Ондаған мың адамды Януковичтің биліктен кетуін талап етіп Киевте баррикада құрып тұруға мәжбүр еткен себептер жетерлік. Дегенмен азаматтық белсенділердің айтуынша, халықты ашындырған басты себеп – соңғы жылдары тамырын тереңге жайған сыбайлас жемқорлық.
Украинаның азаматтық белсенділері өткен олқылықтардың орнын толтырады-ау деген құқықтық реформаларды тездетіп жүргізуді талап етіп жатыр. Бірақ бұл да оңай шаруа емес.
«Құтқарушы реформалар пакеті» азаматтық ұйымының басшысы Дмитрий Котлярдың айтуынша, Еуромайдан революциясы жеңіске жеткеніне қарамастан, елдің жемқорлыққа белшесінен батқан саяси жүйесі тамырын тереңге жайған. Сондықтан оны өзгерту өте қиынға соғады.
Сәуірдің 10-ы Прагада өткен жемқорлықпен күрес сарапшыларының бүкіләлемдік жиыны саналатын Дүниежүзілік басқару форумында сөйлеген сөзінде ол парламенттің жаңа құрамы әлі жасақталмаған тұста Еуромайданның реформаларға қатысты талаптарын орындау өте қиын болатынын айтты.
Келесі парламент сайлауы тек 2017 жылы өтуі тиіс.
ДЕПУТАТТАРҒА ҚЫСЫМ
Украина парламенті – Жоғарғы Раданың қазіргі депутаттары 2012 жылы сайланған. Ол сайлауда президент Виктор Януковичті қолдайтын Аймақтар партиясы парламенттегі орындардың көпшілігін иемденген. Янукович биліктен кеткен соң 450 депутаттың 150-і елден қашып кетті, ал олардың орнына ешкім келген жоқ.
Котлярдың айтуынша, Украинаның азаматтық ұйымдары реформаларды жеделдету үшін біраз заң жобасын әзірлеп қойған.
"Парламент сессиясы өтіп жатқан әр апта сайын азаматтық ұйымдар 5-6 заң жобасын ұсынып отырады. Олар депутаттарды парламент ғимаратының алдында күтіп алып, талап-тілектерін қолдарына тапсырып жүр" деді Котляр.
Оның айтуынша, Киевтегі Тәуелсіздік алаңында демонстранттардың, соның ішінде Янукович режимін құлатуға қатысқан өзін өзі қорғау күштерінің болуы депутаттарды ширақ қимылдауға мәжбүрлеп отыр.
«Құтқарушы реформалар пакеті» тобына жүзден астам азаматтық ұйым мен сарапшылар кіреді. Бұлардың барлығы бірлесіп реформаларға қатысты заң жобаларын әзірлеумен айналысып жатыр.
Киевте орналасқан «Жемқорлыққа қарсы әрекет» орталығының өкілі, әрі азаматтық белсенді Дарья Каленюктің айтуынша, жемқорлыққа қатысты заңдар олар ұсынып жатқан жобалардың ішінде алдыңғы орындарда тұр.
"Қазір біз келіссөздер өткізіп, тікелей ықпал ететін шаралар ұйымдастырып, ақпарат құралдарында мақалалар жариялау арқылы бұл заң жобаларын тезірек қабылдатуға күш салып жатырмыз. Украинаның мемлекеттік қаржысын миллиардтап жымқыруға жол беретін заңдағы олқылықтардың орны тезірек толтырылғанын қалаймыз" деді ол Прагада жиында сөйлеген сөзінде.
Азаматтық белсенділер өзгерістерді жеделдету үшін биыл күзде парламент сайлауын өткізу керек деп санайды. Алайда депутаттар асығар емес.
Мамырдың 25-іне жоспарланған президент сайлауы реформаларды бұлайша жеделдете алмайды дейді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.
"Әзірше біз екі негізгі үміткерді көріп отырмыз, бірақ бұлардың екеуі де бұрынғының адамдары. Олар – басты үміткерлер, себебі саясатты үлкен ақша билеп тұрған заманда жаңа тұлғалардың бас көтеруі қиын" дейді ол.
Президенттікке басты кандидаттар – бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко мен саясатта 10 жылдан бері жүрген бизнесмен Петр Порошенко.
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ
9-11 сәуір аралығында өткен Дүниежүзілік басқару форумы деп аталған үш күндік жиынға қатысқан Украинаның азаматтық ұйымдарының өкілдері жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесін үйреніп, мемлекетті дұрыс басқарудың жолдарын пысықтады.
Чехия астанасында жыл сайын өткізілетін бұл жиын украиндардың дәл осындай проблемаларды шеше алған Орталық және Шығыс Еуропадағы советтік лагерь елдерінің тәжіибесін үйренуіне мүмкіндік береді.
"Украина Вацлав Гавелдің мақпал революциясы тұсында болған қиындықтарды бастан кешіп жатыр. Революциядан жемқорлықтан ада, сәтті де табысты басқарудың тұрақты жүйесіне қалай өту керек, басты мәселе сонда" дейді осы форумның негізін қалаушылардың бірі, АҚШ-тың Чехиядағы елшісі Норман Эйсен.
Осымен үшінші жыл өткізіліп отырған бұл форумда азаматтық қоғам өкілдері өзара таныс-біліс болып, ортақ жобалар жасауға уағдаласады, көрген-білген, көкейге түйген жайттармен бөліседі. Оны Вашингтонда орналасқан Brookings институты мен Прагада орналасқан Zaostreno қоғамдық ұйымы ұйымдастырады.
Чарльз Рекнагельдің мақаласын аударған – Мұхтар Екей.