Ресей СІМ: Мәскеу Украина билігін құлатуды көздемейді
Ресей Украина билігін құлатуды көздемейді. Сәрсенбі күнгі брифинг кезінде Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова осылай деп мәлімледі. Соғыстың алғашқы күндері президент Владимир Путин Украина әскерін төңкеріс жасауға шақырған.
Захарованың сөзіне қарағанда, соғыстың мақсаты – "Украинаның Донбас аймағындағы ресейшіл сепаратистерді қорғау, демилитаризация, денацификация және Ресейге төнген әскери қауіпті жою". СІМ өкілі Ресей Украинаны жаулап алуды немесе оның мемлекеттігіне нұқсан келтіруді көздемейді деді.
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 7 наурызда Мәскеу бейбіт келіссөз кезінде Украинадан Конституциясына бейтараптықты бекітуді, сепаратистердің тәуелсіздігін мойындауды және Мәскеу жаулап алған Қырымнан бас тартуын талап етеді деп айтқан.
Ұлыбритания алғаш рет Украинаға қару-жарақ берді
Ұлыбритания Украинаға әскери және қару-жарақпен көмектесті. Бұл туралы Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес мәлімдеді.
Яғни, Лондон Украинаға 3615 техника (танкіге қарсы қару, атыс қарулары, оқ-дәрі, байланыс құралдары) жеткізген. Британия Киевке көмек ретінде танкіге қарсы Javelin ракетасын да беруді қарастырып жатыр.
Ресейлік әуекомпаниялар Қазақстанға рейстерін тоқтатты. Қазақстандық Air Astana компаниясы да Ресейдің кейбір қалаларына рейстер ұшырмайтынын, тек Мәскеуге ғана рейстер болатынын мәлімдеді.
Discovery компаниясы өзінің иелігіндегі Animal Planet, Discovery Channel, Discovery Science, Eurosport 1, Eurosport 2, Investigation Discovery HD, TLC, TLC HD телеарналарының Ресейде көрсетілмейтінін жариялады.
ПІКІРЛЕР