Accessibility links

Бангкоктегі баррикадалар


Бангкоктегі баррикадалар
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:04 0:00

Таиландта үкіметке қарсылық танытушылар Бангкок орталығында баррикадалар орнатуға кірісті. Оппозиция жетекшісі Сутхеп Тхаксубан халықты қаңтардың 13-і күні «Бангкокті жабайық» деп аталатын жаппай наразылық акциясына қатысуға шақырды. Билік Бангкок көшесіне 18 мың адамнан тұратын полиция мен әскер күшін шығарды. Таиланд оппозициясы 2 ақпанға тағайындалған кезектен тыс сайлауға дейін қазіргі үкіметті биліктен кетіргісі келеді. Олар бұрмалаушылықтар болмас үшін, сайлауды уақытша үкімет құрылған соң ғана өткізген жөн деп санайды. Билік қарсыластары Ийнглак Чинават басқаратын үкіметті оның ағасы, қазір шетелде тұрып жатқан экс-премьер Таксин Чинават бақылайды деп айыптайды. Бангкокте үкімет қарсы наразылықтар басталған былтырғы қазан айынан бері 10 кісі мерт болып, 400-ге жуық адам жараланған. 13 қаңтар 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG