Анна Крикун сарғайып кеткен көне құжатты әрең оқиды. Онда жас қызды сталиндік лагерлердің бірі - ГУЛАГ-қа каторгаға жөнелту туралы үкім жазылған.
ҚИЫРДА ҚАЛҒАН КЕЙУАНА
Тоқсандағы қарт әйелдің көзі нашарлағанымен, барлық оқиғаны кеше ғана болғандай есінде сақтаған.
Ол тіпті тергеушінің атын да ұмытпаған. Оған «Совет үкіметіне қарсы үгіт жүргізді, отанын сатты» деген айыптар тағылған екен. Тергеуші осы айыптарды «мойындағанша» Анна Крикунды бірнеше күн қатарынан ұйықтатпай қинаған. Түрмеде оны «конвейер тәсілі» деп атайды.
Крикунды 1946 жылы сталиндік террордың қызып тұрған шағында Воркутадағы еңбек лагеріне жіберген. Бұл лагерь-қаланы саяси тұтқындар 1931-1957 жылдары тақыр мұздың үстіне салған.
Қала әлі күнге дейін адам баласы төзбейтін өлім абақтысының символы сияқты. Сталин қарсыластарын және жала жабылған жазықсыз адамдарды табиғи ресурстарға бай болғанымен, адам өміріне өте қолайсыз солтүстік қиырға жер аударып отырған. Крикун содан бері осы бір көңілсіз қалада қалып қойған.
1957 жылы босатылған Анна Крикун анасымен қауышқан екен. Бірақ Севастопольдағы туған ауылына қайта алмаған. Олардың қара шаңырағы екінші дүниежүзілік соғыста күл-талқан болған. Үй-жайлары болғанын растайтын бүкіл құжат жоғалып, анасынан басқа туыстары да, достары да аман қалмаған.
Көшіп кетуге ақшасы болмаған, өзге қалаларда таныстары да жоқ Анна Крикун Воркутада қалып қойған. Қазір әбден қартайғандықтан далаға жиі шыға алмайды. Шағын пәтерінде мысығымен бірге тұрып жатқан Анна Крикун өткен күндерін есіне алып, елеусіз өмір сүріп жатыр.
- Мен неге кетуім керек? Мен мұнда тым болмағанда бір нәрсе бола қалса, не істеу керек екенін жақсы білем. Әбден қартайып, ешкімге керегі жоқ адамға айналғанда басқа қалаға көшсем жағдайым не болады? – дейді ол.
ГУЛАГ қазір жоқ. Бірақ бұл қалада Совет үкіметінің репрессиялық саясатының куәсі болған Крикун сияқты талай адамның көзі тірі. Жарты ғасыр өтсе де бұл жерден көшіп кетудің амалын таппаған адамдар үшін Воркута түрмеге айналған. Адамдардың көбі көшіп кетуге қаржы таппай, көмір өндірісі құлдыраған қиырдағы қалаға қамалып отыр. Анна Крикун «Сталин өлгелі 60 жыл өтті, бірақ азабын әлі тартып отырмыз» дейді.
«БІЗДІ КӨШІРУГЕ БІР ҒАСЫР КЕТЕДІ»
Қалаға өз еркімен көшіп келген тұрғындар да бар. Мәселен, Владимир Жарук бұл қалаға 1979 жылы 17 жасында Украинадан жас геолог маман ретінде жұмысқа келген.
Ертерек зейнетке шығып, жоғары жалақы алу үшін ол суық өлкенің қатал климатына төзген. Қалаға 44 жыл бұрын келген Жарук енді көшіп кетудің қиын екенін түсінеді. Ол өзі жайлы «тұтқынға» түскен мыңдаған адамдардың бірімін» дейді.
1990 жылы геологиялық барлау және қазба жұмыстары тұйыққа тірелген соң оның қызметі де тоқтаған. Жарук күн көру үшін көмір шахтасына жұмысқа кірген. Бірақ 2005 жылы жарақат алып, жұмысқа жарамай қалыпты. Қазір әйелі мен екі баласын ай сайын алатын 15 мың рубль жәрдемақымен асырап отыр.
