Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Украина-Ресей достығына түскен "сызат" және Киевтегі марш
29 қараша 2018 жыл, 11:00
Осы аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың
фотогалереяларын
мына сілтемеден көре аласыз.
1
Таиландтағы жәрмеңке барысында "Өлім құдығы" атты аттракционда өнер көрсеткен мотоциклист
2
Совет кезінде тұрғызылған украина-ресей достығына арналған аркаға украин суретшісі сызаттың белгісін салып қойған. Осылайша суретші екі ел арасындағы салқын қарым-қатынасқа көптің назарын аудартқысы келген
3
Ганг өзенінің үстінде аспалы көпір орнатып жатқан үнді жұмысшылары ірі понтонды арқанмен тартып жатыр
4
Жұмысшылар Тверь бульварында қар күреп жатыр. Мәскеу, 27 қараша 2018 жыл
5
1812-ші жылғы француз солдаттарынша киінген ер адамдар Беларусьтың Брыли ауылы маңында болған шайқасты еске түсіру рәсіміне қатысып жатыр. Бұл рәсім Наполеон армиясының Ресейден шегінген кезінде Березинада болған соғыстың 206 жылдығын атап өту шарасына орайластырылған. Шайқас кезінде шамамен 50 мың адам қаза тапқан
6
Балалар үйінің тәрбиеленушілері Мариупольден 25 шақырым жердегі Рыбацк ауылы маңында украин әскерінің қорғанысын нығайтуға көмектесіп жатыр. Керчь бұғазындағы оқиғадан соң украин парламенті елде әскери жағдай жариялауды мақұлдады
7
Кашмирде жақында болған адам өліміне қатысты наразылық жасаған сепаратистердің акциясына үйінің терезесінен қарап тұрған ер адам
8
Ресейде ұсталған украин теңізшілерін қолдап, марш өткізген ультра-оңшыл партия өкілдері ұран тастап, айғайлап жатыр. 25 қарашада таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, екі әскери
кемені ұстаған
. Ресей украин кемелері территориядан "заңсыз кесіп өтті" деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні "алдын-ала ескертілгенін" айтып, кемелердің заңсыз ұсталғанын айтқан. Ізінше Ресей соты 12 украин теңізшісін екі айға қамап, қылмыстық іс қозғады. Киев, 26 қараша 2018 жыл
9
Дәстүрлі киім киінген Румыния тұрғындары қоғам ақшасына салынған жаңа собор алдында діни шараға қатысып жатыр. "Діни ғимараттан гөрі аурухана мен мектеп салынуы тиіс" деген қоғам сынына қарамастан жаңа ортодокс шіркеуінің ашылуына ондаған мың адам қатысты
10
Мексика-АҚШ шекарасындағы өзен маңында АҚШ туын ұстауға көмектесіп тұрған мигрант әйел. Латын Америкасынан келе жатқан бұл мигранттар АҚШ-қа барғысы келеді.
11
Бухарестегі ұлттық соборда діни шара өткізген соң телефонымен сөйлесіп тұрған дін қызметшісі
Украина-Ресей достығына түскен "сызат" және Киевтегі марш
XS
SM
MD
LG