"Майдан" немесе "Еуромайдан" – Украинадағы демонстрацияларды бақылап отырғандар үшін таныс сөздер. "Майдан" сөзі "алаң" деген мағына береді, ол – Киевтегі шерушілердің жиналатын орны, Еуропаға ұмтылғандардың басты майданы.
"Титушки" - спорт киімін киген шымыр денелі жігіттер. Олар құпия қызмет органдарының нұсқауымен арандатушылықпен айналысады, демонстранттарға, полицейлерге шабуыл жасайды, сөйтіп бейбіт шараны бүлікке айналдырады. Мына видеодан Киевтегі наразылық шарасына автобустармен жеткізіліп жатқан «титушкаларды» байқауға болады. "Титушки" – тікелей Еуромайданмен байланысты жаңа сөз емес. Биыл мамыр айында Киевте журналистерді мығым денелі жігіттер соққыға жығып кеткен. Сол қылмысы дәлелденіп, жазаға тартылғандардың бірі – Вадим Титушконың "құрметіне" «титушки» сөзі пайда болған. Титушконың өзі жағымсыз мағынадағы терминнің өз есімімен байланысты айтылуына наразы.
"Беркут" – украиндар полицияның бүлік кезінде әрекет ететін ерекше жасағын осылай атайды. Қарашаның 30-ы күні Киев қаласындағы наразылық шараларын басу кезінде күш қолданғаны үшін дәл осы «Беркут» жасағы айыпталып отыр. Ресейдің қауіпсіздік күштерін жақсы білетін америкалық сарапшы Марк Галеотти бұл жасақ туралы жақсы талдау жасаған. Ол "Беркут" қатарына тарту туралы видеоны да шолып шыққан.
"Беркутовец" – бүлікті басушы полиция сарбазы.
Банков көшесі – Киевтің орталығындағы президенттің кеңсесі орналасқан көше, соңғы күндері ең ауыр қақтығыстар дәл осы көшеде болып жатыр. Полиция қойған баррикаданы трактормен бұзуға тырысқан оқиға да (бұл арандатушылардың әрекеті болуы да мүмкін) осы көшеде болды.
"Зек" – «түрмеге қамалған кісі» дегенді білдіретін жаргон сөз. Бұл президент Виктор Януковичті кекету мақсатында қолданылады, ол осыдан 40 жыл бұрын ұрлық жасағаны және төбелескені үшін айыпты деп танылып, түрмеде отырып шыққан.
"Майдан тулары" – Украинаның көк-сары және Еуропа Одағының көк туларымен қоса шерушілер басқа да байрақтар ұстап жүр. Олардың арасында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германия мен Совет Одағына қарсы майдан ашып, елдің тәуелсіздігі үшін күрескен, Батыс Украинада қатты қастерленетін "Украинаны азат ету армиясының" қара-қызыл түсті туы бар. Ал елдің шығысындағы ресейшіл халық керісінше "Украинаны азат ету армиясын" «сатқындар» деп санайды. Бұған қоса шерушілер қазір оппозиция жетекшісіне айналған боксшы Виталий Кличко басқаратын "Удар" партиясының қызыл-ақ туын және Қырым татарларының ақ туын көтеріп шығып жүр. Бұған қоса Қырым мен Еуроодақ тулары біріктірілген жаңа үлгідегі тулар да бар.
"Секірмеген адам «москаль»" ("Хто не скаче той москаль") – Еуромайдандағы шерушілер әдетте осы ұранды дауыстап айтып, секіріп жатады. Дегенмен, бұл тек демонстранттарға қатысты ұран емес екен. Мына видеода украин футбол клубының фанаттары метрода осы ұранды айтып қарғып жатыр. «Москаль» - «мәскеулік» деген мағынаны беретін көне сөз. Қазір бұл сөз жалпы орыстарға қатысты кекесінмен айтылады. Кейбір орыстар «москаль» деген сөзді естісе шамданып қалады.
"Януковичті – к...ке, Украинаны - Еуропаға!" ("Януковича в ж...пу, Україну в Європу!") – шерушілердің айтатын дөрекі ұраны.
"Масқара!" ("Ганьба!") – Еуромайдан шерушілері жиі қайталайтын ұрансөз.
Кэтлин Мур мен Павел Буториннің материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.