Киевтен басталып, тұтас Украинаны дүр сілкіндірген "Еуромайдан" толқуына бес жыл толды.
Бес жыл бұрын қарашаның 21-інде Украина астанасы Киевте Еуропа Одағымен интеграцияны қолдап, наразылыққа шыққан мыңдаған адамның шеруі басталды. Әуелі бейбіт шеру ретінде көрінген шара келе-келе халық пен арнайы жасақ сарбаздары арасындағы шиеленіске ұласты. Тәуелсіздік алаңындағы қақтығыс кезінде ондаған адам өлді, мыңдаған адам жараланды. Бұл наразылық "Еуромайдан" деген атауға ие болды.
Украинаның сол кездегі президенті ресейшіл Виктор Янукович Украина мен Еуропа Одағы арасындағы келісімді қабылдаудан бас тартты. Бұған наразы болған азаматтар қарашаның 21-інде Киев орталығындағы алаңға жиналды. Бірнеше күннің ішінде шеруге жиналғандардың саны 100 мыңға жетті.
Қарашаның 30-ы күнгі қақтығыс наразылықтың сипатын өзгерткен маңызды сәттердің бірі болды. Бұл күні кемінде 79 адам жараланды.
Қаңтар айының ортасында парламент наразылықтарды шектейтін заңға қол қойып, мыңдаған адам наразылық танытты. Тәртіпсіздік кезінде жүздеген адам жараланған. Наразы азаматтар бензин құйылған бөтелке, тастар лақтырып, көліктер мен автобустарды өртеді. Көшедегі қозғалысты тоқтату үшін қоқыстардан баррикада орнатты.
Тәуелсіздің алаңындағы бір күн, бір түнге созылған қақтығыстан 18 адам өлді. Ғимараттар, шатырлар мен баррикадалар өртенді. 18 ақпан күнгі қақтығыс қарашадан бері жалғасқан наразылықтың ішіндегі ең ауыры әрі күрделісі болды.
Сурет-көрме: Киевтегі қаралы күн (Ағылшын тілінде)
Президент Виктор Янукович дағдарысты тоқтатуға тиіс болған келісімге қол қойды. Бірақ ақпанның 22-сінде елден қашып, Ресейді сағалады. Бұған дейін Киев прокурорлары Януковичті "Украинаның территориялық тұтастығына нұқсан келтірді", "Ресей әскерімен ымыраласты", "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыптаған.
ПІКІРЛЕР