Accessibility links

Ходорковский: Кешегі магнат - бүгінгі тұтқын

Кезінде "Ресейдегі ең бай адам" атанған Михаил Ходорковсийдің тұтқындалғанына 25 қазанда 10 жыл толды. ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы бас директоры мен оның серігі Платон Лебедев 2003 жылы "салық төлеуден жалтарды және алаяқтық жасады" деген айыппен тұтқындалған. Олар 2010 жылы "ақша ұрлау" айыбы бойынша қайтара сотталған. Ходорковский түрмеден 2014 жылы тамызда шығуы тиіс. Ресейде Ходорковскийге қарсы қылмыстық іс қозғалғанын оның Кремльмен келіспеуінен көреді.

XS
SM
MD
LG