Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге доллар банкноттарын жеткізуге шектеу қойды. Бұған дейін Еуропа одағы Ресейге еуро банкноттарын жіберуді шектеген.

Ресей билігі 9 наурыздан бастап ресейлік банктердегі есепшоттардан 10 мың доллар ғана алуға рұқсат берген, ал қалған ақшаны жұрт тек рубльмен ала алады. Бұл шектеу 2022 жылы 9 қыркүйекке дейін енгізілген.

Мариуполь қаласының кеңесі телеграм каналында қалада 1582 адам қаза болғанын жазды.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, Мариуполь ресейлік әскерилердің қоршауында және бірнеше күннен бері шабуылға ұшырап жатыр. Қалаға гуманитарлық жүк, су, дәрі-дәрмек кіргізу мүмкін болмай тұр. Халық қаладан шыға алмай отыр.

Кеше, 10 наурызда Украина президенті Зеленский Мариуполь қоршауда екенін растаған.

Андрей Колесников
Андрей Колесников

Батыс басылымдары Ресейдің ықпалды генералы Украинада қаза болғанын жазып жатыр. Халықаралық басылымдар қаза тапқан генерал Ресейдің Шығыс округынан деп жазып жатыр.

Бұған дейін Украина әскерилері Ресейдың Шығыс округының 29-бөлімшесінің командиры, генерал-майор Андрей Колесниковтың қаза тапқанын айтқан.

Ресей жағы бұл ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Бұған дейін сарапшылар ресейлік жоғары дәрежелі әскерилердің Украинаға бармағанынан Мәскеудің операциясы дұрыс жүрмей жатыр деген.

BBC-дің орыс қызметі Ресей Украинадағы соғысқа "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының адамдарын жалдап жатқанын хабарлады.

Ақпанның соңында "Вагнер" жауынгерлері Украина президенті Владимир Зеленскийді өлтіру үшін Киевке жіберілді деген ақпарат тараған.

ВВС-дің жазуынша, бұрын "Вагнер" қатарына өту қиын болса, қазір тәртіп жеңілдеген. Краснодар қаласы түбіндегі Молькинодағы іріктеу орнында тек Ресейде туғандар әскерге алынатын, қазір бұл талап өзгерген, оған тіпті өздерін республика деп жариялаған "ДХР" мен "ЛХР" аймақтарының, Ресей аннексиялаған Қырым түбегінің тұрғындары да, шетелдіктер де қосылып жатқан көрінеді. Бұрындары үміткердің сотталмағанын, әскери борышы жоқ екенін анықтап алатын, қазір оған да қарамайды деп жазады тілші.

"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы алғаш рет "ЛХР"-да 2014 жылы пайда болған. Украина шығысында сепаратистермен соғыс басталғанда Луганск әуежайын алуға осы топтың жалдамалы солдаттары қатысқан.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG