Түркіменстанда әр азамат мемлекет басшысын жан-тәнімен құрметтеуге міндетті. Осы елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов халқын жеке басына табындыру жағынан ең тәкәппар диктаторлардан да асып түсті.
Ниязов билікте отырғанда әділетсіз сайлаулар өткізді, ер адамдардың сақалы жөнінде жарлықтар шығарды, өзін «Түркменбашы» деп жариялады.
Оның мұрагері Гурбангулы Бердімұхамедов халықты өзіне табындыру мәселесін сәл тежеді. Есесіне, оның да көп мәселеде кемеңгерлікпен даңқы шықты. Қазір ол - жылқы баптаудың асқан білгірі және түркімен халқының «қорғаушысы». Маусым айының аяғында Бердімұхамедов 55 жасқа толғанын тойлады. Бірақ өзіне бас ұрып, табынатын халықтың арнайы дайындалған тобын жұрт алдына шығарып, думандатқан жоқ.
«СЕН, СЕН, СЕН, ЖҮРІҢДЕР»
Ниязовтың дәуірінде топпен бірге гүл суретін жасап, дөңгеленіп тұру «бақытына» ие болған журналист қыз «Шоу-концертке қатысатын жастар дайындық пен тапсырылған міндетті мүлтіксіз орындап шығудың азабын тартады» дейді.
Ақмарал есімді журналист (қауіпсіздік үшін аты өзгертілді) Ниязовты қолпаштайтын арнайы топқа тап болғанда 7-сыныпта оқып жүрген екен.
«Бір әйел біздің сыныпқа келді де бізге қарап шығып, «сен, сен, сен» деп 10 шақты оқушыны таңдап алды. Ертіп алып, гимназияға апарды» деп баяндайды Ақмарал.
Барған соң бәрін бір қатарға тұрғызып, әр түрлі топқа бөліп, әрқайсысына істейтін қызметтерін түсіндірген. Олар президентке көрсететін қойылымдар мен елбасына айтатын мақтауларды қайталап, үнемі жаттығулар жасап отырған. Оқушылар бейіміне қарай «бишілер», «әншілер» деген сияқты топтарға бөлінген. Ақмарал қозғалыстарымен әр түрлі гүлдердің бейнесін жасайтын қыздардың тобына түскен.
АТА-АНАЛАР АҚШАСЫН ЖЕЛГЕ ШАШҚАН «ҚОШЕМЕТ ПРАКТИКАСЫ»
Таңдаулы топта болу сабақ оқуға тиімсіз. Бұл оқушылар сабақ уақытының көбін сахнада жаттығу жасауға жұмсайды. Әдетте репетиция сабақ кезінде де жалғаса береді. Осыны айтқан Ақмарал:
- Көптеген ата-аналар ұл-қыздарының осындай топтарға алынғанын қолдап, тіпті мақтан тұтып жүргенде, менің әке-шешем наразы болып, жергілікті билік өкілдерімен дауласты, - дейді.
Бірақ бәрібір түк шықпаған. Сабақ уақыты мен ата-аналардың оқуға төлеген ақшасы зая кеткен.
Ақмарал жекеменшік мектепте оқиды. Ол «сабақтардың «қошемет практикасына» кеткен әрбір сағаты - оқуға төлеген әке-шешемнің ақшасын желге ұшыру» деп санайды.
Іс-шараға арнайы тігілетін киімдердің шығынын да ата-аналар қалтасынан төлеп отырған. Ақмаралдың айтуынша, әдетте шығындар аса көп болмайды. Бірақ бір жолы балаларға билік өкілдері «киюлерің керек» деп міндеттеген ұлттық бас киімге ата-аналар 150 доллар төлеуге мәжбүр болған. Себебі қымбат тақияны ел астанасы Ашхабатта тапсырыспен тіктірген.
Ақмарал «Мен оқитын мектептен оқушының көп таңдалу себебі - мәдениет министрі жекеменшік мектепке баласын берген ата-аналар ауыр шығындарды да төлей алады деп ойласа керек» дейді.
- Қошеметтік іс шараға қатысу оқушыларға физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр салмақ түсірді. Түркменбашының ғимараттан шыққанын немесе кіргенін күтіп, сағаттар бойы ас-су ішпестен тік тұрасың, - деп еске алады Ақмарал.
Қазір Ақмарал мектеп бітіріп, жұмыс істеп жүр. Енді ол бұрынғыдай демалыс күндерінде президенттің алдында «гүл болып тұрмайды».
Мұндай топтарға түскен жастар мектепті бітіргенше биліктің уысында болады. Унверситетте де ресми кездесулер болғанда, президентті қолдауға студенттерді көндіріп, алып шығуы тиіс. Яғни «Бақытты дәуірде» өмір сүру көп қажыр-қайратты талап етеді.

Сабақтардың «қошемет практикасына» кеткен әр сағаты - ата-анамның оқуға төлеген ақшасын желге ұшыру.