Accessibility links

«Татар тарихының» соңғы томдары шықты


«Татар тарихының» соңғы томдары шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:44 0:00

Татарстан тарих институтының директоры Рафаил Хәкимов бұл еңбекті жазуда мәлімет жинаудың қиын болғанын айтады. Қазан, 27 қазан 2015 жыл.

Қазанда «Татар тарихы» көптомдығының соңғы - төртінші және бесінші томдары жарық көрді. Бұл еңбек 19 жыл бойы жазылған.

Татарстан астанасы Қазандағы тарих институтында «Татар тарихы» көптомдығының соңғы - төртінші және бесінші томдары жұртшылыққа таныстырылды.

Тарих институтының директоры Рафаил Хәкимов «Татар тарихын» жазуда XV-XVIІ ғасырлардағы татар мемлекеті мен Ресей құрамындағы татар халқы жайлы мағлұматтарды жинаудың қиын болғандығын айтады.

- Бұл кезеңді Ресей тарихшылары да нақтылап жазбаған. Татарлардың казактармен соғысы туралы деректерді анықтау қиынға соқты. Биыл авторларын тауып, бұл томды жазып бітірдік, - дейді Рафаил Хәкимов.

Ол кітапты жазу барысында Мәскеу тарапынан қарсылық болмағанын айтады.

- Ғалымдар объективті жазып, ортақ тіл табыса білді. Еңбек түрлі пікірлер тудырып жатыр. Кейбір ғалымдар қарсы болды, Жириновский тәрізді аңдамай айтқан саясаткерлер болды, - дейді Қазандағы тарих институтының директоры.

Рафаил Хәкимовтің айтуынша, «Татар тарихын» жазуға Ресей, Венгрия, Болгария, Германия, Польша, АҚШ, Қазақстан, Тайвань, Түркия университеттерінен 300 шақты ғалымдар мен авторлар қатысқан.

Тарих институты директорының сөзінше, татар тарихын баяндайтын бұл томдардың кейбірі 2 мың дана тиражбен басылған, кейбірі одан көбірек болған. Бір томды басып шығару үшін 3 миллиондай рубль жұмсалған.

Ғалымның сөзінше, «Татар тарихы» көптомдығының электронды версиясы да шығады. «Оны интернеттен де табуға болады. PDF нұсқасы да дайын, смартфонға арналған нұсқасын тезірек дайындап бітірмекпіз» деді Рафаил Хәкимов. ​

Мақаланы татар тілінен аударған - Сәния Тойкен.

XS
SM
MD
LG