Өзбекстанның Науаи облысы Тамды ауданында тұратын қазақтар түйе бағып, сүтін сатады. Елдегі кейбір дімкәс адамдар мұндай түйешілерге арнайы барып, шұбат ішсе, бауыр дертіне шипасы тиеді деп сенеді. Азаттықтың фототілшісі Умида Ахмедова түйе баққан сондай отбасылардың біріне барып, шаруашылығын көріп қайтты.