Accessibility links

Грузиядағы митинг - Азаттық тілшісінің объективінде

Тбилисиде үш аптадан бері Грузия ішкі істер министрі Георгий Гахарияның отставкаға кетуін талап еткен митинг өтіп жатыр. 20 маусымда Ресей думасының депутаты Сергей Гавриловтың Грузия парламенті спикерінің орнына отырып, орысша сөйлегеніне оппозиция наразылық білдірген. Шота Руставели даңғылына шыққан шерушілерге полиция резеңке оқ атып, жас ағызатын газ шашқан.

Ресми мәлімет бойынша, 240 адам жараланып, 300 наразы қамауға алынған. Белсенділер полиция басшысының отставкасы мен ұсталғандарды босатуды талап етеді. 3 шілде күні Тбилисидегі парламент үйі алдында 15-рет өткен наразылық акциясына Азаттық тілшісі де қатысқан.

XS
SM
MD
LG