Қырымдағы жексенбі
Қырым астанасы Симферопольде жексенбі тыныш өтіп жатыр. Қала көшелерінде қарулы адамдар көрінбейді. Алайда жергілікті әуежай әлі қарулы топтың қолында. Ресейдің Федерация кеңесі ел президенті Путиннің "Украинада Ресей әскерін пайдалану" туралы ұсынысын қуаттап, "ондағы орыстілді тұрғындарды әскермен қорғауға" қаулы шығарды. Бұл оқиға Ресей мен Батыс елдері қатынастарын "қырғиқабақ соғыс" жылдарындағыдай ушықтырып жіберді. Қырымдықтардың кейбірі Ресейді "жағдайды шиеленістірді" деп айыптаса, кейбірі Мәскеу әрекеттерін қолдайды.