Ойынның 39-минутында неміс Филипп Лам есеп ашты. Ламның айып алаң маңынан қатты тепкен добы қақпаға енді. Грек қақпашысы Сифакис доптың бағытын анықтап, қолын созғанымен, жетпеді. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды. Ал екінші таймда гректер гол соқты.
Димитрис Салпингидис айып алаңына доп тепті. Жером Боатенгтің тасасынан суырылып шыққан Самарас допқа аяғын тоса қойды да, есепті теңестіріп кетті – 1:1.
61-минутта Жером Боатенг өз қателігін түзеді. Ол айып алаңына пас тастады. Ал осы маңда тұрған Сами Хедира Сифакисті алдап кетті – 2:1.
Араға 7 минут салып, немістер тағы бір гол салды. Клозе сол қапталдан допты тепті. Бірақ грек қақпашысы Сифакис доптың бетін қайтарған еді. Қайтқан допты Ройс тоқтатты да, қайта тепті – гол!
Ал 74-минутта Марко Ройс есепті 4:1-ге жеткізді.
Гректер жеңіліп жатса да, шабуылдауды тоқтатқан жоқ. 89-минутта Василис Торосидис неміс айып алаңына кіріп, допты қақпаға тепкен. Бірақ доп Боатенгтің қолына тиді де, словениялық төреші Дамир Скомина неміс қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын орындаған Салпингидис мүлт кеткен жоқ – 4:2.
«НЕМІС ШАБУЫЛЫ ГРЕК ҚОРҒАНЫСЫН ТАЛҚАНДАДЫ»
Кездесуден кейін Азаттықтың сарапшылары ойынға өз бағаларын берді. Футбол шолушысы Ермұхамед Мәулен «немістер гректердің тас қамал қорғанысының күл-талқанын шығарды» деген ойда.
– Көп жанкүйер бұл ойында немістердің жеңісіне сенді. Ал гректердің қорғанысқа көңіл бөлетінін Германия бапкері Йоахим Лев сезді. Сондықтан, «Неміс машинасы» бірінші минуттан грек қамалын бұзуды ойлады. Лев өз тактикасы арқылы гректердің қорғанысына үлкен соққы берді. Ламның голынан кейін гректердің ойыны жүре бастады. Екінші таймда олар дегеніне жетті. Гол авторы Самарас топтық ойындарда ұтымды пастар шығарғанымен, өзі гол сала алмай жүрген. Міне, бүгінгі ойында ол дегеніне жетті, – дейді футбол шолушысы.
Ермұхамед Мәуленнің ойынша, «Самарастың голы немістердің ойынына қамшы басты».
– Грекия қорғаныста тағы он минут тиянақты ойнауы керек еді. Есепті теңестірген соң «тағы гол саламыз» деп, қорғанысы ашық қалды. Ал немістер мұндай қателікті кешірмейді. Бәлкім, гректердің голы он минутқа кешігіп кіргенде ойын нәтижесі мүлде бөлек болар ма еді. Грекияға Хедираның соққан голы психологиялық тұрғыдан өте ауыр тиді. Есепті енді ғана теңестіріп, қуаныштарын тарқата алмай жатқанда бұл гол грек футболшыларының ойынын бұзды. Осыдан кейін Германия құрамасы тағы екі гол салды. Немістер бұл ойында кез-келген жағдайға дайын болды. Ал гректер ойын мәнерін өзгертуі керек. Олардың тактикасын, қорғаныста жамбастап жатып алатынын қазір барлық команда біле бастаған сияқты, – дейді ол.
Футбол шолушысы «Германияны енді жартылай финалда лайықты қарсылас күтіп тұр» дейді.
– Германияның келесі қарсыласы – Англия немесе Италия. Англиямен шықса, алаңда нағыз айқас болады. Бұл екі команда Африкадағы әлем чемпионатында кездесіп, төреші Лэмпардтың таза голын есептемегені біраз дау болған. Демек, Англия есе қайтаруға тырысады. Ал Италия мен Германия кездесуінде, керісінше, немістер қарымта қайтаруға барын салады. 2006 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Италия немістерді жеңіп кеткені есімізде, – дейді Ермұхамед Мәулен.
«ГРЕКИЯ ЖЕҢІЛСЕ ДЕ – ҚАҺАРМАН»
Ал футбол жанкүйері Мейірбек Нүрекеевтің пайымдауынша, Германия бұл турнирдегі фаворит статусын сақтап тұр.
– Бірінші таймдағы немістер мен екінші таймдағы Германияны салыстыруға келмейді. Үзілістен кейін Лев командасы өзіне тән ойын өрнегін көрсетті. Ал гректер жеңілсе де, биылғы біріншілікте талай іс тындырды. Ресейді, Польшаны артқа тастаудың өзі – үлкен жетістік,
Спорт комментаторы Рауан Оқас әдемі ойыны үшін Грекия құрамасына алғысын білдірді.
– Грекия – шаршамайтын команда. Жеңіліп жатса да, ойындарын жоғалтпайды. Яғни соңғы минутқа дейін айқасады. Грекия жеңілсе де осы турнирдегі ең тамаша ойынын өткізді. Бұл ойыннан гректер үлкен сабақ алды. Ал Германияның аты – Германия. Мықтылығын дәлелдеді. Гректер жеңілсе де, елдеріне қаһарман ретінде оралады. Әрі бұл команда осы нәтижесінің арқасында ФИФА рейтингіндегі жағдайында жақсартары анық, – дейді Рауан Оқас.
Еуропа чемпионаты алдында «Украинаға келмеймін» деп байкот жариялаған Германия канцлері Ангеле Меркель бұл ойынды тамашалады.
Германия құрамасы гректермен 3 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. «Неміс машинасы» бүгін де сол дәстүрді жалғастырды.
Германия құрамасы осымен төртінші рет қатарынан ірі жарыстардың жартылай финалына шықты – 2006 жылғы әлем чемпионаты, 2008 жылғы Еуропа біріншілігі, 2010 жылғы мундиаль, биылғы еуро-турнир. «Неміс машинасы» алдыңғы үш жарыстың жартылай финалына шыққанымен, ұта алмаған.