12 маусым күні Еуропа чемпионатының екінші туры басталды. А тобында өнер көрсететін Чехия мен Грекия командалары Польшаның Вроцлав қаласындағы Мейски стадионында ойнады.
АЛТЫ МИНУТТА ЕКІ ГОЛ
Алғашқы голды Йирачек ойынның үшінші минутында салды. Арада тағы үш минут өтпей жатып Пиларж есепті еселеді. Гректер бірінші таймда гол салған еді, алайда қапталдағы төреші "футболшы ойыннан тыс қалды" деп шешті.
Екінші таймда қақпашы Петр Чех өрескел қателік жасады. Баяу ғана әуелеп келген доп оның қолынан сусып кетті. Жақын жерде тұрған Гекас аяғын қоя қалды. Есеп - 1:2. Екінші тайм бойы қорғанысқа көшкен Чехия Грекияны ұтты.
Бұл матчты бақылаған Азаттық сарапшылары ойынға көңілдері толмағанын айтты.
- Гректер бірінші таймда ойда жоқта екі гол салғызып алды. Бірақ екінші таймда жақсырақ ойнады, комбинациялық футбол көрсетті. Польшамен ойнағанда да дәл осылай болып еді. Дегенмен олар бір голмен ғана шектелді. Негізі ойын 2-2 есебімен аяқталу керек еді. Чехтар нашар ойнады, екінші таймда бірде-бір шабуыл жасаған жоқ. Жалпы Еуропа чемпионатына қатысатын команда мұндай ойын көрсетпеуі керек қой, - дейді спорт шолушысы Ержан Көшкінбай.
Ол «ойынның мағыналық жағынан көңілінен шықпағанын» айтты. Ержан Көшкінбайдың пікірінше, грек бапкері екі ойында да ауыстырған ойыншылары гол соғуға үлес қосты. «Португалдық маман Фернанду Сантуш дұрыс шешім қабылдады» деп есептеген шолушы Чехия құрамасындағы ойыншы ауыстырудан ешқандай пайда болмағанын айтады.
ГРЕКИЯ ҺӘМ ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ
Бапкер Бауыржан Сәрсекенов бұл кездесуге «турнирдің әзірге ең нашар ойыны» деген баға берді. Маман әсіресе Грекияның ойынына разы болмаған.
- Гректер ойынға психологиялық тұрғыдан дайын болмады, олардың көңілдері пәс екені байқалды. Ойын басында екі гол жіберіп қойғандары да әсер еткен болар, психологиялық жағынан тұрақсыз. Олардың ұтылатынын білген едім. Еуропа біріншілігі төрт жылда бір рет болады, соған жеткілікті дәрежеде дайындалуға болады ғой. Тіпті бапкердің өзінен бір нәрсе дұрыс емес екені байқалады. Мүмкін, Грекиядағы дағдарыс әсер еткен болар. Бәлкім, футболға көптен қаржы бөлінбеген шығар, - деді бапкер.
Футбол жанкүйері, журналист Жанарбек Әшімжан да ойын «орташа деңгейде» болғанын айтты.
- Грекия топтан шықпайтынын дәлелдеген секілді. Келесі жолы Ресеймен кездеседі, поляктармен тең ойнады. Бүгінгі ойында олар кемінде тең ойнауы қажет еді. Сондықтан гректер үшін осы чемпионат аяқталған сияқты. Екінші орынға Чехия барын салып таласады. Өткен ойындағы Карагунистың соға алмаған 11 метрлік айып добы бүкіл команданың көңіл-күйін түсіргендей әсер қалдырды. Сол Карагунис пен Самарас бүкіл команданың ойын жүйесін бұзды деп айтуға болады. Ал қақпашы Халкиастың бұрынғы жарақаты бар болар, сол сыр беріп, ойыннан шығып кетті. Алғашқы екі голдың кіруіне белгілі мөлшерде сол қақпашы кінәлі. Қосалқы қақпашыны ойынның басынан-ақ шығару керек еді, - дейді жанкүйер.
"ҚАТАЛ ТӨРЕШІ"
Жанарбек Әшімжан екі командада да ерекше ойыншы болмағанын айтты. «Алайда Чехия ұжымдық ойын көрсете білды» дейді ол.
Ал Ержан Көшкінбайдың пікіріне қарағанда, Грекия командасының мүмкіндігі әлі де бар.
- Топтағы жағдай шиеленісті. Егер гректер Ресейді ұтса, 4 ұпай алады. Әлі ештеңе анық емес. Ал чехтар соңғы турда поляктармен кездеседі. Польша оларды жеңеді деп санаймын, себебі мынадай ойынмен чехтар алысқа бара қоймайды, - дейді ол.
Ержан Көшкінбай чех ойыншыларын «ортақол, әрі Еуропа чемпионатына сай емес» деп бағалады.
Ал жаттықтырушы Бауыржан Сәрсекенов чехтардың ойынын «агрессивті» деп сипаттады.
- Олар кемінде бір команданы ұту керек еді, сондықтан стимул жоғары болды. Қайткенде де жеңуге тырысты, ойыннан кейін қуанғандарынан, жанкүйерлермен қарым-қатынасынан-ақ соны көруге болады. Олардың келесі кезеңге өту мүмкіндігі жоғары. Үшінші турда олар Польшамен кездеседі, ал Грекия топтан шыға алмайды. Олардың ойынға деген құлшынысы жоқ, - деп пайымдайды бапкер.
Жанарбек Әшімжан төреші өте қатал болды деп санайды.
- Бір ойында алты бірдей сары қағаз көрсетілді. Бірақ гректер тарапынан ойын қатқыл жүрді. Оларға психологиялық тұрғыдан қысым көп болды, екі бірдей гол жіберіп алды. Сол қателікті түзеймін деп жүріп, тіпті қызыл қағаз көрсететін әрекеттерге барды, - дейді ол.