Accessibility links

Қаза тапқан журналистер есімі мұражайға жазылды


Кәсіби міндетін атқару кезінде мерт болған журналистердің суреті. Newseum жаңалықтар мен журналистика музейі. Вашингтон, 30 қыркүйек 2009 жыл.
Кәсіби міндетін атқару кезінде мерт болған журналистердің суреті. Newseum жаңалықтар мен журналистика музейі. Вашингтон, 30 қыркүйек 2009 жыл.

Вашингтондағы Newseum жаңалықтар мен журналистика музейінде 2011 жылы кәсіби міндетіне байланысты мерт болған 70 шақты журналисті еске алу шарасы өтті. Марқұмдардың есімдері жазылған тақтада Азаттық радиосының тілшісі, әзербайжандық Рафиқ Тагидің де аты-жөні бар.

Бұл шараны өткізген Freedom forum баспасөз өкілдерінің құқын қорғау ұйымының (АҚШ) вице-президенті Крис Уэллс:

– Олар әртүрлі тілде сөйлейді, әр саладағы жаңалықтарды жинау үшін жұмыс істеді. Кейбірі жаңалықтарымен миллиондаған адамға танымал болды, кейбірі өз атын жасырып жұмыс жасады. Журналистердің біразы төніп тұрған қауіпті сезді, бірақ кейбіріне күтпеген жағдай болды. Олардың барлығын осы жерде біріктірген – журналистік қызметі мен арамыздан тым ерте кетуі, – деді.

ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН ЕҢ ҚАУІПТІ ЕЛ – ИРАК

Newseum мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы Иракта кәсіби міндетін атқарып жүрген сегіз журналист өлтірілген. Ақпарат құралдарының құқын қорғаушы топ «Ирак әлі журналистерге қауіпті елдер қатарында» дейді.

Ирак журналистерінің бірі, әкімшілік және қаржы құрылымдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарларымен танылған Хилал әл-Ахмади 50 жасында, өткен жылы ақпан айында Мосулдағы үйінің жанында оққа ұшты.

«Әл-Арабия» телеарнасының тілшісі, 30 жастағы Сабах әл-Бази де өткен жылы Тикриттегі аймақтық әкімшілік ғимаратын қарулы топ басып алып, жарылыс жасағанда мерт болды.

ПӘКІСТАНДА БІР ЖЫЛДА ЖЕТІ ЖУРНАЛИСТ ҚАЗА ТАПТЫ

Журналистика мұражайында аты-жөндері жазылған тілшілердің жетеуі – пәкістандық (Насрулла Хан Африди, Вали Хан Бабар, Шафиулла Хан, Асфандияр Абид Навид, Файзал Куреши, Жавед Насир Ринд, Сиед Салим Шахзад).

Солардың бірі, Гонкогта орналасқан Asia Times Online басылымының Пәкістандағы
Журналист Салим Шахзад.
Журналист Салим Шахзад.
бюросы жетекшісі Салим Шахзад Пәкістанның әскери теңіз күштері мен «Әл-Қаида» тобы арасында байланыс болуы мүмкін деп мақала жазған.

Ол «Әл-Қаиданың» теңіз күштері базасына жасалған шабуылы осы террорлық ұйыммен байланысы бар деген күдікке ілінген теңіз офицерлерінің қамалуына наразылық болды» деген пікір айтқан. Осы мақаласы жарияланған соң екі күннен кейін жоғалып кеткен 40 жастағы журналистің мәйіті мамыр айында Исламабадтан табылды. Полиция оны азаптап өлтіргенін айтқан.

Азаттық радиосы Пәкістан қызметінің хабарына қарағанда, Шахзад өзін Пәкістанның ықпалды барлау қызметтері қорқытып жүргенін айтып шағымданған.

АЗАТТЫҚ ТІЛШІСІ РАФИҚ ТАГИ

Вашингтонда еске алынған журналистер тізімінде Бакуде қастандық шабуылынан қаза тапқан белгілі жазушы, Азаттық радиосының Әзербайжандағы тілшісі Рафиқ Таги де болды.

61 жастағы Тагиге өткен жылы қараша айында белгісіз біреулер пышақ салып,
Әзербайжан журналисі Рафиқ Таги, Баку, 24 қараша 2011 жыл.
Әзербайжан журналисі Рафиқ Таги, Баку, 24 қараша 2011 жыл.
ауыр жарақат алған журналист ауруханада көз жұмған. Әзербайжандағы саяси ислам мен Иран режимін сынаған Рафиқ Таги өзіне жасалған шабуыл адам құқықтары жайлы жазған мақаласына тікелей қатысты деген пікірін айтқан.

Ресейдің Дағыстан республикасында қаза тапқан белгілі журналист Хаджимурат Камалов та Вашингтондағы жиында еске алынды. «Черновик» апталығының редакторы болған 46 жастағы Камалов ислам бүлікшілеріне қарсы күресіп жүрген қауіпсіздік күштерінің заңсыз әрекеттері жайлы көп жазған. Оны өткен жылы желтоқсан айында газет редакциясы жанында бетперде киген бір адам атып кетті.

Вашингтондағы ескерткіш тақтада 1837 жылдан бері қаза тапқан 2 мың 156 журналистің аты-жөні жазулы тұр.
XS
SM
MD
LG