«Шығыс Украинада ауа райы түнеріп тұр. Бұл тіпті Ресейге де сезіліп отыр» дейді Вадим Заводченков бір аптаға берілетін ауа райы болжамында.
Ол – «Россия 24» мемлекеттік телеарнасының метеорологы.
«ЖАЙБАРАҚАТ ҚЫРЫМ»
«Циклон әсерінен ұйытқыған жел соқты. Бұл – Украинаның Донецк қаласында демалыс күндері болған өзгерістер желі болуы мүмкін. Ал ресейлік Қырымда нөсер жауды» дейді ол.
Заводченковтің ауа райы болжамы Украинаның оңтүстік-шығысындағы саяси ахуалдың сипаттамасына ұқсайды. Шығыс Украина қалаларында ресейшіл сепаратистердің үкіметтік ғимараттарды басып алғаны белгілі. Киев оларға қарсы «ауқымды әскери операция бастайтынын» мәлімдеген.
Метеоролог сәуірдің 14-і мен 20-сы аралығына жасаған ауа райы болжамында «Украина үкіметіндегі дағдарыс кесірінен мұндағы жағдай жетер жеріне дейін ушықты. Донбаста бүгін, не ертең жаңбыр себелеуі мүмкін» дейді.
«Бұндағы қақтығыстар температурасының қаншалықты қызатынын білмейміз. Ал ауа райына келсек, температура тек көтеріле береді» дейді ол тағы.
Украинаның өткен айда Ресейге қосылған аймағын Заводченков «Жайбарақат Қырым» деп атайды. Метеоролог ондағы ауа райын «жанға жағымды, жаймашуақ» болады деп сипаттайды. Бұған қоса «осы жылы түбекте күн әдеттегіден ерте жылынды» деп тұспалдайды.
Заводченковтің ауа райын саяси жағдаймен сапырылыстыруы алғаш рет емес. Ол жұмыс істейтін «Россия 24» арнасы – Кремльдің жаршысы. Заводченковтің ауа райы болжамдарын осы ресейлік телеарна сайтынан көруге болады.
«ШЕРУЛЕР МЕН ҚОЛАЙСЫЗ АУА РАЙЫ»
Ол өткен жылы желтоқсанның басында Украинада үкіметке қарсы жаппай шерулер басталғанда оның себебін «жағымсыз ауа райынан» көрген. Сол жолы Заводченков «жағымсыз ауа райы адамдарды қақтығысқа итермелейді» деген еді. Дәлел ретінде Колумбия университетінің ешкімге белгісіз зерттеуін келтірген.
«Ауа райының күрт өзгеруі агрессияға, тіпті заңсыз әрекеттерге итермелеуі мүмкін» деп болжайды метеоролог.
Ол тіпті Киевте үкіметке қарсы шеруге шыққан азаматтарға қамқорсып, «аязды күні сыртта көп жүру денсаулыққа зиян» екенін айтты. Заводченков шерушілерге тыныс жолдарының инфекциясына шалдығулары мүмкін екенін де ескерткен.
Алайда шерушілер де ол кезде алаңнан кете қоймады, Ресейдің «ерекше» метеорологы да ауа райы мен саясатты араластырып, қойыртпақ болжам жасаудан қайтпай келеді.
Қаңтар айында Заводченков шерулердің денсаулыққа зияны жайында тағы бір ескерту жасаған. Бұл жолғысы бұрынғысына қарағанда қоқан-лоқыға көбірек ұқсап кетті. Ол «Шерушілер баррикадаларда жанып жатқан шиналардың улы түтінін жұтатындықтан, рак дертіне шалдығулары мүмкін» деп мәлімдеді.
(Фарангиз Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан)