Accessibility links

АҚШ пен Қытай әріптестікті ғаламдық дағдарыстан шығуға ықпал ететіндей тұрғыда қайта қарамақшы


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Токиода. 17 ақпан, 2009 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Токиода. 17 ақпан, 2009 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон осы аптадағы сапарында АҚШ пен Қытайдың сауда байланыстарына баса назар аударатын болады. Соңғы бірнеше жылда Құрама Штаттар мен Қытай арасындағы сауда ынтымақтастығы қарым-қатынастың қозғаушы күші болып келген еді.

Ғаламдық экономикалық дағдарысқа келгенде әлемнің банк секторына айтарлықтай салдарын тигізген АҚШ-тың ипотекалық несие жүйесінің қалай құлдырағаны көп әңгімеге түрткі болды.

Бірақ Хиллари Клинтонның ақпанның 20-сы мен 22-сі аралығында болатын Қытайға сапары бұл жайттың бір жағын ғана айқындайтын болады.

Негізінде АҚШ экономикасы бұрыннан әлсіз болғанын көп адам біле бермеген, тек тұрғын-үй нарығының құлауы соның бір ғана белгісі болды.

Мұнда АҚШ пен Қытайдың сауда байланыстарының маңызды болғаны сондай, Хиллари Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы болғаннан бергі өзінің алғашқы сапарларының бірін Қытайға арнап отыр.

Қытай мен Құрама Штаттардың сауда байланыстары қарапайымдау. Қытай өндіреді, АҚШ оның өнімдерін сатып алады. Қытай өзінің тапқан табысын қайтадан әкеп Америкаға салады, бұл американдықтардың көбірек сатып алуына мүмкіндік береді.

Бұл сауда байланыстары айтарлықтай ұзаққа созылып, кейбір ауызекі әңгімеде Қытай мен Американы біріктіріп, “Chimerica” деп атап жүрді. Екі елдің атауынан шыққан бұл сөз грек мифологиясындағы Химера құбыжығының бейнесімен байланыстырылады. Атауы аузынан от шашатын арыстан басты құбыжыққа теңеліп отырған бұл ел – халқының саны әлемнің төрттен бірін құрағанына қарамастан, жершарының 13 пайыз жерін иеленіп, экономикасы дамыған 3-ші мемлекет болып отыр.

Біраз уақыт АҚШ-Қытай әріптестігі алтын формула болып көрініп келді. 2002 - 2006 жылдары екі елдің арасындағы сауда-саттық өсімі 60 пайыздан асқан.

Қытай экспорты жыл сайын 32 пайызға өсіп отырды. Бұл елдің экономикасы жылына 10 пайызға көтеріліп, елінің көп бөлігін кедейліктен шығарды.

Құрама Штаттар үшін Қытай тұтынушы тауары таусылмай ағып тұратындай көрінді. Қытайдың фабрика-зауыттары көбейіп, әлемнің қалған бөлігіне де арзан заттар жетіп жатты.

Бұл Қытай өзінің табысын Құрама Штатта мен Еуропаның биржа қорларына қайта салып, үкіметтің қолдауындағы келісімшарттар Батысқа қосымша капиталмен ағылып отырғанда жақсырақ болды.
Өте көп қаржыны банктер батыстық тұтынушыларға төменгі пайызбен бере алатын болды. Бұның өзі адамдарды несиеге қайта-қайта көбірек ақша алып, ақырында оны өтей алмайтындай жағдайға жеткізді.

“Құрама Штаттардың өткен жылғы ағымдағы баланс дефициті 700 млд долларға жетті. Бұл жалпы ішкі өнімнің 5 пайызы ғана. Ал соңғы 8 жыл ішінде АҚШ-тың ағымдағы баланс дефициті тек 5 триллон доллар болды,”- дейді Вашингтондағы MBG ақпараттық қызмет басшысы, экономист Чарльз МакМиллион.

Ағымдағы баланс жетімсіздігі американдықтардың өздері өндіріп немесе шетелге сатқаннан гөрі олардың қызметтер мен заттарға қаншалықты қаржы жұмсайтынын бағамдайтын өлшем болып табылады.
Бұл көрсеткішпен есептегенде экономист МакМиллионның айтуынша, американдықтар шетелдік саудада 2 млн доллар жұмсап отыр, бұл олардың күнделікті өздері ақша тапқаннан көбірек

Тіпті желтоқсан айында АҚШ-та рецессия басталмай тұрып-ақ экономистер өзі тапқаннан көбірек жұмсау көрсеткішіне қатысты дабыл қаққан.

Енді бүгін банк саласының тұрғын-үй нарығында көп көлемде қаржысын жоғалтып, биржа базарындағы түрлі саудалардан тұрақсыздық жайлады.

Бұл тұрғыда АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қытайға сапарынан не күтеді?

Оның алға қойған басты мақсаты - Қытайды бұрынғыдай Америкаға өз ақшасын салуға көндіру болып отыр. Ол өз кезегінде АҚШ үкіметіне 3 триллион долларға дейін қаржы әкеліп, ел экономикасын қайта жандандыруға көмектеседі делінеді.

Бірақ Қытайды инвестиция салуға көндіру оңай болмауы мүмкін.

Қазірдің өзінде АҚШ-та Қытайдың 682 млд доллар қаржы қоры бар. Енді Бейжің АҚШ валютасымен сақталған 2 триллион доллардай болатын ол ақшасының құны, егер Вашингтон долларды қатты құлдыратса түсіп кетуі мүмкін деп алаңдайды.

Сол үшін Қытай ресмилері Вашингтоннан доллардың айырбас бағамын ұстап тұруды талап етуі мүмкін. Бұл күшті доллар мен әлсіз юань арасындағы арасалмақты қорғау үшін қажет.

Қытайдың ұлттық валютасының әлсіз болуы американ тұтынушыларына арзан қытайлық экспортты жеткізіп тұрады.

Соңғы жылдары керісінше АҚШ ресмилері болса Қытайдан долларға қарсы юаньді күшейтуді сұрап келген. Вашингтон күшейген юань қытайлық тауарлардың бағасын өсіріп, оған американдықтардың тәуелділігі төмендесе деп ойлаған.

Америкадағы өзінің инвестициясын қауіпсіздендірудің сыртында Қытайдың шетелдік валютадағы қоры, экспортының арзан бағасымен қатар Бейжің тек шетелдік саудаға бағытталған өзінің үлкен өнеркәсіп саласын қорғап отыр.
Экономист МакМиллионның сөзіне қарағанда, Қытай өнеркәсібі шетелге сауда-саттыққа негізделген:

“Қытай өткен жылы 400 млд долларға немесе жалпы ішкі өнімнің 12 пайызы болатын, яғни өздері тұтынатыннан көп зат өндірді.”

Ал батыстағы рецессияға қатысты Қытайдың ғаламдық экспорты қаңтар айында өткен жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға құлаған.
Осы тұрғыдан алғанда Қытай мен Американың өзара тәуелді байланыстарын көрсетуде ең тиімді жол - тараптар дағдарыста тең дәрежелі болуы керек.
XS
SM
MD
LG