Брони Уейрдің кітабы «Өлім аузындағы жандардың бес өкініші» (The Top Five Regrets Of The Dying: A Life Transformed By The Dearly Departing) деп аталады. Оны жұрт танымал блог авторы ретінде де біледі.
- Әңгімені осы кітапты жазуыңызға түрткі болған оқиларды айтып өтуден бастасақ? Сіз күтуші боп жұмыс атқардыңыз, солай ма?
- Мен кәсіби күтуші-медбике емеспін. Интернетте мені медбике деп те, дәрігер деп те әртүрлі атап жіберіпті. Бірақ олай емес. Мен жәй ғана арнайы дайындықтан өтпеген күтуші болдым. Пәтер ақысы мен несие төлемеу үшін бір әйелдің үйінде тұрып күтуші болып жұмыс істедім. Соның арқасында ән жазатын және басқа да шығармашылық жұмыстармен айналысатын уақыт таптым. Әлгі әйел адам жазылмайтын кеселге шалдыққандықтан мен оны өмірден озғанша күтіп-бақтым.
Мені сол әйелге серік етіп жұмысқа алған агенттік маған «жақсы жұмыс жасадыңыз, ары қарай жалғастырасыз ба?» деп сұрады. «Иә» деп келістім. Бұл жаныма жақын, әрі адамның өмірін өзгертетін жұмыс сияқты көрінді. Ақырында мен осы салада сегіз жыл еңбек еттім.
- Енді негізгі мәселеге қарай ойыссақ. Адамдар қайтыс болардың алдында еске алатын ең үлкен бес өкініші не екен?
- Мен ұшырасқан ғаріптердің көпшілігіне мынадай хал тән еді. Олар өзге адамдар менен қалаған өмірді емес, мейлі ол отбасы, туыстары, достары не қоғам болсын, өздері ақиқат деп таныған өмірді сүргенде ғой деп өкінеді. Одан бөлек лайықты еңбек етпедік деп өкінеді. Осының бәрі орта тұсты ұстанбағаннан туған проблема. Олар жанталасып жұмыс істейді де, зейнетке шыққан соң қалауымша өмір сүрем деп үміттеніп жүре береді. Алайда көп адам олай жасай алмайды.
Үшіншісі – олар басқа адамдармен қарым-қатынаста сезімдерін батылырақ білдірмегеніне өкінеді. Бұл әртүрлі жағдайға байланысты болуы мүмкін. Кей кездері олар отбасындағы бала-шағасын жақсы көретінін ашық айтуға жол таппадық дейді.
Бірақ кейбір адамдардың өкініші басқаша. Олар өздерін қорғау үшін пікірін ашық айпағандарына өкінеді. Өздеріне деген құрметін сақтап қалу үшін ойларын ашық жеткізуіміз керек еді деп таусылады. Енді біреулері достарымен қарым-қатынасын үзіп алғандарына өкініп, өлім алдында жандарын жеңілдететін достық қолдауды сағынады. Өкініштің осындай түрі өте көп кездеседі. Енді бір адамдар таңдау еркінің бақыт екенін ертерек түсінгенде ғой деп өкінеді. Ондайлар көбіне таңдау еркін пайдалана алмаған жандар.
- Батылдықтың жетіспеуі осы айтылған өкініштердің өзегі сияқты көрінеді. Өмірде батылдығымыздан айырып, қорқақ қылатын не нәрсе бұл сонда?
- Меніңше мұның көбі көпшіліктен дараланып көрінгісі келмейтін және елден сәл басқаша қимылдасам, жұрттың талқысына түсіп қаламын деп қорқатын адамдардың пікірі.
Осындай халдің кейбірі өлімге тура қарамағаннан болады. Егер өзекті жанға бір өлім бар екенін біліп жүретін болсаңыз, сіз үшін өмірдегі ең маңызды мәселелер өзгеріп шыға келеді. Әрі бойыңызға батылдық бітеді. Себебі өмірдің қамшының сабындай өте қысқа екенін түсіне қоясыз. Меніңше уақыттың шектеулі екенін мойындамай айналамдағы барлық нәрсені көріп-білуге мәңгілік уақытым бар дейтін пенделер ғана үрейден жеңіледі.
