Accessibility links

Қазақстан олимпиадаға әзірше 107 жолдама алды


Зульфия Чишанло (сол жақта) мен Светлана Подобедова Лондон олимпиадасына дайындық кезінде үзіліске шықты. Алматы, 29 наурыз 2012 жыл.
Зульфия Чишанло (сол жақта) мен Светлана Подобедова Лондон олимпиадасына дайындық кезінде үзіліске шықты. Алматы, 29 наурыз 2012 жыл.

Қазақстанның ұлттық штаттық командалар және спорт резерві комитеті "елдің Лондон олимпиадасына қатысуға иеленген жолдамасы 107-ге жетті" деп хабарлады. Олимпиаға баратын спортшылардың ішінде ең жасы – 17-дегі гимнастика шебері Мөлдір Әзімбай, үлкені – 42 жастағы мерген Ольга Довгун.

Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві комитетінің баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымовтың мәлімдеуінше, Қазақстан теннис, ашық суда жүзу, әйелдер боксынан алғаш рет олимпиадаға спортшы апарады.

– Теннистен әйелдер арасында әлемнің 55-ракеткасы Галина Воскобоева мен WTA рейтингінде 62-орында тұрған Ярослава Шведова, ерлер арасында Михаил Кукушкин Лондонға жолдама алды. Үш теннисшіміз жекелей жарысқа қатысады. Бұдан бөлек, Шведова мен Воскобоева екеуі жұптық бәсекенің де жүлдесіне таласады, – дейді комитет өкілі.

Ал ашық суда жүзу спортынан Лондонға Юрий Кудинов барады. Бұл спорт түрінен де Қазақстан бұрын-соңды олимпиада ойындарына қатыспаған. 32 жасар Кудинов Қазақстанға Ресейден 2010 жылы келген. Ол Ресей азаматы кезінде 10 және 25 шақырымға марафондық жүзуден әлем чемпилонатында бес рет жеңіске жеткен.

Әйелдер боксы биыл олимпиада ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет енгізіліп отыр. Қазақстандық екі боксшы – Саида Хасенова мен Марина Вольнова Лондон жолдамасын иеленді.

Қазақстан спортшылары арасында олимпиадаға ең көп жолдаманы жеңіл атлеттер
Олимпиадаға қатысатын балуан Алмас Кебіспаев (бері қарап жатқан спортшы) жаттығу кезінде. Алматы, 15 маусым. 2012 жыл.
Олимпиадаға қатысатын балуан Алмас Кебіспаев (бері қарап жатқан спортшы) жаттығу кезінде. Алматы, 15 маусым. 2012 жыл.
иеленді – олар 18 лицензия алды. Лондонға баратын атлеттер арасында апалы-сіңілілі Айман мен Шолпан Қожахметовалар бар. Ағайынды спортшылар 20 шақырымға спорттық жүріс бойынша қатысады.

Қазақстандық спортшылар Лондон олимпиадасына қазіргі бессайыс, триатлон, стенд ату, академиялық ескек есу, каноэ және байдарка есу сияқты спорт түрлері бойынша да қатысады.

Алдағы уақытта жеңіл атлетика мен жүзуден тағы да 10 астам жолдама алуға мүмкіндік бар. Бұл спорт түрлерінен іріктеу әлі аяқталған жоқ.

Қазақстан үстел теннисі, садақ ату, бадминтон, велотрек, ат спортынан лицензия ала алмады.

Қазақстандық спортшылардың Лондон олимпиадасына алған жолдамалары:


Спорт түрлері Жолдама саны
1 Ауыр атлетика 8
2 Байдарка және каноэ есу 4
3 Таэквондо 3
4 Велошоссе 2
5 Слалом есу 1
6 Спорттық гимнастика 2
7 Көркем гимнастика 1
8 Нысана көздеу 2
9 Стенд ату 1
10 Су добы 13
11 Бокс 9
12 Семсерлесу 3
13 Синхронды жүзу 2
14 Академиялық есу 2
15 Еркін күрес 7
16 Әйелдер күресі 3
17 Грек-рим күресі 5
18 Дзюдо (ерлер) 7
19 Дзюдо (әйелдер) 2
20 Әйелдер боксы 2
21 Қазіргі бессайыс 2
22 Ашық суда жүзу 1
23 Теннис 3
24 Жеңіл атлетика 18
25 Жүзу 4
Барлығы: 107 жолдама
XS
SM
MD
LG