Әлі күнге дейін украинша акцентпен сөйлейтін Жарук 1997 жылы бала-шағасын Ресейдің оңтүстік өлкелерінің біріне жеткізу үшін үкіметтің арнайы көші-қон бағдарламасына тіркелген. Бірақ соңғы 16 жылда бұл тізімдегі адамдар шамадан тыс көбейген. Оған қоса көші-қон процесі де өте баяу жүріп жатыр.
2011 жылғы есеп бойынша арктикалық белдеуден төмен аймақтарға көшу үшін баспана кезегінде 2 мың 179 мүгедек, 12 мың 802 зейнеткер және 7 мың 28 жұмысқа қабілетті азамат тұр. Былтыр 117 зейнеткер көшірілді деген ақпарат тарапты.
- Дәл мұндай қарқынмен кезекке тұрған адамдарды түгел көшіруге бір ғасырдан астам уақыт керек, - дейді Жарук.
Ол мұндай көші-қон бағдарламасын ересек адамдарға арналған геноцидке теңейді. Оған қоса, «Билік органдары қаланы ұстап тұру үшін көші-қон қарқынын қасақана тежеп отыр» деп санайды.
- Ұлдарым ержетіп келеді. Өзім де, балаларым да бұл жерден көше алмаймыз. Олар болашақта құл сияқты осы қалада еңбек етуге мәжбүр. Олар шахтада, болмаса тағы басқа жерлерде құл болады. Басқа қайда барады? Билік бұдан пайда көреді, - дейді Жарук.
«ТВЕРЬГЕ КЕТКІМ КЕЛЕДІ»
Воркутадан жұрттың жаппай көшкен кезі де болған. 1990 жылдары қаладағы 13 көмір шахтасы жабылып, көптеген жастар басқа аймақтардан жұмыс іздеп кеткен соң қаланың кейбір шет аудандары қаңырап қалды.
Үкімет жұмыссыздарға көшуге жәрдем берген. Оңтүстік өлкеде туысы барлар көшіп кеткен. Кейбір адамдар Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен де көшкен. 217 мың тұрғыны бар қалада халық саны 1980 жылдардың аяғына қарай күрт азайған. Жаруктың 1980 жылы туған Вадим атты баласы 24-ке келгенде қалада 96 мың ғана тұрғын қалды.
Жарук пен Крикун тұратын қаланың Воргошор ауданы қаңырап қалды. Көптеген пәтерлердің сыртқы есіктерін иелері айқыш ағашпен шегелеп, бекітіп кеткен. Қалада қалғандардың көбі - 1998 жылғы қаржы дағдарысы кезінде жинаған қаржылары босқа кеткен немесе басқа аймақтарға көшуге бұрыннан мүмкіндігі жоқ адамдар.
Вадим Жарук сияқты шахтерлердің өміріне қарап шошитын жастар қаладан кетуге тырысады. Мәскеу облысында білім алған жас жігіт қиырдағы мұз құрсанған Воркутадан басқа да өмірдің, үлкен қалалардың бар екенін жақсы біледі.
- Достарым тұратын Тверь қаласына көшкім келеді. Басқа қалалардағы өмірдің қандай екенін жақсы білемін. Мәселен, Воркутадағы тұрмыс пен Мәскеу облысындағы Зеленоград қаласындағы өмірді салыстыруға келмейді. Жер мен көктей, - дейді ол.
Вадим Воркутаны қанша сынаса да, ақ түндері мен жайнаған жазын мақтанышпен айтады. Көптеген тұрғындар сияқты ол да туған жерін жақсы көреді. Воркуталықтарға жанашырлық пен достық тән. Ол - қаланың қатал тағдырынан қалыптасқан мінез.
«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАУ»
Воркута қаласын бірнеше елден әкелінген (көптеген ұлт өкілдері – ред.) саяси тұтқындар салды. Сондықтан болар, бұл қаланы тұтқындар ащы тілмен әжуалап «Әлемнің астанасы» деп атаған. Бұл қала әлі де Совет дәуірін еске салады.
