Жақында тәжікстандық белгілі молда Ходжи Мирзо Ибронов «тәжік жастарының санасын улап, Сириядағы соғысқа алып кетіп жатқан күштер бар» деген пікір айтқан еді. Ол Азаттық радиосының Тәжік қызметіне мамырдың 14-і күні берген сұхбатында «Сирияда ешқандай жиһад та, қасиетті соғыс та жүріп жатқан жоқ, тек біреулер тәжік мигранттарын алдап қатарларына қосып алған» деген.
Жуықта интернетте Сирияда жүрген тәжік «жиһадшысының» видеосы жарияланды. Видеода өзін Сириядағы жиһадшы етіп таныстырған жігіт Тәжікстан үкіметін қолдайтын молданың жиһад туралы пікірін қатты сынайды.
«ЖИҺАД ЖОҚ ДЕП ҚАЛАЙ АЙТҚАН»
Ресейдің «Одноклассники» әлеуметтік желісінде осы аптада жарияланған видеода қасына 20 шақты жігіт бар қойған сақалды кісі Иброновқа қарсылығын білдіреді. Тәжік тілінде сөйлеген ол молданы «халықты адастырып отыр» деп айыптап:
"Молда «[Сирияда] жиһад жоқ» дейді. Даусын өз құлағыммен естігенге дейін Ходжи Мирзо мұндай сөз айтты дегенге сенбей келдім. Мұнда жиһад жоқ деп қалай айтасыз? Мұнда балалар өліп жатыр" дейді.
Ол Иброновты «биліктің айтқанын істеп отыр» деп айыптайды:
"Бүгін «үкіметтің молдасымын» деп отырсыз. Қай үкіметтің? Алланың заңдарына қарсы шыққан үкіметтің бе? Халық исламды жамылып отырғаныңызды түсінуі тиіс" дейді кадрдегі адам.
Ол тәжіктерді Иброновқа «тісін сындыратындай» жауап қайтаруға шақырады.
Кадрдегі 22 жігіттің арасында тек осы пікірді айтқан адам ғана маскасыз тұр. Видео далада түсірілген, жақын жерде ағаш өсіп тұр, әріректе теңіз көрінеді. Бірақ қашан және дәл қай жерде түсірілгені белгісіз.
Тәжікстан басшылығы видео туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ ішкі істер министрлігінің аты-жөнін атамауды өтінген өкілі «биліктегілердің бұл жазбадан хабардар екенін, қазір оны зерттеп жатқанын» айтты.
Билік өкілінің айтуынша, видеода сөйлеген «сарбаз» Тәжікстанның оңтүстігіндегі Кулоб қаласына жақын Чармгарони ауданының тумасы, 38 жастағы Нусрат Назаров екені анықталған.
Министрлік өкілінің айтуынша, Назаровқа «есірткі саудасымен айналысты» деген күдікпен іздеу жарияланған.
Видеодағы адамның Нусрат Назаров екенін оның отбасы мүшелері мен көршілері де растаған. Жақындарының айтуынша, Назаров үйленген, үш баласы бар, қазір Ресейде жалданып жұмыс істейді.
«ТӘЖІК МИГРАНТТАРЫН СОҒЫСҚА АЛДАП АПАРДЫ»
Кадрде тұрған басқа ер адамдар тәжік пе, жоқ па - ол жағы белгісіз. Алайда Назаров деген адам олардың барлығының атынан сөйлеп тұрған сыңай танытады.
Азаттыққа берген сұхбатында молда Ибронов Сириядағы жасаққа адам жинаушылар Ресейде тұрып жатқан «білімсіз», әрі «кедей» тәжік мигранттарын үгіт-насихат видеолары, діни уағыздар, қаржылық қолдау арқылы алдап-арбап, соғысқа алып кетіп жатыр ма деген алаңдайды.
Молда сол сұхбатында «Дамаскідегі режимге қарсы күресіп жатқан шетелдік жасақтар айтып жүргендей Сириядағы соғыс - ешқандай жиһад емес, бар болғаны - саяси және геосаяси конфликт» деген.
Ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, Сирия президенті Башар Асадқа қарсы соғысқа Тәжікстанның 190 азаматы қатысып жүр.
Тәжікстан басшылығының мәліметтері бойынша, Сирияда төрт тәжік азаматы қаза тапқан, ал алты азамат Сириядан оралған соң тұтқындалған.
Мамырдың 22-сі күні тәжік парламенті шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқан тәжік азаматтарын қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң қабылдады.
(Фарангиз Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)