Accessibility links

«Орыс солдаты Макеевканың түбінде тұр»


Актер Владимир Талашко Украинада түсірілген әлеуметтік жарнама ролигінде.
Актер Владимир Талашко Украинада түсірілген әлеуметтік жарнама ролигінде.

«В бой идут одни старики» фильмінде ойнаған актер Владимир Талашко украинаның патриоттық сарындағы ролигіне түсті.

Ресей Ұлы Отан соғысы деп атайтын соғыстағы жеңісті қазір Украинамен қақтығыста өз мүддесіне пайдаланып отыр. Жеңістің ойдан шығарылған символы – Георгий лентасы ресейшіл қарулы күштердің белгісіне айналды. Ресейшілдер қарсыластарын – украиналық жауынгерлерді «фашистер» деп атайды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын, Украинамен соғыс басталмай тұрғанда-ақ Владимир Путин тікелей эфир кезінде байкер Александр Залдостановтың сұрағына берген жауабында: «Ресей Ұлы Отан соғысында Украинасыз да жеңетін еді» деп мәлімдеген.

УКРАИНАНЫҢ РОЛИГІ

Бірақ 9 мамыр қарсаңында Украинада түсірілген әлеуметтік жарнама роликтері мұндай түсініктегі Ресей қоғамына жайсыз тиюі мүмкін. Бұл роликтер «Ресей қазір Украинаның шығысындағы фашистермен соғысып, Ұлы Отан соғысы жеңімпаздарының ісін жалғастырып жатыр» деген түсінікке соққы береді.

Украинаның ұрысты басқаша қабылдайтынын актер Владимир Талашко ойнаған ролик те дәлелдей түсті. Бір минуттық фильмде қария ордендері бар әскери киімін киіп, 9 мамыр мерекесіне дайындалады. Ал немересі Украина үшін соғысуға әзірленіп, елдің шығысындағы террорға қарсы операцияға аттанады, солайша Киев сарбазы Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен совет сарбазының ізбасары тәрізді бейнеленген.

Бұл роликке түскен актер Владимир Талашко кезінде танымал болған «В бой идут одни старики» фильмінде ойнаған. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң өмірге келген, былтыр ұрыс алаңы болған Донбаста өскен. Владимир Талашко Украинаның шығыс шекарасында соғыс болады деп ойламағанын айтады. Актер жеңістің 70 жылдығына арналған роликке «В бой идут одни старики» фильміндегі аға лейтенант Скворцовтың рөлін пайдалануды өзі ұсынған. Владимир Талашко Ұлы Отан соғысында кезінде Ресей жалғыз өзі-ақ жеңетін еді деген көзқарас өзіне де ұнамағанын айтады.

please wait

No media source currently available

0:00 0:06:57 0:00
Жүктеп алу

– Мүмкін, орыс халқы ұлы жеңістің үлкен жүгін көтерген шығар. Бірақ қазір басқа халықтарды қорлап, армян, грузин, украиндар мен еврейлерді кемсітіп, жеңіске тек ұлы орыс халқы жете алар еді деу – әдепсіздік. Ресей соғыста жалғыз өзі жеңетін еді деп орыстардың бәрі ойлайды дегенге сенбеймін. Ол – әділетсіз, қате пікір, ең бастысы – жалған. Маған ұсыныс түсіп, осы рөлге бекіткен кезде бұл «В бой идут одни старики» фильмінің жалғасы тәрізді деген хаттар көптеп келді, екінші сериясы ретінде қабылдады. Сурет (роликте кинодағы сурет қолданылады) те, ұшақ, фуражка да сол адамның сол кездегі өмірінің бір кезеңі сияқты.

Мен сомдаған кейіпкер расымен де сол соғыс пен жеңіс бір адам, бір армия, бір ұлттың меншігі емес екеніне жауап береді.

Мен сомдаған кейіпкер расымен де сол соғыс пен жеңіс бір адам, бір армия, бір ұлттың меншігі емес екеніне жауап береді. Соғысты танкімен, қарумен ғана емес, әнмен, махаббатпен, сенім және үмітпен жеңуге болатынын дәлелдейді. Советтік кезеңде және қазіргі таңда түсіріліп жатқан көптеген фильмдер ішінде Леонид Быковтың фильмі соншалықты күшті әрі маңызды, оны тіпті Ресей өзінің жетістігіне жатқызғысы келеді.

