Accessibility links

Украина сайлауына Қазақстанның реакциясы


Петр Порошенко баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. Киев, 26 мамыр 2014 жыл.
Петр Порошенко баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. Киев, 26 мамыр 2014 жыл.

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, Петр Порошенко үшін Украинаны экономикалық дағдарыстан шығару мен Ресеймен қарым-қатынас орнату ең қиын сынақ болмақ.

Украинада өткен президент сайлауының алдын-ала қорытындысы бойынша 48 жастағы бизнесмен, саясаткер Петр Порошенко ең көп дауыс жинап алда тұр. Порошенко – Украинаның ең ауқатты адамдарының бірі. Forbes журналы наурыз айында оның байлығын 1,3 миллиард доллар ретінде бағалады.

Қазақстандық сарапшылар Петр Порошенконы «келіссөзге ыңғайлы, прагматик саясаткер» ретінде сипаттайды. Бірақ оның Украинаның Ресеймен қарым-қатынасы сияқты күрделі мәселені реттей алатынына күмән келтірушілер де бар.

1998 жылдан бастап мемлекеттік деңгейдегі саясатқа араласа бастаған Порошенко Украина ұлттық банкінің басшысы, экономика министрі, сыртқы істер министрі сияқты әртүрлі дәрежедегі лауазымды қызметтер атқарған. Ол Украинаның Еуропаға бет бұрғанын қолдайды. Киевтегі «Майданды» қолдаған елдегі аз олигархтың бірі.

ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕР

Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, Украинаның жаңадан сайланған президентінің алдында кезек-кезегімен шешілуі тиіс ең негізгі мәселелер – көрші Ресеймен байланыс және елді экономикалық дағдарыстан шығару.

«Порошенконың өзі федерализацияға қарсы екенін айтқан болатын. Демек, бұл
Cаясаттанушы Досым Сәтпаев.
Cаясаттанушы Досым Сәтпаев.
оның Украинаның шығысындағы сепаратистік көңіл-күйге қатысты мәселелерде қатаң шараларға жүгінетінін аңғартады. Екінші жағынан алып қарағанда, ол Мәскеумен диалог орнату мүмкіндігін айтты. Бір-біріне астасып жатқан өзара қайшы екі мәселені шешу қолынан келе ме, жоқ па, айту қиын» дейді Сәтпаев.

Сәтпаевтың сөзінше, «экономикалық күйреу алдында тұрған Украинада» мемлекет басшысынан қоғам жылдам жақсы нәтиже күтеді, мұндай жағдайда оның «үміт президентінен» «көңіл қалдыру президентіне» айналуы оп-оңай.

Өткен айда Украинаның бірнеше аймағында болып қайтқан тәуелсіз журналист, азаматтық қоғам белсендісі Сергей Дуванов Украинаның болашағына қатысты оптимистік болжам айтады. Оның пікірінше, «жемқор билікті жеңген» украин халқының табандылығы, ерік-жігері елдегі жағдайды түзеуге жетеді.

«Менің ойымша, Петр Порошенконың жағдайды түзеп, елдің дамуына серпін
Журналист Сергей Дуванов.
Журналист Сергей Дуванов.
беруіне шамасы жетеді. Оның себебі де қарапайым – тұтас украин қоғамы соған талпынып отыр» дейді Сергей Дуванов.

Дувановтың пікірінше, Порошенко қоғамның бағытын қайта анықтап әуреге түспейді, халық салып берген ізге түсіп кете береді.

«Сондықтан мен бұл тұрғыда оптимистпін, олардың қолынан іс келеді деп ойлаймын. Мен Украинада болдым, адамдарды көрдім, білемін» дейді ол.

Журналист Ресей мен Украинаның экономикасы біте-қайнасып жатқандықтан екі ел де қарым-қатынасын жақсартуға мүдделі деп санайды.

«КЕЛІССӨЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ САЯСАТКЕР»

Украинадағы президенттік сайлауда Петр Порошенконың басты қарсыласы – Юлия Тимошенко болды. Украинадағы саяси дағдарысты өзі көріп қайтқан
Қоғамдық белсенді Жанболат Мамай.
Қоғамдық белсенді Жанболат Мамай.
қазақстандық қоғам белсенділерінің бірі Жанболат Мамай бұл елде Порошенконың Тимошенкоға қарағанда «келіссөздерге ыңғайлы» саясаткер ретінде танылғанын айтады.

«Соңғы кезде байқап келемін. Мысалы, Юлия Тимошенко өз сөзінде НАТО-ға кіру бойынша, радикалды шешім қабылдау керектігін айтып жатса, Петр Порошенко Еуропамен интеграция мәселесін көтергенімен НАТО туралы бір ауыз сөз айтқан жоқ. Ол Ресеймен Қырым бойынша соғысуға баратын адам емес» дейді Жанболат Мамай.

Мәжіліс депутаты, билікшіл коммунистік халық партиясының жетекшісі Владислав Косарев «Украинадағы жаңа билік барлық тараппен бірдей дос
Мәжіліс депутаты Владислав Косарев. ("Хабар" телеарнасы видеосынан алынған сурет)
Мәжіліс депутаты Владислав Косарев. ("Хабар" телеарнасы видеосынан алынған сурет)
болғысы келсе, тек Брюссельге ғана емес, сонымен бірге құрлықтың Азия бөлігіндегі елдерге де қарап қойғаны дұрыс» дейді.

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін заңды президенттік сайлау өткізуге шақырып, Украинаның кез-келген заңды президентімен қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтып келе жатқан ресми Астана жақын уақытта қиын мәселеге тап болмақ.

«Егер Петр Порошенко президент сайланып, оның заңдылығын халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі мойындап, Украинаның шығыс бөлігі мойындамаса, мұндай жағдайда Астана өзін қалай ұстауы керек? Мұндай «жаңа дипломатиялық ордан» Қазақстан басын тік көтерген күйі шығатындай жағын ойластыруы керек» дейді Сәтпаев.
Біз Украина халқының таңдауына құрметпен қараймыз.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі.


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украинада өткен президент сайлауына қатысты дүйсенбіде күннің соңына қарай ғана ресми мәлімдеме жасады. Министрліктің хабарламасында: «Қазақстан ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар тарапынан бақылаумен ел азаматтарының еркін білдіруін қамтамасыз еткен Украина президентін сайлауын өткізуді құптайды... Бұл дауыс беру Украинадағы ахуалдың тұрақталуы жолында маңызды қадам болды. Біз Украина халқының таңдауына құрметпен қараймыз және саяси тұрақтылықты, қоғам бірлестігін, Украинаның одан әрі экономикалық және демократиялық дамуын нығайтуға бағытталған әлемдік қауымдастық ұмтылысын дәйекті түрде қолдап отырамыз» деп жазылған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG