«Күйреу: СССР құлағалы 20 жыл» деп аталатын кең ауқымды мультимедиалық жобаға сол тарихи оқиғаға қатысты шешім қабылдаған саясаткерлер – Совет одағының алғашқы және соңғы президенті Михаил Горбачевтің, Чехияның бірінші президенті Вацлав Гавелдің сұқбаты енді; оқиға куәгерлерінің (араларында Азат Еуропа/Азаттық радиосының қызметкерлері де бар) естеліктері қамтылды; сол кезеңді сипаттайтын суреттер қосылды.
Совет одағынан тәуелсіздік алған 15 мемлекеттің 20 жылдан кейінгі ахуалы жемқорлық, экономикалық бостандық, ақпарат құралдары еркіндігі белгіленген карта арқылы көрсетілді.
Арнайы жобаны мына жерден көре аласыздар.