Accessibility links

«Қазақи қиял»

Тілеуберді Бинашевтің мүсін жасаумен айналысқанына 40 жылдан асқан. Алматы көшелерінен оның бірнеше туындысын көруге болады. Олардың ішінде Құрманғазы, Күләш Байсейітова, Абылай хан мүсіндері, «Жерұйық» рестораны аумағындағы этнографиялық скульптуралар бар. Оның мүсін жасау өнерін дамытуға ежелгі балбалдар әсер еткен.

Тілеуберді Бинашев туындылары балбалдарды еске түсіреді. Мәселен, оның мүсіндері адамның нақты анатомиялық сипатын көрсетпейді, тек сұлбасын жобалайды. Оларды мүсіншінің қазанның 11-і күні Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде ашылған көрмесінен көруге болады. Көрме «Қазақи қиял» деп аталады. Тілеуберді Бинашев жасаған скульптуралардың көпшілігі осы «қазақи қиялдан», қазақ тарихы мен мәдениетінен, тұрмысынан туындаған.

XS
SM
MD
LG