Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің жай-жапсары:

Украина президенті кеңсесінің өкілі Михаил Подоляк ресейлік "Коммерсант" басылымына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің кейбір детальдарына тоқталған.

Оның сөзіне қарағанда, келіссөз процесі тоқтамаған. Екі тарап толық келіспей оның детальдарын хабарламауға ұйғарған. Подоляктың сөзіне қарағанда, тараптардан бір-бірін құрғақ кінәлау емес, келісімге келу талпынысы да байқалған.

Бұрынғыдай емес, Ресей жайттарға "адекватты" қарай бастаған – мысалы, "денацификация" мәселесі (Ресей осыны алға тартып Украинаға басып кірген) енді талқыланбайтын болған. Ресей тарабынан келіссөзге қатысқандар ол жөнінде бірінші келіссөзде ғана айтқан – Украинада нацизмнің кез келген түріне заңмен баяғыдан тыйым салынғанын естіп, таңғалған.

Подоляктың айтуынша, келіссөздің төртінші раунды тараптар видеобайланыс арқылы қандай да бір форматын анықтаған кезде өтеді.

Ресей атқылаған әскери полигон жайлы мәлімет:

BBC-дің жазуынша, Ресей атқылаған Бітімгершілік және қауіпсіздік орталығы Польша шекарасынан – шамамен 10 шақырым, Львов қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан.

Полигонның аумағы – 390 шаршы шақырым. Оған бір мезетте 1790 адам сияды. Атқылау кезінде онда қанша адамның болғаны белігісіз.

Полигон "Бейбітшілік мақсатындағы ынтымақтастық" бағдарламасы аясында Украина әскерін дайындықтан өткізу үшін пайдаланылған. Оған елдің НАТО-дағы әріптестері де қатысқан.

Львов – Украинаға гуманитарлық және әскери көмек жеткізіліп келген негізгі пунктердің бірі.

Ресей әскері Львов облысындағы полигонды атқылаған. Облыс басшысы Максим Козицикийдің хабарлауынша, 9 адам қаза болған, 57 адам жараланған.

PayPal 18 наурыздан бастап ресейліктердің электронды әмияндарын бұғаттайды

Төлемдерді жіберіп қабылдауға мүмкіндік беретін PayPal қызметі Ресейде тоқтатылады. Бұл жөнінде компания хабарлады. Ресейдің Украинаға басқыншылық жасауына байланысты осындай шешім қабылданған. 1998 жылы пайда болған әлемдегі ең ірі электронды төлем жүйелерінің бірі PayPal 202 елде жұмыс істейді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG