ИРАН
2018 жылы АҚШ Роухани мінген Airbus ұшағының операторы Dena Airlines компаниясына санкция салған. Бұл Роуханидің сапарларына көп кедергі келтірді. Себебі Dena Airlines кейбір елдердің төбесінен ұшқаны үшін айыппұл төлеуі мүмкін.
АҚШ
20 жыл бұрын жасалған бұл ұшаққа әуеде жанармай құюға болады. Ұшақтың ракетаға қарсы қорғаныс жүйесі бар.
АҚШ президенті бортының дизайнын ұлты француз америкалық дизайнер жасаған. Ол дизайнер - Coca Cola логотипінің авторы.
Трамп 2024 жылы пайдалануға берілетін президенттік борттың дизайнын өзгерткісі келетінін айтқан. Трамптың бұл сөзі жұрт арасында қызу талқыланған.
РЕСЕЙ
Лайнер Ресейде құрастырылған. Ұшақтағы жиһаздар қайыңнан жасалған.
2007 жылы желіде "Путиннің ұшағы" деген фото тарап кеткен. Ұшақтағы қолжуғыш пен душ алтынмен жалатылған.
ҚЫТАЙ
1990 жылдардың соңында Қытай президенттерге деп Boeing компаниясына арнайы ұшаққа тапсырыс беретін. 2000 жылдары Қытайдың қауіпсіздік қызметі АҚШ-тан келген ұшақтардан «тыңшы құралдар» тапқанын айтқан.
Осы шудан соң Қытай Air China компаниясының жолаушыларға арналған ұшағын пайдаланды. Бірнеше ұшақтың іші президенттерге лайықталып қайта жасалды. Кейін президенттер сапарынан кейін ұшақ іші қайта жолаушылар тасымалдауға лайықталған.
ҚАЗАҚСТАН
Тоқаевтың лайнері Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағынан (Airbus A330-200) шағын. 66 жастағы Тоқаев 2019 жылы наурызда президент болып тағайындалған. Елді 30 жыл басқарған Назарбаев биыл президенттіктен кеткен. Ол қазір 79 жаста.
Тоқаевтың Назарбаевтың ұшақтары мен тікұшақтарына отыра ала ма ол жағы белгісіз. Кейбір деректерде Назарбаевтың (президенттіктен кетсе де, елде биліктің бір тармағын ұстап отыр) авиапаркінің құны 250 миллион доллардан асатыны айтылады.
СОЛТҮСТІК КОРЕЯ
Мұндай ұшақтар 1960 жылдары шығарыла бастаған. Ким Чен Ын мініп жүрген ұшақ 39 жыл бұрын жасалған. 2002 жылы Еуропа одағы Ил-62 ұшағын өз аумағына кіргізуге тыйым салған. Ұшақ моторының дауысы өте қатты шығады.
ГЕРМАНИЯ
Германияда билік өкілдеріне арналған бірнеше ұшақ бар.
2018 жылы Меркель мінген ұшақтан ақау шығып, ол Аргентинадағы G20 саммитіне кешігіп жеткен.
2019 жылы Германия қорғаныс министрлігі үкіметке тиесілі үш ұшақтың орнына жаңа ұшақтар алынатынын айтқан.
УКРАИНА
Украина президентінде қауіпсіздігі жоғары Airbus ұшағы да бар. Бірақ Зеленский Ресей мен Украина бірігіп құрастырған «Антонов» ұшағымен де жиі ұшады.
2011 жылы «Антонов» компаниясының ұшағы әуеде жанып кеткен. Ұшқыштар ақау шыққан ұшақтың жылдамдығын арттырып, тез қондырмақ болған. Борттағы алты адам да қаза тапты.
ПІКІРЛЕР