Тәжікстанда жаңа жыл мерекесіне дайындық қызу жүріп жатыр. Бірақ ертегідегі екі кейіпкер - Аяз ата мен Ақшақар биыл мерекелік шараларға қатыспайды.
Тәжікстан мен бұрынғы Совет Одағының басқа елдеріне жақсы таныс қос кейіпкер - Аяз ата мен Ақшақар мемлекеттік телевизияның мерекелік бағдарламаларына да шақырылмаған. Мемлекеттік телерадио хабарлар тарату комитеті бастығының орынбасары Саидәлі Сыддықов бұл шешімнің себебін «біздің ұлттық дәстүрлерімізге Аяз атаның тікелей қатысы жоқ» деп түсіндірді.
Оның айтуынша, мереке күндері тәжіктердің дәстүрлі музыкасы, ән, би, халықтық сейілдер және мерекелік сыйлық алмасу сияқты ойын-сауық түрлері көрсетіледі.
«Аяз ата, Ақшақар және шыршада тұрған ештеңе жоқ. Тәжікстанның зайырлы қоғамында қалған жұрт қалай мерекелеймін десе де еркі» дейді ол.
Бірақ «қалған жұрттың» қатарына Душанбе қаласының мектептері енбейтін сияқты.
Астаналық №10 мектеп директорының орынбасары Мавджуда Жаббарова Азаттық радиосының Тәжік қызметіне «биыл мектепте мерекелік іс-шаралар өтпейді және жаңажылдық шырша да безендірмейміз» дейді.
— Жаңа жылды мектепте атап өтпеңдер деген бұйрық келген, - дейді Жаббарова.
Білім министрлігінің өкілі Махмудхон Шоевтің айтуынша, «Жаңа жыл мерекесі өткізілмесін» деген ешқандай бұйрық шықпаған.
Бірақ «сабаққа кедергі келтірмес үшін» және «қауіпсіздік талаптарын сақтау, мысалы өртті болдырмау мақсатында» мектепте үлкен іс-шаралар ұйымдастырып, мерекелік от-шашуларды пайдалануды билік құптамайды.
Министрліктің шешіміне қынжылған №10 мектептің 15 жасар оқушысы Зарина:
— Мектебімізде шырша сәндеп, Аяз атаның қатысатын, музыкалық мереке өткенін қалаймыз. Енді оған мектепте рұқсат бермейді, биыл жаңа жылды үйде мерекелейміз, - дейді.
ДАУЛЫ МӘСЕЛЕ
Халқының басым бөлігі мұсылман Тәжікстанда Жаңа жылды мерекелеу - Совет Одағынан қалған дәстүр. Діни қайраткерлердің қарсылығына қарамастан ол осы күнге дейін тойланып келеді.
— Маған жат мереке болғандықтан, оны атап өтпеймін. Бірақ басқа жұрттың шырша сәндеп, мерекелеуіне қарсы емеспін, - дейді душанбелік журналист Мухибулло Қурбон.
Былтыр Душанбе қаласында Аяз ата киімін киген жас жігітті пышақтап кеткеннен кейін қоғамда бұл мәселе даулы тақырыпқа айналды. Қастандық діни қайраткерлердің тәжіктерді Жаңа жылды мерекелемеуге шақырған үндеуінен кейін жасалған. Бірақ шенеуніктер бұл болжамды терістеп, «оны әлдебір «исламға жат» істерге қатысы болғандықтан өлтіруі мүмкін» деген уәж айтқан.
Мемлекет қолдайтын исламның улемдер кеңесі басшысы Саидмүкәрам Әбдіқодирзода тәжіктерді Жаңа жылды мерекелемеуге шақырды. Ал Тәжікстанның Ислам қайта өрлеу партиясының ресми газеті билікке Душанбеде дәстүрлі шыршаны орнатпауға кеңес берді.
Бірақ Душанбе қаласының мэрі Махмадсаид Убайдуллоев ел астанасы мен оның маңайында бұрынғы дәстүрлердің сақталатынын көрсетіп, бұл үндеулерге қарсы «мереке кең ауқымда, барынша сән-салтанатпен тойлансын» деген жарлық берді.
Душанбенің бас алаңында 22 метрлік сәнді шырша орнатылған. Ал 17 метрлік шырша Тәжікстанның екінші ірі қаласы Ходжандқа қойылмақ. Убайдуллоев қол қойған 10 пункттен тұратын қаулыда желтоқсанның 27-сі күні басталып, Жаңа жыл түні фейерверк, концерттер және бұқаралық серуенмен аяқталатын мерекелік іс-шаралардың тізімі берілген.
Мақаланы әзірлеуге Фарангиз Наджибулла мен Алиса Вальсамаки қатысты.