Accessibility links

Сәбиге зар ерлер де емделе бастады


Бесікте жатқан бала. Душанбе, 4 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Бесікте жатқан бала. Душанбе, 4 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Тәжікстанда ерлі-зайыптылар бала сүйе алмаса, әдетте әйелді кінәлап, оның ақыры ажырасуға ұласып жататын. Бірақ тәжік дәрігері мұндай жағдайда ер адамда да кінәрат болатынын ескертеді.

Тәжік дәрігері Акбаршо Ахмедов балаға зар болып жүрген жас жұбайлар ертерек емделсе, бұл проблеманың алдын алуға болатынын айтады.

«ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ – БАСҚА ӘЙЕЛ АЛУ»

– Ел-жұрт, жора-жолдастарым барлығы да балалы болып жатты. Бірақ менің келіншегім бала көтере қоймады. Мұндай кезде дәстүр бойынша тәжік ер азаматтары үшін проблеманы шешудің жалғыз ғана жолы бар. Ол – басқа әйелге үйлену, – дейді 36 жастағы әскери офицер Шариф Халимов.

Ол «проблеманың шын себебін анықтау қиын болғанын» айтады. Алғаш дәрігердің «бала болмауына келіншегің емес, сен жауапты болуың мүмкін» деп, медициналық тексеруден өтуге кеңес бергені оның еркектік намысына тиген. Қазір Халимов дәрігердің кеңесіне құлақ асқанына дән риза. Медициналық емнің арқасында Халимов пен жұбайы балалы болды. Өздерінен туған Наргиз есімді бір жасар қыздары бар. Оған қоса Душанбедегі жетімдер үйінен Нафиса есімді бес жасар қызды да асырап алды.

– Бұл маңайда мен сияқты шыдамды адам жоқ шығар. Мен бармаған дәрігер қалмады. Тәуіптерге де қаралдым, Құдайға да құлшылық қып, дұға жасап, бала сұрадым, – дейді ол.

Халимов «адамның жігерін құм қылатын осы проблемаға кезіккенде жұмысыма байланысты үнемі көшіп жүретін әскери өмірім маған өте пайдалы болды» дейді. Әскери бөлімдегі бөлек тіршілік еткен жас жұбайлар туыстары мен көрші-қолаңнан аулақ кеткен. Осы оңаша өмір екі жастың дәстүрге қарамастан өз беттерінше әрекет етуіне көп көмек болған.

«ЗАЯ КЕТКЕН ЖЫЛДАРЫМА ӨКІНЕМІН»

Душанбе хайуанаттар бағының қызметкері, Зухрабану Имомова есімді әйел бала көтере алмағаны үшін бірінші некесі сәтсіз болғанын айтты. «Отбасылық өмірімің
Душанбедегі тәжік әйелдері мен балалары. (Көрнекі сурет).
Душанбедегі тәжік әйелдері мен балалары. (Көрнекі сурет).
соңғы бірнеше жылы нағыз тозақ болды» дейді Имомова. Себебі күйеуі мен қайын жұрты оны «бала таппадың» деп кінәлай берген.

– «Бала көтермеуімнің себебі күйеуімнен де болуы мүмкін-ау» деген ой бірде-бір адамның миына кіріп шықпады. Біз олай болады деп ойламаймыз ғой, – дейді Зухрабану Имомова.

Имомова өзінің бедеу екеніне әбден сеніп, көндіккен кезде күйеуі оны Кулябқа тастап кетіп, өзі басқа әйелге үйленген.

– Содан соң арада он жыл өткенде қайта тұрмысқа шығып, бірінші баламды былтыр ғана босандым, – дейді келіншек.

Имомова қазір «бала болмауына әйелдер ғана кінәлі» деген сеніммен талай жылы зая кеткеніне өкінеді.

«БАЛА БОЛМАСА, 50 ПАЙЫЗЫ ЕР АДАМҒА БАЙЛАНЫСТЫ»

Тәжікстанда бес отбасының біреуі бала сүйе алмайды. Бірақ дәстүрлі тәжік қоғамында ер адамның белсіздігі мәселесі ашық талқыланбайды. Мұндай проблемалардың соңы көбі ер адамның дәрігерге барып қаралуымен емес, ерлі-зайыптылардың ажырасуымен аяқталады.

Тәжік дәрігері Акбаршо Ахмедов осы жағдайды өзгерткісі келеді. Оның
Балаға вакцина салып жатыр. Душанбе, 14 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Балаға вакцина салып жатыр. Душанбе, 14 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Тәжікстандағы бала сүйе алмау мәселесі жайлы еңбегін елдегі осы саладағы алғашқы жұмыс деп бағалайды.

– Бала көтермеу проблемасының жартысына жуығына ер азаматтар жауапты. Көп балалы болуға тырысатын біздің қоғамда бұл жайттар ерлерге психологиялық тұрғыдан ауыр соққы боп тиеді. Ел-жұрт мұны намыс көреді. Ерлі-зайыптыларда бала болмаса, әдетте күйеулері «сен кінәлісің» деп, емделуге әйелдерін жібереді. Бірақ шындығында 50 пайыз жағдайда баланың болмауы ерлерге байланысты, – дейді дәрігер Ахмедов.

Оның айтуынша, ер адамның ұрығының аз болуы, ұрық құрамының бұзылуы, сперматозоидтың қозғалғыштық қасиетінің төмендігі көп жағдайда белсіздік проблемасын туғызады. Ахмедов сонымен қатар инфекцияның түсуі, бала кездегі аурулар, иммундік жүйе бұзылуы да белсіздікке ұрындыруы мүмкін» деп ескертеді. Көп жағдайда бұл проблеманы жұрттан жасырып, «денсаулығымды емдеп жатырмын» деген сылтаумен бүркемелеп, ерлерді тиісті дәрі-дәрмекпен емдеп, отбасын сақтап қалуға мүмкіндік бар.

– Менің төрт ер клиентімнің біреуі ғана белсіздіктен емделуге тырысады. Олардың кем дегенде екеуі осының кесірінен ажырасып үлгереді, – дейді дәрігері Акбаршо Ахмедов.

Дәрігер Ахмедовтің сөзіне қарағанда, тәжік ер азаматтарының белсіздікпен ашық күресуі жиілей бастаған. Ол орташа есеппен клиникаға ай сайын жүзге жуық ер азамат келіп қаралатынын айтты.

– Ер азаматтарға ең маңыздысы – осы проблемаға орай дәрігерге қаралғаны құпия болуы. Біз оларға дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынас құпия болатынын айтып сендіреміз, – дейді Ахмедов.

(Мақала Азаттық тілшілері Тохир Сафаров пен Фарангиз Наджибулланың материалдары негізінде жазылған).
XS
SM
MD
LG