- Бұл мәселеге басқа қырынан үңіліп, бізге өлер алдында өкінбейтін адамдар жайлы айта аласыз ба? Олардың өздері сүрген өмірді қанағат тұтуына, не болмаса разы болып өтуіне не себеп?
- Осы сұрақты қойғаныңызға дән ризамын. Барлық адамда өкініш бірдей болмайды екен. Мен үшін өмірде өкініші жоқ адамдарды кездестіру керемет оқиға болды. Өкініш жайлы жазуымның себебі олар менің жеке басыма қатты әсер етті. Бірақ өкініші жоқ адамдар көбіне өздері сүрген өмірді бар қалпында қабылдаған жандар еді. Олардың арасында өмірімді басқаша сүрер едім дегендер де болды. Бірақ соның өзінде олар осы сүрген өмірін әлі де өкінішсіз қабылдады. Менің байқағаным өміріне риза адамдар өздерінің отбасы туыстарымен достық, сыйластық қатынаста болғандар. Соған қарағанда көп адамның өміріне көңілі толмауының түпкі себебі – жақын туыстарымен сыйластық қатынаста өмір сүре алмауында сияқты.
Өміріне риза жандар аздап болсын өмірдің жақсы жақтарын көре алатын, әрі барлық нәрсені көңілдеріне ала бермейтін кісілер.
- Өлім аузында жатқан адамдарға күтуші болған тәжірибеңіз жеке өміріңізге қалай әсер етті? Практикалық тұрғыда сізді қандай да бір өзгеріске ұшыратты ма?
- Мені қатты өзгертті. Кітап тек қана өліп бара жатқан адамдар жайында емес, негізінен менің өз өмірім мен оның қалай өзгергені жайлы. Әңгіменің басым бөлігі олардың маған қалай әсер еткені туралы. Мен бұрындары онша көп ашыла бермейтін адам едім. Көңілдегі жараларды ешкімге көрсетпей жалап жазуға үйренген болатынмын.
Осы оқиғалар мені ширатып, ойын бұрынғыдан әлдеқайда ашық айта алатын адамға айналдырды. Бұл оқиғалар маған барлық істе батылдық бітірді. Себебі мен ажалмен жиі ұшырастым. Өмірдің шолақтығын түсіну өмірдегі басты мақсаттарымды түбегейлі өзгертті. Қазір маңызды бір шешім қабылдайтын болсам, әуелі өзімнен: «Жақсы, Брони. Қазір осы нәрсені жасамасаң, кейін өкінбейсің бе?» деп сұраймын. Егер «Иә, өкінем!» деген жауап алсам, оны жүзеге асырудың жолын қалайда табуға тиіспін. Себебі кейбір нәрселер өмірде қандай қиын болғанымен, өлер алдында төсекке таңылып енді әбден кеш екенін түсініп жатып, өкініштен аһ ұрудан ауыр емес екенін жақсы білем. Өйткені адамдардың қалай қатты өкінгенін көрдім.
Олай болса қазір менің теңселіп жүретін жайым да жоқ. Кірпік қаққанша өте шығатын өмірдің әрбір сәтін бағалауға тырысам. Қазір бұрынғымнан және мынадай болуым мүмкін еді ау деген өміріммен салыстырғанда әлдеқайда бақытты нақ өзімнің өмірімді сүріп жатырмын.
Сұхбатты қазақшалаған – Сағынай Кәрім.

Егер өзекті жанға бір өлім бар екенін біліп жүретін болсаңыз, сіз үшін өмірдегі ең маңызды мәселелер өзгеріп шыға келеді. Әрі бойыңызға батылдық бітеді.

Кейбір нәрселер өмірде қандай қиын болғанымен, өлер алдында төсекке таңылып енді әбден кеш екенін түсініп жатып, өкініштен аһ ұрудан ауыр емес екенін жақсы білем.