Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

2004-2006 жылы Грузияның қорғаныс министрі болған Ираклий Окруашвили (ортада) Ресей әскеріне қарсы тұру үшін Украинаға келген. Ол "Настоящее время" телеарнасының эфирінде Украинаға келу себебін түсіндірді.

- Біз мұның бәрін 2008 жылғы соғыста (Ресей Грузиядағы Оңтүстік Осетияға басып кірген кез – ред.) және 90 жылдардың басында Ресейдің агрессиясынан біздің халық зардап шеккенде көрген едік.

Шынымды айтайын, 21 ғасырда мұндай агрессия болады деп ойламаған едім. Бірақ мұндайды көрдік, себебі Ресей өркениетті әлемге қарағанда басқаша ойлайды.

Мұнда жауыздық пен жақсылық, диктатура мен демократия, регресс пен прогресс күресіп жатыр. Бұған Украинаның НАТО-ға мүше болу жоспарының еш қатысы жоқ. Сен Украинаға басып кірген әскери машинаны басқарып отырғандардың менталитетіне бағынып, құл боласың я тәуелсіз болуға ұмытыласың. Осы тәуелсіздік, тәуелсіз болуға ұмытылыс Украинаға келген сол машинаны, Владимир Путинді кешірмейді.

Владимир Зеленскийдің 10 наурыздағы видеомәлімдемесінен қысқа-нұсқа:

  • Ресей Украинада қоршауға алған қалалардағы халықты Ресей мен Беларуське жіберуге тырысып жатыр. Осы арқылы олар Ресей пропагандасының картинкасын көрсетпек.
  • Біз ешқашан құл болмаймыз.
  • Украина билігі ресейлік пропагандистердің Батыстағы мүліктері тәркіленуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
  • Еуропа одағынан Украинаны одаққа қабылдауға дайын екенін білдіретін нақты сигнал күтеміз.

Антальяда Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі өтті. Кездесуден соң министрлер не айтты?

Дмитрий Кулеба:

  • Келіссөз өте ауыр болды. Атысты тоқтату бойынша келісімге келе алған жоқпын. Киев Ресейдің талаптарын орындамайды.
  • Киев қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге дайын, бірақ мұндай шешім әзірге жоқ.
  • Украинаның ядролық қару жасау ниеті жоқ.
  • Лавров ядролық қауіпсіздік бойынша МАГАТЭ, Ресей және Украина сарапшылары арасында үш жақты кеңес өткізуді ұсынды.

Сергей Лавров:

  • Біз басқа елдерге шабуылдаймыз ба? Біз басқа елдерге шабуыл жасауды жоспарламаймыз. Украинаға біз… көп рет түсіндірдік: Ресей федерациясының қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген шақ келді.
  • Ресей экономикалық проблемаларымен өзі айналысады. Еуропа Ресейдің газын сатып алмаса басқа алатындар табылады.
  • Мұнда (Антальяға - Ред.) атысты тоқтатуға келісу үшін келген жоқпыз. Оны Беларусьтегі келіссөз тобы талқылайды.
  • Ядролық соғыс басталатынына сенбеймін және сенгім келмейді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Антальядағы баспасөз мәслихатында Украинаны батыстың еркіне жығылды деп айыптады.

Лавров "Шабуылға ұшыраған Мариупольдегі аурухана мен перзентханада дәрігерлер мен науқастар болмады, онда "Азов" батальоны не басқа бір топ болды" дейді.

Бірақ АР ақпарат агенттігі таратқан мына фотолардан аурухана мен перзентханадан жүкті әйелдердің эвакуацияланғанын көруге болады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG