Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қатарынан жетінші кездесуінде жеңіске жетті. Пуэрто-Колумбия қаласында өткен жекпе-жекте ол осы елдің боксшысы Реиналдо Эскуивианы ұтты.
Желтоқсанның 2-іне қараған түні өткен жекпе-жекте Қанат Ислам кездесудің алтыншы раунды аяқталмай жатып, айқын басымдылықпен жеңіске жеткен.
Boxrec порталының дерегіне сүйенсек, колумбиялық боксшы Реиналдо Эскуивиа 35 жаста. Шаршы алаңда барлығы 19 кездесу өткізіп, тоғызында жеңіске жеткен.
Ал Қанат Ислам мүше Nelsons проумоутерлік компаниясының сайтында, бұл қазақ боксшысының жетінші таза жеңісі екені жазылған.
28 жастағы қазақ боксшысы 69 килограмға дейінгі жартылай орта салмақта бокстасып жүр. Қанат Ислам қазір Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережесі бойынша әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігі бар. WBC ережесіне сәйкес Қанатқа рейтингі жоғары 40 боксшыдан озу үшін барлық жекпе-жектерінде жеңіске жету керек.
Үздік 15-тің сапына кірген жағдайда жартылай орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы «жеңілмейтін қабылан» деген лақап аты бар АҚШ боксшысы Флойд Мэйуэзермен (43 жекпе-жек, 43 жеңіс) кездесуі мүмкін. WBO рейтингіне ілініп, үздік 15-тің қатарына ілінбесе, Мэйуэзер оның жекпе-жекке шығу туралы ұсынысын қабылдамайды. Ал АҚШ боксшысын жеңсе, кәсіпқой бокстың ережесі бойынша Қанат Ислам әлем чемпионы атанады.
Қазақ боксшысы осыған дейін Доминикан Республикасының бес боксшысымен кездесіп, барлығын нокаутпен жеңген.
Алдымен, Ла-Рамано қаласында Даниэдь Веатоны (28 қыркүйек), одан кейін Анеиди Матресті (2 қазан) жеңді.
Қазанның 18-і Санто-Доминго қаласындағы кездесуде Модесто Феликсті, 29 қазанда Нелсидо Мигуэльді нокаутпен ұтты. Ал қарашаның 10-ы күні Хосе Антонио Родригеспен өткен кездесу үшінші раундта тоқтатылып, Қанат Исламға таза жеңіс берілді.
Боксшы қарашаның 24-і күні Колумбия астанасы Боготода жергілікті боксшы Сегунда Херрераны екінші раундта нокаутқа жіберген еді.
Қанат Исламның Қазақстанда бапкері болған Тұрсынғали Еділов Азаттық тілшісіне: "Қанат Ислам Лондон олимпиадасына қатыса алмайтынын білген соң кәсіпқой боксқа кетті. Қазір Нельсон Лопес деген АҚШ-тағы атақты менеджердің компаниясымен келісім-шартқа отырды. Бұл компанияда 150 боксшы бар. Көбі – АҚШ, Доминикан және Пуэрто-Рико боксшылары. Қанат қазір кәсіпқой боксқа біржола бет бұрды. Мақсаты – орта салмақта әлем чемпионы атану... Әлем чемпионы болу үшін үш жылдың ішінде жиырма-отыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жету керек" деген еді.
Қытайда туған этникалық қазақ Қанат Ислам осы елдің атынан Пекин олимпиадасына қатысып қола жүлдегер атанған еді. Көп ұзамай Қазақстанға қоныс аударған боксшы Лондон олимпиадасына атажұртының атынан қатысуына байланысты азаматтық-құқықтық дау туған соң кәсіпқой боксқа бет бұрған.