Табиғи апаттан аман қалғандар көбінесе өмір сүруге ең қажетті нәрсе – таза ауыз суға мұқтаж болады. 2004 жылы Үнді мұхитынан тараған цунами талқандап кеткен елдердің ахуалын көрген соң Австралия, Малайзия, Сингапур мен АҚШ ғалымдары ауыз суды тазартудың арзан әрі тиімді әдісін іздеген.
БАКТЕРИЯЛАРДЫ ТЕЗ ЖОЯДЫ
Ғалымдар күмістің нано бөлшектерімен байытылған кеуекті гель жасап шығарды. Ол лас суды өзіне сіңіріп, бірнеше секунд ішінде бактерияларды жояды, сәлден кейін сықсаңыз кеуектен таза су тамшылайды.
Сингапурдегі Наньян технологиялық университеті мембрана технологиясы орталығы профессоры Уильям Кранц – осы зерттеуге қатысқан ғалымдардың бірі. Ғалымдардың жаңалығы жуырда Environmental Science&Technology атты ғылыми журналда жарияланды.
– Бұл криогельдер бөлшектерді жою арқылы суды тазартып, оның түсін өзгертіп ғана қоймайды, ауру тудыратын микроорганизмдерді өте тез өлтіреді, – дейді Уильям Кранц.
Гель табиғи апаттан соң суда жиі кездесетін екі зиянды бактерия – ішек және сена таяқшасынан қорғай алады. Кеуекте 15 секунд тұрған судағы бактериялардың саны 100 мың – бір миллионға дейін азайды. Бактериялардың азаю қарқыны әдетте криогельдегі күміс нано бөлшектердің мөлшеріне байланысты болады.
Кранцтың айтуынша, «апатты жағдайға тап болған аймақтар үшін ауыз су тазартудың ең тиімді жолы – осы». Оның сөзінше, небәрі үш грамм гель жарты литр суды залалсыздандыра алады.
– Бұрыннан антибактериялық қасиетімен танымал күміс түйіршіктердің ауыз судағы мөлшері де қауіпсіз шамадан артпайды. Суды тазартып болған соң гель қайтадан бастапқы пішініне келеді, оны кем дегенде осылай 20 рет қолдануға болады, – дейді Уильям Кранц.
ВИДЕО: Су тазартатын криогель
БАҒАСЫ 50 ЦЕНТТЕН ҚЫМБАТ БОЛМАУЫ КЕРЕК
Миландағы Сан-Рафаэль ғылыми институтының жаңа бактериялық патогенді бірліктер бөлімінің жетекшісі доктор Даниэла Мария Чирилло апатты жағдайдан құтқару операцияларында гельдің көмегі орасан зор екенін айтады.
– Криогель мен кеуек қосындысының өте жоғары механикалық және су сіңіру қасиеті бар. Күмістің нано бөлшектерімен біріккенде төтенше жағдайда суды тазартуға мүмкіндік беретін құралға айналады, – дейді Даниэла Мария Чирилло.
Ғалымдардың айтуынша, су тазартатын кеуекті гель 50 центтен қымбат болмауы керек. Жедел жәрдем мен төтенше жағдай қызметкерлері оны суы ластанған апатты аймақтарға тез жеткізе алады.
Доктор Чирилло гельді апат болған жерлерге апарып сынау керек екенін ескертеді. Кранцтың айтуынша, зерттеушілер бұл жаңалықтарын Бирма (Мьянма), Индонезия және Таиландта тексеріп көрмек.
Антуан Блуаның мақаласын аударған – Динара Әлімжан.