Ресейде туған, қазір Америкада тұрып жатқан Владимир Веселов - жеңімпаз чатботты (сhatbot – сөйлейтін робот деген сөздің қысқарған түрі) жасаушылардың бірі. Ол енді жасанды интеллектіге сұраныс көбейеді деп үміттенеді.
Азаттық: - Сіздің компьютерлік бағдарламаңыз осы айдың басында Тьюринг тестінен өтіп, тарихқа енді. Тьюринг сынағы машинаның адаммен сөйлесу қабілетін тексереді. Оны 1950 жылы Британияның компьютер маманы әрі математигі Алан Тьюринг әзірлеген. Сіздердің өнімдеріңіз сынақтан сүрінбей өткен бірінші компьютер болды. Бағдарлама-робот өзінің украиналық Евгений Густман есімді 13 жасар бала екеніне қазыларды 33 пайыз сендірді. Мұны жасанды интеллект деуге бола ма?
Владимир Веселов: - Біздің робот адаммен 5 минут бойы сөйлесу үлгісін жасай алады. Қазір көптеген адамдар роботтың сынақтан өткеніне күмән келтіріп жатыр. Бірақ тест әділ өтті. Онда 30 төреші отырды. Әр айналым сайын олардың алдынан екі терезе ашылып отырды, біреуінде - шын адам, екіншісінде робот жауап берді. Төрешілер қайсысы адам, қайсысы робот екенін білген жоқ. Әр жұп бес минуттан диалог жасады.
Азаттық: - Қандай сұрақтар қойылды?
Владимир Веселов: - Көбіне «Сәлем, қалың қалай? Сен кімсің? Қайда тұрасың?» деген тәрізді қарапайым сауалдар қойылды. Бірақ кейбір төрешілер «Пол футбол ойнап жатыр. Пол не істеп жатыр?» немесе «Қызыл көліктің түсі қандай?» деген сияқты қитұрқы сауалдар да қойып көрді.
Азаттық: - Бұл бағдарламамен жұмыс істеуді қашан бастадыңыз?
Владимир Веселов: - 2001 жылы, яғни 13 жыл бұрын. Қазір «Егений» 13-ке келді.
Азаттық: - Бұл бағдарлама әу баста Тьюринг сынағынан өту үшін жасалды ма, әлде басқа мақсатта құрылды ма?
Владимир Веселов: - Біз басында тек чатбот емес, мәтіндерді өңдейтін, сақтандыру полисі сияқты күрделі өнімдердің шығынын есептейтін әмбебап құрылғы жасауды көздедік. Одан соң осы технологияны көпшілікке таныстыру жағын ойластырдық. Оның ішінде ең қарапайым әрі қолайлы әдіс Лебнер байқауына (роботтарды Тьюринг тесті арқылы тексеретін жыл сайынғы сынақ) қатысу болып шықты. Оған ниет білдірген адамдардың бәрі қатыса алады.
Мен бізді мұқатқан пікірлердің көп айтылғанына таңғалдым. Кейбіреулер «Лебнер байқауы Тьюринг сынағын негізге алғанымен, оны дұрыс өткізген жоқ» дейді. Расымен төрешілер біз ойлағандай қатал сарапшыларға онша ұқсамады. Олардың көбі қитұрқы сауалдар қоюды білмейді екен. Бірақ Алан Тьюрингтің өзі «қазылар – қарапайым, ой-өрісі орта деңгейдегі адам болуға тиіс» деп жазған еді.
Әрине, біз жасанды интеллектіні дамыту жолында тарихи қадам жасадық деп айта алмаймыз. Бірақ біздің робот әдеби және психологиялық тіршілік иесі ретінде сынақтан өтті.
Азаттық: - Сонда Тьюринг сынағы компьютерде жасанды интеллект бар-жоғын емес, адамдарға еліктей білу қасиетін тексере ме?
Владимир Веселов: - Иә, бірақ мен жасанды интеллект жасауға болады деп ойлаймын. Егер әлденені жақсылап анықтап алсаңыз, оны автоматтандыруға болады. Мәтінді, дауысты тану сияқты адамға тән көптеген әрекеттерді автоматтандырып жатырмыз. Қазір Google компьютер арқылы басқарылатын автокөлік жасауды қолға алды. Ол - күрделі алгоритм, оны жасанды интеллект деп атауға болады.
Азаттық: - Дегенмен «Евгений» жасанды интеллектіге жақын құрылғы ма, әлде көңіл көтеретін технология ма?
Владимир Веселов: - Оны ойын-сауық құрылғысы ретінде қарастыруға болады. Бірақ ол жасанды интеллект мәселесіне көңіл аударуға ықпал етер деп үміттенемін. Оқушылар мен студенттер компьютерлік ойынға әуестенгенді қойып, роботтарды жетілдіруге тырысса, нағыз жасанды интеллект құруға ұмтылса жақсы болар еді.
Азаттық: - Неліктен роботқа Украинаның Одесса қаласының тұрғыны, 13 жастағы Евгений Густман деген атау бердіңіз? Жеткіншек бала сауалдарға ересектермен салыстырғанда барынша шынайы жауап береді деген есеп болды ма?
Владимир Веселов: - Иә, ондай да ой болды. Бірақ кез келген адам сұрақтың жауабын білмеймін деп айта алады. Бағдарлама профессорға еліктеуді талап етпейді. Менің әріптесім, екінші автор Евгений Демченко осы кейіпкерді ойлап тапты. Ол Украинада туып-өскен. «Евгений Густманмен» оның ата-анасы туралы сөйлесуге болады, бұл жақсы идея деп ойладық.
Азаттық: - «Евгенийді» тестке дайындадыңыздар ма? Төрешілер Украинадағы қазіргі дағдарыс туралы сұрауы мүмкін еді ғой. Ал ол болса әлі күнге дейін Украина президенті Леонид Кучма деп ойлайды.
Владимир Веселов: - Жоқ, мүлдем дайындаған жоқпыз. Бастапқы білім қорын өзгерту қауіпті шара. Жаңа ақпарат қосқан кезде ол ескі үлгімен қабаттасып, жұмыс сапасына зиян келуі мүмкін.
Азаттық: - Тьюринг тесті мен Лебнер сыйлығы арасында қандай айырмашылық бар?
Владимир Веселов: - Лебнер сыйлығына өтініш тапсыру шарттары өзгерді, қазір олар үміткерді іріктеп алады. 15 сұрақ қояды, оның бәрі роботқа арналған. Жақсы жауап берген төрт робот өтеді. Бірақ олар роботтың сұраққа қалай жауап бергеніне ғана қарайды, жалпы әңгімелесу қабілеті бағаланбайды. Нәтижесінде, финалға өткен роботтар адамға ұқсай бермейді.
Лебнер байқауын роботтарға арналған «сұлулық сайысы» деп атауға болатын шығар. Ол роботтардың интеллект деңгейін анықтайды, қитұрқы сауалға жауап беру мүмкіндігін шамалайды. Ал біздің Тьюринг тестін өткендегі мақсатымыз басқа болды. Бірақ бұл екеуінің қайсысы ғылым үшін көбірек пайдалы екенін айта алмаймын.
(Сергей Добрыниннің сұхбатын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)