1917 жылғы большевиктер революциясы бес жылға созылған азамат соғысына ұласып, миллиондаған ресейліктің өмірін қиды.
Қақтығыс көбінесе Владимир Лениннің коммунистік революциясын қолдаған Қызыл армия мен Ресей монархиясын қалпына келтіруді я тым болмаса билікті коммунистерге беріп қоймауды көздеген қарулы топтар арасында жүрді.
Бұл галереядағы кей суреттер сол ұрыстың шынайы бейнесін көрсететін қолда бар жалғыз жәдігер саналады. Бұлар "музейлер мен жеке коллекциялардан" жиналған суреттердің көмегімен "Ресейдің біртұтас хроникасын" жасауды мақсат тұтқан russiainphoto.ru вебсайтынан алынды.
Ақ армияның жоғары қолбасшысы Андрей Шкуро осы сурет түсірілгеннен көп ұзамай Ресейден қашып кетті. Ұзақ жыл қуғында жүрген ол кейін Ресейді коммунизмнен азат ету мақсатында нацистік Германияның жақтасы ретінде қолына қару алды. 1945 жылы оны британ әскері қолға түсіріп, советтерге тапсырған. Шкуро өлім жазасына кесіліп, 1947 жылы үкім орындалды.
Қызыл армия қатарына өткендер "социализм мен бауырластықты қорғау жолында күш-қуатымды, өмірімді де аямаймын" деп ант берген.
Азамат соғысы кезінде Батыстағы одақтастар ақтарға көмектесуге тырысты. Басында Ресейді одақтастар жағында Бірінші дүниежүзілік соғысқа қайта қатыстыру үшін интервенция жасалды.
Теңізшілер большевиктердің саяси ұстанымына қарсы шыққан соң оларға шабуыл жасалды. Ұрыс кезінде мыңдаған теңізші Финляндияға қашып үлгерді, 1 мыңнан астам адам большевиктердің қолына түсіп, кейін өлім жазасына кесілді. Бұл – Ресей жеріндегі большевиктерге қарсы ең ірі көтеріліс. Көп ұзамай большевиктер толық коммунистік диктатура орнатты.
ПІКІРЛЕР