Accessibility links

Ташкент музейі: Веронезенің картинасын таптық


Паоло Веронезенің картинасын тапқан өзбек реставраторы Дилшод Азизов. Ташкент, 2 қараша 2012 жыл
Паоло Веронезенің картинасын тапқан өзбек реставраторы Дилшод Азизов. Ташкент, 2 қараша 2012 жыл
Жақында жария етілген бұл көне суреттің авторы мен өзіне қатысты күмән мен құпия көп. Өзбекстандық шенеуніктер «Ташкенттегі мемлекеттік өнер музейінде көрсетіліп жатқан картинаны Италиядағы қайта өрлеу дәуірінің атақты суретшісі Паоло Веронезенің өзі салған» дейді.

Өзбекстан жұрты «жаңадан табылған Ренессанс дәуірінің қылқалам шебері салған суретті» бір көріп қалуға ынтық. Тәшкенттегі мемлекеттік өнер музейінің басшылары сурет коллекциясына күтпеген жерден қосылған жаңа туындыны дәл осылайша сипаттап жатыр.

Бұл өнер туындысы расында да венециялық суретші Паоло Веронезенің өз қолымен салынған ба, жоқ па ол жағы әлі күңгірттеу.

Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары шенеуніктердің сөздеріне сілтеме жасай отырып: «Музейде көрсетіліп жатқан «Христосты аза тұту» атты туындысы басқа бір еңбектің атымен жасырын жатқан. Мамандар ол суретті таяуда ғана тауып алған» деп хабарлады.
Ақсақ Темір мұражайындағы Ислам Каримов бейнеленген композиция. Ташкент, 25 тамыз 2012 жыл.
Ақсақ Темір мұражайындағы Ислам Каримов бейнеленген композиция. Ташкент, 25 тамыз 2012 жыл.

Табылған суретке қатысты деректер толық емес. Әрі туындының тегіне қатысты «бұл сурет Ташкент музейіне қалай келді? Осыншама жылдар бойы ол қалайша жоғалды деп саналған? Қандай негізде суретті Веронезенің туындысы деп танып жатыр?» деген сияқты маңызды сұрақтар жауапсыз қалып тұр.

Суретші «Паоло Калияри» немесе «Каглияри» деген атпен 1528 жылы Вероне қаласында дүниеге келген. Оның «Веронезе» деген есімі де туған қаласына орай берілген. Паоло 16-ғасырда Венециядағы Тициан мен Тинторетто сияқты тұлғалармен қатар тұрған ірі суретшілердің бірі. «Кандағы үйлену» және «Леви фестивалі» - оның ең танымал туындылары болып саналады.

Музей жетекшісі Мирфаиз Усмонов Азаттық тілшісіне қысқаша ғана сұхбат берді. Оның айтуынша, картина реставрация жұмыстары кезінде табылған және өте жақсы сақталған.

1987-1992 жылдары музей директоры болған Дамир Рузибоев: «олай болуы әбден мүмкін» дейді. Ол өзінің Веронезе салған суреттің бір кездері музей тізімінде болғаны жайлы әңгіменің тарағанын еске салады.

Ташкенттегі суреттің фотографиясына қарап, Нью-Йорк метрополитен музейіндегі еуропалық сурет өнерінің маманы Ксавье Саломон оған күмәнмен қарайды.
Париждің Лувр музейінде тұрған Веронезенің "Канедегі үйлену тойы" картинасы
Париждің Лувр музейінде тұрған Веронезенің "Канедегі үйлену тойы" картинасы

- Бұл туынды Веронезенің салған суреті емес. Бұл қандай да бір венециялықтың салған суреті болу керек. Қолымдағы фотографияға қарап, бұл оның салған суреті емес дей алам. Маған бұл туындының Веронезеге қатысы шамалы сияқты көрінеді.
Бұл сурет 16-ғасырдың соңы мен 17-ғасырдың басында салынған болуы керек деп топшылаймын. Бірақ Веронезенің өзі салған сурет деп айта алмаймын, - дейді ол.

Өзбекстанның мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Хиндол Мадрахимовтің айтуынша, бұл сурет патшалық Ресейдің ең соңғы императоры Николай ІІ-нің отбасына тиесілі болған.

- Бұл сурет Өзбекстанға Романовтардың коллекциясынан келген. Туынды Ресейге келген соң осында біраз уақыт жатып қалған, - дейді хатшы.

Атын атамауды өтінген Ташкенттегі рестврациялық орталықтың маманы «Христосты аза тұту» суретінің үстінен 1990 жылдары бөтен біреулер тағы да басып бояған. Соған қарағанда бұл суретті шетелге контрабандалық жолмен алып кетпекші болған.
Веронезенің картинасы деп сипатталған туынды. Ташкенттегі мемлекеттік өнер музейі. 2 қараша 2012 жыл
Веронезенің картинасы деп сипатталған туынды. Ташкенттегі мемлекеттік өнер музейі. 2 қараша 2012 жыл

- Мұндай әдісті орысша «матрешка» техникасы деп атайды. 1991 жылы Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін музейдегі құнды жәдігерлерді осындай әдіспен шетелге заңсыз алып өтпекші болған дейді, - маман.

2001 жылдардың соңында Иван Айвазовский, Василий Тропинин, Карл Брюллов және Василий Суриков сияқты Ресейдің атақты суретшілерінің бірталай құнды туындылары мемлекеттік өнер музейінен ұрланып кеткен.

«Христосты аза тұту» туындысының табылғаны жайлы хабарлама Пабло Пикассоның қолымен салынған керамикалық суреттердің коллекциясынан шықты. Бұл коллекцияның музейдегі көрмеден алынғанына 40 жылдың жүзі болған. Керамикадан жасалған 12 сурет соңғы рет 1960 жылы Ташкенттегі көрмеде халыққа көрсетілген. Бірақ кейін келе олар ұмытылып, 2004 жылы қайта табылғанға дейін қоймада шаң басып жатқан.
XS
SM
MD
LG