Воркутаның орталығындағы Ленин даңғылында қала тұрғындарын Отан үшін көп көмір өндіруге үндеген плакаттар әлі тұр. Биліктегі «Единая Россия» партиясының азаматтарды «болашақты бірге жасауға» шақырған баннерлері де ілінген.
1931-1957 жылдары Воркута қаласындағы лагерьде 21 елдің екі миллионға жуық азаматы тұтқында болды. Жергілікті тарихшылардың айтуынша, Воркута лагерінің маңайында 200 мыңнан аса саяси тұтқынның сүйегі жатыр. Бейіттерге ешкімнің аты-жөні жазылмаған.
Осындай қасіретті тарихына қарамастан, мұнда қазір де Совет дәуірін сағыну бар. Коммунистік партияны жақтаушылар көп.
2011 жылы қала әкімінің сайлауы өтті. Леонид Горбачев есімді коммунист сайлауда жеңді деп хабарланды. Бірақ іле-шала дауыс қайта саналып, «Единая Россия» партиясы өкілінің бір дауыспен басым түскені айтылды. Бұған наразы болған шағын топ сол кезде қарсылық шеруіне шыққан еді.
Сталинді құрметтейтін Константин Рименов есігіне оның суретін жапсырып қойыпты. Ол шахтада 27 жыл көмір қазған. 46 жасында зейнетке шықса да әлі шахтада жұмыс істейді. Өйткені зейнетақысы бала-шағасын асырауға жетпейді. Ол қаланың болашағына сенбейді.
- Үкімет не десе де, халықты қалай алдаса да, қаланың өліп бара жатқаны анық. Себебі мұнда ешқандай зауыт, фабрикалар салынып, шахта, кеніштер ашылып жатқан жоқ. Кісі қызығарлық ештеме қалмады. Адамдар келіп жатқан жоқ, кетіп жатыр, - дейді ол.
Рименов - Воркутадағы қалалық кеңестің төраға орынбасары.
- Совет кезінде шахтерлердің жалақысы көп еді, қазір мардымсыз. Олар қауіпті өндірісте, денсаулыққа зиянды өндірісте істейді, жұмыстарының зардабына шаққанда алатын айлықтары дым емес, - дейді ол.
Біз Рименовпен сөйлесерден бірнеше күн бұрын «Воркута» шахтасында метан жарылып, 18 жұмысшы қаза тапқан екен. Олардың біреуі - үш жасар қызы бар 22 жастағы жігіт.
Ал Рименов «қаланың астындағы көмірдің мол қоры әлі де бұл жерден жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді» дейді.
Жұмыс болса да, болмаса да қала халқының көпшілігі бұл қаладан көшкісі келеді.
Бұрын көмір өндіретін компанияда істеген, 63 жастағы Светлана Затоковенко есімді зейнеткер 27 жылдан бері Воркутадан көшетіндер тізімінде кезегін күтіп отыр. Оған мемлекет басқа қаладан тегін пәтер беруі керек.
Светлана былтыр ол тізімде 12-адам болып тұрған екен. Әкімшіліктен хабар болмай кеткен соң өзі барса, ондағы мамандары «сіздің құжаттарыңыз жоғалып кетті» деп мәлімдеген.
- Мен «ГУЛАГ-шылардың» екінші буынымын. Біз тұрмақ тұтқындардың алғашқы буынына қаладан көшіп кетуге рұқсат берілген. Шектеу мерзімі біткендер қалаған жағына көше алады. Біз қайда болса да қуана-қуана кетер едік. Қазіргі Воркута «экономикалық ГУЛАГ-қа» айналды. Біз солтүстік өлкенің тұтқындарымыз, - дейді Светлана Затоковенко.
СССР заманында ГУЛАГ пен колонияларға қамалған адамдардың ұлты бойынша үлесі.
(1939-1947, 1951 жылдың 1 қаңтарларындағы дерек)