Accessibility links

Трамп пен Путин Гамбургте кездесті


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен АҚШ президенті Дональд Трамп. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен АҚШ президенті Дональд Трамп. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.

Гамбургте басталған «Үлкен жиырмалық» (G20) cаммиті кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет кездесті.

Кездесу қарсаңында журналистер алдында сөйлеген Дональд Трамп Владимир Путин екеуінің бұған дейін "әртүрлі мәселені талқылап келгенін" айтты. Бұл тақырыптағы әңгімелері жалғасатын айтқан Трамп "Ресей мен АҚШ үшін жағымды көп нәрсе болып жатқанын" сөз етті. Ол Путинмен тікелей кездескеніне разы екенін де білдірді.

Ал Ресей президенті Владимр Путин Трамп екеуінің бұған дейін бірнеше рет телефонмен сөйлескендерін еске алды. "Өзекті халықаралық мәселелерді шешу үшін жүзбе-жүз жолығу маңызды" екенін айтқан Путин де Трамппен жолыққанына ризашылық білдіріп, бұл кездесудің нәтижесі оң болар деген үмітін айтты.

Трамп пен Путин Гамбургте кездесті
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

Екі президенттің кездесуіне АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қатысады. Ол екеуі бұған дейін бір-бірімен жолыққан.

МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

Дональд Трамп пен Владимир Путиннің бұл алғашқы кездесуі - маңызды оқиға. Кешігіп басталған, 30 минутқа шақталған кездесуде Сириядағы соғыс, Украинадағы дағдарыс, Солтүстік Кореяның ядролық қарулануы, АҚШ сайлауына Ресейдің араласуы сияқты мәселелер айтылар деп болжайды.

Жуырда Трамптың ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастер журналистерге Трамп пен Путиннің кездесуінің «күн тәртібі алдын ала белгіленген жоқ», сондықтан президенттер «көңілі қалаған нәрселер жайлы» сөйлеседі деген. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров әңгіме «диалогты дұрыстау жолдарын іздеу жайлы болады» деп мәлімдеген.

Бейсенбі күні Польшаға сапары кезінде АҚШ президенті Ресейге қатысты бірнеше мәлімдеме жасаған. Ол АҚШ-тың Солтүстік Атланта келісімінің НАТО-ға мүше елдердің біріне жасалған шабуыл бүкіл одаққа жасалған шабуыл деп танылады деп көрсетілген 5-бабын орындауға әзір екенін растаған. Трамп бұған қоса Мәскеуді «Украинадағы жағдайды ушықтырып отырған әрекеттерін доғарып әрі Сирия мен Иран сияқты кез-келген қаскөй режимдерді қолдауды тоқтатып, ортақ жаумен күресуге және өркениетті қорғау жолында жауапты ұлттар қоғамдастығына қосылуға» үндеген. Кремль ол мәлімдемелерге қатысты мүлде комментарий берген жоқ.

Ақ үй Трамптың алдындағы президент Барак Обама тұсында Ресейге қатысты жүргізілген саясатын қазірге дейін қайта қараған жоқ.

2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін салынған санкциялар мен АҚШ барлау қызметінің «2016 жылғы сайлау науқанына Ресей белсенді араласқан» деген дерегіне орай салынған Кремльге санкциялар әлі күшінде. Бұл шаралар Нью-Йорк пен Мэриленд қалаларының сыртындағы ресейлік дипломатиялық резиденцияларды жабуды да қамтиды. АҚШ шенеуніктерінің мәлімдеуінше, ол саяжайлар ақпарат жинау үшін пайдаланылған болуы мүмкін. Мәскеу дипломатиялықсаяжайларды қайтарып беруді талай рет талап еткен.

АҚШ пен Ресей арасының шиеленісуі Сириядағы дағдарысты шешуде Вашингтон мен Мәскеу ортақ көзқарасы жоқтығынан да байқалады. Ресей Башар Асадтың режимін қолдайды, ал АҚШ пен өзге елдер бейбіт халықққа химиялық шабуыл жасағаны үшін Асадтың қарулы күштерін сынайды.

Халықаралық қатынастар кеңесінде Ресей мәселесімен айналысатын Стивен Блэнктің сөзінше, Трамптың ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша алғашқы кеңесшісі Майкл Флинн Ресей шенеуніктерімен қандай дәрежеде аралас-құралас болғанына қатысты Ақ үй өкілдерін шатастырғаннан кейін қызметінен кеткені де ықпал етеді. Ол АҚШ-тың бас прокуроры Джефф Сешнге қатысты әлгі себептер бойынша тергеу амалдары басталғаннан кейін Ресеймен байланысты жанжалдар да белгілі бір рөл ойнайды деп біледі.

Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі қалай өткені және онда не туралы айтылғаны екі тараптың толық ресми мәлімдемелері шыққан соң ғана белгілі болмақ.

«Үлкен жиырмалықтың» саммиті бүгін басталатынына қарамастан, Гамбурге кеше ауқымды шеру басталған. Наразылар полициямен қақтығысып, бірнеше көлік өртеніп, ондаған адам тұтқындалған. «G20: тозаққа қош келдіңіздер» ұранымен өткен шеруге жаһандануға қарсы қозғалыстың ондаған мың мүшесі қатысып жатыр.

ВИДЕО: Гамбургтегі қақтығыс

Майк Экель, Роберт Коалсон және Александра Вагнердің материалы ықшамдалып пайдаланылды.

XS
SM
MD
LG