп жалғастырады Лурье.
Автордың дерегі бойынша, «Бұған көп ақша салынғаны белгілі: НАТО Ресей әуе жүктерін тасымалдау компаниясына 1 миллиард АҚШ долларын төлесе, солтүстік желісі бойынша бір контейнерді тасымалдау құны 17 мың 500 АҚШ доллары болады».
Америкалық саясаттанушының болжамы бойынша, осы тектес әскери байланыстардың бұзылуы екі ел арасындағы дағдарысқа алып келуі мүмкін. «АҚШ-тың Shuttle (Шаттл) ғарыш бағдарламасы аяқталған соң, ғарыш станциясына көтерілу үшін Вашингтон Мәскеуге тәуелді болады. Сапар құны жақында 56 миллион АҚШ долларынан 63 миллионға дейін өсті» деп жазады басылым.
ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘСІРЕ ДІНШІЛДЕР БАСҚАРУЫ МҮМКІН БЕ?
Ресейдің жаңа саясатындағы №3 түйткіл ретінде автор Қытай мен Арктика мәселесін атайды.
«Бұл ұзақ ойлануды қажет етеді. АҚШ-тың Қытайға қатысты саясаты қазір бір арнаға түскен сияқты. Бірақ бір сәтте бәрі өзгеріп кетуі де мүмкін. Мысалы Орталық Азиядағы екі қуатты күш – Өзбекстан мен Қазақстанды қартая бастаған адамдар басқарып отыр. Олардың нақты мұрагері немесе ізбасары жоқ. Егер олар дүние салса, еңбекке жарамсыз болып қалса немесе биліктен тайдырылса, саяси жүйеде вакуум пайда болады, сол сәтте радикалды исламшылдар билікті тартып алуы немесе сайланып кетуі мүмкін. Егер бұл елдерде тұрақсыздық бұзылса, астаң-кестең жағдай Қытайдың батыс шекарасына әсер етуі мүмкін, солайша Қытайдың құрлықтан алатын шикізат пен энергия тасымалына қауіп төнеді. Сол кезде Пекин теңіз жолына тәуелді болып, оны барынша қорғауға тырысады. Қытай Ресейдің көмегінсіз Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтай алмайды. Қытай басшылары Мәскеу сол уақытта өз ықпалын арттыруға тырысады деп ойлайды» деп жазады автор.
АРКТИКАҒА ТАЛАС
Автордың дерегі бойынша, «2007 жылы Ресей Арктикадағы су астына 4200 метр тереңдікке мини-суб (сүңгуір құрылғы – ред.) түсіріп, теңіз түбіне титан жалау орнатты». Бұдан Лурье «бұдан Ресейдің Арктикаға қаншалықты мән беретіні байқалды» дейді.
Мақалада «Содан бері «Роснефть» ExxonMobil-мен тығыз қарым-қатынас орнатып, аймақты бұрғылауға кірісті. Кремльдің баяндауынша, Арктика 2020 жылы өмірлік маңызы бар аймаққа айналмақ. Орыстар Арктикаға арнап «Рыцарь» деп аталатын жаяу әскер көлігін жасап жатыр. Бұған дейін Ресейдің мұзжарғыш кемесі 18 дана болса, Американың мұзжарғышы біреу ғана еді» деген мәліметтер берілген.
Автор «Болашақта Арктика шиеленіс ошағы, экологиялық апат аймағы немесе табысты өлке – осы үшеуінің біріне айналуы мүмкін. Қалай болғанда да, Арктика үшін АҚШ дипломатиялық, экономикалық, әскери бәсекелестерімен тіл табысуға тырысады» деп жазады.
Лурье мақаласын «Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы I Александр патша мен Джонс Куинси Адамстың сағаттап сөйлескеніндей дәрежеге енді жете қоймас» деп түйіндейді.
«Мәскеу елшілігіндегі ескерткіш АҚШ-Ресей қарым-қатынастарының ұзақ тарихын және әлі де көптеген мүмкіндіктердің бар екенін көрсетеді. Айтпақшы, жас, жігерлі әрі нағыз америкалыққа тән келбеті бар Адамстың ескерткішін орыс мүсіншісі Александр Бурганов сомдаған» дейді автор мақала соңында.