Accessibility links

"Үй қамақтағы" Каримованың жаңа суреті шықты


Райан Локсли жариялаған Гүлнара Каримованың жаңа суреті
Райан Локсли жариялаған Гүлнара Каримованың жаңа суреті

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың кезінде ықпалды саясаткер болған қызы Гүлнараның "үйқамақтағы" суреттері бірінші рет БАҚ-та жарияланды.

Суреттерде кезінде сән бизнесі мен саясатта атағы жер жарған өзбек президентінің қызы жұпыны киініп ап үйінің сыртында жүр. Гүлнара Каримова өзін саяси астары бар жемқорлық ісі бойынша қуғынға ұшыраған адам санайды.

Фотодағы жеңіл кеудеше мен сүйретпе аяқ киім іле салған Гүлнара арнайы форма киген үш ер адаммен сөзге келіп тұрғанға ұқсайды.

Бұл суреттерді қыркүйектің 16-сы күні Гүлнараның Ұлыбританияда тұратын өкілі Райан Локсли таратып, Каримова мен оның қызына шұғыл медициналық күтім керек екенін мәлімдеді.

Райан Локсли таратқан Гүлнара Каримованың "үй қамақтағы" жаңа суреті
Райан Локсли таратқан Гүлнара Каримованың "үй қамақтағы" жаңа суреті

"Оны (Гүлнараны - ред.) қызы екеуін үйқамақта ұстаушылар жүйелі түрде аш қалдырады, сырттан ас-су кіргіздірмейді" деді Локсли.

42 жастағы Каримова көбіне Еуропада тұрып келген дәулетті іскер әйел ретінде танылған. Бірақ былтырдан бері жемқорлық дауына ілініп, оның елдегі барлық бизнес орындары жабылды, бірнеше әріптесі мен досы сотталып, өзі Ташкенттегі үйінде "қамақта" отыр.

Қыркүйектің 8-і күні "Г. Каримова" атты адам Өзбекстанның бас прокуратурасы жариялаған мәлімдемеде қылмыстық істің күдіктісі ретінде аталды.

Локслидің сөзінше, Гүлнара Каримова "анық саяси себеп үшін қамауда отыр". Ол Каримованың қамалуына келесі жылдың басында Өзбекстанда өтетін президент сайлауының түрткі болғанын, бұл науқан кезінде Гүлнараның оның әкесінің төңірегіндегілерге қатер болып көрінуі мүмкін екенін айтты.

"[Гүлнара Каримованың] бүгінгі Өзбекстанда саясатпен айналысуға еш құлқы жоқ" деді Локсли.

Өткен айда BBC жариялаған аудиофайлдарда Гүлнара Каримова өзі мен қызының күтімін "иттен жаман" деп сипаттаған.

XS
SM
MD
LG