Бұл картинаны Александр Петрович Довженконың киностудиясы Украинада түсірді, демек Украинадағы соғыс туралы да айтылады. Роликті таныстырған кезде кинодағы Быковтың сөзінен үзінді келтірдім. Ол «Украинамның үстінде соғысқандарыңды қалай байқамадыңдар?» дейді. «Оны қалай байқаймыз?». «Жоға, жер де, ауа да, аспан да ерекше көкпеңбек емес пе?». Бұл Украина – Малороссия емес.

Осыдан 25 жыл бұрын әйгілі «А зори здесь тихие...» фильмін түсірген Ростицкий тірі еді. Ол да, басқа да режиссерлер де «Баллада о солдате», «Отец солдата» фильмдерін «Жеңіс киносы» фестиваліне ұсынды. Украинаның халық әртісі, менің жерлесім, Краматорск тумасы Быковтың «В бой идут одни старики» фильмі ең озық деп танылды.

Қазір Украина армиясының ардагерлері, басқа да ардагерлер әлдебір шенеуніктің «соғыста тек бір ұлт жеңді» деген сөзіне өкпелейтін шығар деп ойлаймын, соны естігеніме ұяламын. Бұл – жалған. Бұл – бәріміздің ортақ жеңісіміз.

Бірінші арнадағы «Наедине со всеми» деген бағдарламаның жүргізушісі Юлия Меньшова мені шақырып, «Жеңіс күнін тойлаймыз, біздің ардагерлер қалампыр гүлін ұстап шығады, ал сіздер неге көкнәр алып шығасыздар?» деп сұрады. Ғапу етіңіздер, сіздерде қалампыр болса, бізде Киев Русінен бері келе жатқан өз гүліміз бар.

– Сіздіңше, Украина бұрынғы және қазіргі соғысты салыстыра қабылдай ма?

– Соғыстан аман қалған әжем «ең бастысы соғыс болмасын» деп отыратын. Ал Ресеймен соғысамыз деген ой менің құрдастарымның түсіне үш ұйықтаса да кірмеген болар. Мен қазір орыс халқы туралы айтып тұрған жоқпын. Себебі ол жақта жиі боламын, Кремльдің қылығын қолдамайтын көптеген ақылды адамдар, мәдениет, өнер қайраткерлері бар.

Бұл Кремльдің империялық амбициясының шабуылы екенін ашық айту керек.

Бұл Кремльдің империялық амбициясының шабуылы екенін ашық айту керек. Ол тұтас халықты ықпалынан шығарғысы келмеді. Менің кішкентай отаным Донбаста туындаған мәселелерге ұзақ жылдар бойы адамдардың көмір, металл сияқты сатып алуға және ұрлауға болатын заттарға қызыққаны себеп болды. Оларды рухани байлық, шыққан тектері толғандырған емес.

Бірақ бұл мәселелерді өзіміз шешейік, өз еркімізге қалдырыңыз. Әжем «отбасы мүшелері ұрысса, көршілер араласпасын, өздері шешсін» дейтін еді. Мен Макеевкадан Киевке түстім, украин тілінде сөйлемедім, Донбаста бәрі орыс тілінде сөйлейтін, оларды ешкім өлтірген жоқ. Лениннің «халықтар түрмесі, империя» деп айтқаны есімде. Өкінішке қарай, Совет одағында жақсылықпен қоса, жаманшылықтар да көп болды.

– Сіз Донбастан шықтыңыз ғой, ол жақта Ресейге қосылғысы келетіндер көп пе?

– Майдан кезінде, бір жыл бұрын сонда болдым, ол кезде соғыс жоқ еді. Жақында Ресейге бардым. Өкінішке қарай, ол жаққа жиі бармаймын, бірақ Ресейдің еш жерінен украин солдатын көрмедім. Ал орыс солдаты Макеевкамның түбінде тұр. Сонда тұратын бауырым олардан жапа шегіп отыр.

