Accessibility links

Трамп ерекше тапсырмалар жөніндегі уәкіл қызметіне кандидат ұсынды


Ричард Гренелл
Ричард Гренелл

АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп бұрынғы барлау басшысы Ричард Гренеллді ерекше тапсырмалар жөніндегі уәкіл қызметіне ұсынды. Бұл жөнінде ол Truth Social платформасында жазды.

Трамптың сөзінше, Гренелл "әлемде шиеленіс болып жатқан орындарда" істемек. Олардың қатарында Венесуэла мен Солтүстік Корея да бар. Ол сонымен бірге "бейбітшілік үшін күш салатынын" айтты. Reuters-дің дереккөзінің айтуынша, Греннел сонымен бірге Балқандағы мәселелермен де айналыспақ.

АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында Гренелл АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметінен басты үміткер еді, ақыры бұл қызмет сенатор Марко Рубиоға бұйырған. Гренн сонымен бірге Украинадағы соғыс бойынша арнайы уәкіл қызметіне де үміткер болған. Бұл қызмет генерал-лейтенант Кит Келлогқа тиді.

Трамптың бірінші президенттігі тұсында Гренелл АҚШ-тың Германиядағы елшісі және Сербия мен Косово арасындағы бейбітшілік келіссөздерінде президенттің арнайы уәкілі болған.

2024 жылы жазда Гренелл соғысты тоқтату үшін Украинада "автономды аймақ" құру қажеттігін алға тартқан. Ол сонымен бірге Украинаның жақын арада НАТО-ға мүше болуын қолдамайды

XS
SM
MD
LG