Reuters агенттігі қарашаның 10-ы күні жариялаған мақаласында Ресей президенті Владимир Путиннің қыздары, әсіресе кенже қызы – 29 жастағы Екатерина жайлы жазған. Агенттік қызметкерлерінің «Газпромбанк» жетекшілерінің бірі айтқан деректерге сілтеме жасап хабарлауынша, Екатерина өзіне Тихонова деген фамилия алған және де бұл осыған дейін ресейлік журналист Олег Кашин айтқан Мәскеу мемлекеттік университетінде қызмет істейтін және акробатикалық рок-н-ролға әуестігі бар Екатерина Тихонованың нақ өзі.
Reuters агенттігі қаржы сарапшыларының көмегімен «Путиннің кенже қызы» мен оның жұбайы ірі дәулеттің иесі екендерін және активтерінің басым бөлігіне президентке жақын топтағы адамдардың қатысы барын анықтаған. Кремль мен «Газпромбанк» кейін бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Владимир Путиннің қыздары мен оның бұрынғы әйелі Людмила туралы ақпарат-мәліметтер бұрынғысынша ең жабық тақырыптарға жатады. Президент өз жақын-туыстары жайлы қоғамға анда-санда там-тұмдап қана айтады, бірақ оған да күмән білдіретіндер бар. Путиннің қыздары қазіргі кезде қандай жағдайда тұрып жатқаны жайлы толық ақпарат жоқ.