Донбасс – өз алдына жеке тақырып. Ол жақта тұрдым, көптеген адамдар әлі күнге дейін орысша сөйлейді. Бір жыл бұрын қалалық атқару комитеті 9 мамырда жерлес ретінде мені шақырды. Ондағы шыттай киінген казактар «Донбасс демократиялық республикасы» деп жүрді. Қала мэрінен жөнін сұрасам: «Ақымақ болып, демократия ойынын ойнап жүр» деді. Көшедегі тәртіпке жауап беретін, сол үшін ақша алатын шенеуніктер мен генералдардың бәрі: «Демократия ойынын ойнап, құмарларынан шықсын» деп қарап тұр. Міне, ойындары осылды. Рас, олардың бәрі қазір қашып, әр жерде тығылып жүр. Әрине, бір мемлекеттің, өздері айтатындай, аға халықтың қылмыскерлерді жасырғаны – ұят. Оның бәрі алдын ала ойластырылды деп ойлаймын.

– Ресейде жұмыс істеуіңізге кедергі туады деп қорықпайсыз ба?

– Соңғы уақытта Благовещенскіде, Ресейдің көптеген қалаларында қызықты шығармашылық кездесулер болды, ресейлік телеарналар шақырды. Мен өзімді ғана емес, Украинаны, Украина киносын және өзім түскен «Русь изначальная», «Иван Федоров», «Черный квадрат» фильмдері арқылы Ресей киносын таныстырдым.

Енді бүгінгі сізге берген сұхбаттан соң тыйым салулары да мүмкін. Петербургтегі жеңіс күніне шақырды, оған бармадым. Малаховтың «В бой идут одни старики» картинасы туралы бағдарламасына баруым керек еді, ол қазіргі кезде бүкіл арналардан көрсетіледі. Олардың және біздің отымызға май құймау үшін әдейі бармадым. Тіпті, кино туралы пікіріміз бірдей емес. Байқайсыз ба, қазір тіпті киноның өзін орыс киносы деп бөледі. Жоқ, бұл – біздің кино, жеңіс туралы, халық туралы кино.

– Елдің шығысында опат болған украиналық солдаттың жесірі босанған перзентханаға барыпсыз.

– Аман-есен босанды, перзентханадан да шықты. Керемет тамаша қыз бала өмірге келді. Көп адам, достары, бөлімше жауынгерлері болды. Ол солдат отанын қорғады. Украина расымен де біздің отанымыз, оған таластары болмасын. Осындай уақытта өмірге сәби әкелу – халықтың тірі екенін және әлі де өмір сүретінін растайды. Мұндай заманда өмірге ұрпақ әкелген халықты ешкім жеңе алмайды.

Мұндай заманда өмірге ұрпақ әкелген халықты ешкім жеңе алмайды.

Әкесі жоқ болса да, оның отаны бар, анасы бар, кеше сол жерге барған адамдар бар. Олардың ішінде Украинаның халық әртісі Ирина Сказина болды. Тамаша адам, Цветаева, Ахматова, Пастернактың романстарын айтады. Мәдениет деген Кремль емес, Врубель емес. Маяковский, Леся Украинка, Франко, Симоненко – мәдениет деген осы.

– Украина үшін қазір елдің шығысындағы соғыс халық майданы ма?

– Біреулер таң қалатын шығар. Қазір Киевте өмір қайнап жатыр, адамдар күліп-ойнап, үйленіп жатыр, ал ана жақта сүргін, адамдар бомбадан қашады, жертөлеге тығылады. Бірақ тұтас Украина соғысқа қаражат жинап жатыр, соны есепке алу керек. Қазір экономикамыздың жағдайы нашар екені рас, өндіріс те құлдырады, бұл соғыс талай сергелдең салды, бірақ осы былықтың бәрін біреу тазалау керек еді.

Қазір халық бар күшін жиып, террорға қарсы операцияға көмектесіп жатыр. Өкінішке қарай, Ресейдің ықпалымен болар, көптеген жылдар бойы ел билеушілері армия мен күш құрылымдарын әлсіретіп тастады. Қазір соның орнын толтыру керек. Мен ауруханаларға, балалар үйлеріне, Донбастан қашқан босқындар үйлеріне жиі барамын. Қазір әрбіріміз осы соғыс болмасын деп әрекет етіп жатырмыз. Басқа армияның өкілі сенің жеріңде соғысса, бұл – бұл соғыс, жерімізді қорғауымыз керек. Ең бастысы, Ұлы Отаны соғысының жеңісі бұрынғы Совет Одағы халқының ортақ жеңісі еді. Сондықтан өмір сүре береміз.

Валентин Барышниковтың мақаласын орысша тілінен аударған – Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG