Бұл – Еуропа чемпионатындағы алғашқы жарақат. Авраам Пападопулас Польшамен ойынның 37 минутында допқа талас кезінде сол аяғын қайырып алған еді. Медициналық тексерістен кейін «Олимпиакостың» 27 жастағы футболшысы алдағы ойындарға қатыса алмайтыны белгілі болды. Қазір ойыншы Грекиядағы емханалардың біріне жеткізілді.
Грекия құрамасы дәрігерлерінің айтуынша, Авраам Пападопулас енді жеті ай бойы алаңға шықпайды.
ЖАНКҮЙЕРЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ
Маусымның 8-і күні өткен Ресей мен Чехия арасындағы (4:1) ойында орыс және украин жанкүйерлері төбелес ұйымдастырды.
Львов қаласындағы стадионға жиналған фанаттар кездесуден кейін қақтығысқан. Gazeta.ru агенттігінің мәлімдеуінше, орыс және украин жанкүйерлері арасындағы төбелеске жиырма адам қатысқан. Қақтығысты құқық қорғау органының адамдары уақытында тоқтатып үлгерді. Украина құрамасының бір жанкүйері қамауға алынған.
Бұған қоса осы ойын кезінде орыс жанкүйерлері стадионда қызмет етіп тұрған стюардты сабап тастаған. Еріктілер орыс футбол фанаттарына пиротехникалық заттарды беруді талап етіп, оны стадион ішінде алып жүруге болмайтынын ескерткен. Бұл талапты тыңдағысы келмеген жанкүйерлер оларға қол жұмсаған.
Маусымның 8-і күні Украинаның кеденінен 3 мың 400 жанкүйер өтіп, көбісі Борисполь, Харьков және Львов қаласына барған.
Маусымның 9-ы күні Украинаға тағы 6 мың жанкүйер барады. Олардың көбі – Германия, Голландия және Польша құрамаларының фанаттары. «Сегодня» агенттігі елдің әуежайларына бір күннің ішінде 36 рейс қонады деген ақпарат таратты.
ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР
Еуропа чемпионатының ашылу салтанатына УЕФА президенті Мишель Платини, Украина президенті Виктор Янукович, Польша басшысы Бронислав Коморовский қатысты.
Маусымның 9-і күні өтетін Германия мен Португалия арасындағы ойынды неміс Бундестагының депутаты Карл-Георг Веллманн, Украинадағы Германия елшісі Ганс-Юрген Гаймзет, Украинадағы Португалия елшісі Марио Жезуш душ Сантуш те тамашалайды.